Өзіндік жұмысқа арналған 1-тапсырма: 1. Педагогикададан алған білімдеріңізге сүйеніп «Ғылыми-
педагогикалық зерттеулердің логикасы» кестені толтырыңыздар. Зерттеу
амалдарының ретін түсіндіріңіздер.
2. Мектепке дейінгі педагогикадағы зерттеу әдістерінің
(педагогикалық эксперимент, байқау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу,
тестілеу, балалардың жұмыстарының нәтижелерін талдау, модельдеу,
тәуелсіз мінездемелер әдісі, математикалық әдістер және т.б.) мазмұны мен
ерекшеліктері жөнінде шағын хабарлама дайындаңыздар. Тапсырманы
орындау үшін төмендегі ұсынылған жоспарды пайдаланыңыздар.