Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет22/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60
Байланысты:
4 Құрастыру

2. Негізгі кезең. 
Педагог жұмсақ қол сүртетін қағаздарды алып, оны бірнеше 
бөліктерге бөледі. Қағазды бөліп алады, умаждап жаттығу жасап 
көрсетеді. Қағаздардың түсін балалармен бірге таңдайды, қағазды 
алақан арасына салып, умаждауды көрсетіп, түсіндіреді. Оның 
жұмсақ болуын, домалақ пішінге келтіруге болатынын көрсетеді. 
«Домалақ» жүзімдер дайын болған соң, оны алдарындағы жүзімнің 
суреті салынған қағазға орналастырады, жүзімнің сабағына
жапырақтарына назар аударады, оның әдемі болып жасалуына 
бағыт береді, басшылық жасайды. 
Педагог құрастыру барысында билингвальді компонент 
бойынша жүзім – виноград, жемістер –фрукты сөздерін 
пайдаланады.
Сергіту сәті
Алма баққа барамыз
Алма теріп аламыз. 
Ең үлкенін, дәмдісін,
Анамызға сыйлаймыз. 
Бірге қайталап айтады және қимыл- қозғалыспен көрсетеді.
Балалар қағаздарды бірнеше бөлікке бөліп алып, оны алақан 
арасына салып умаждайды. Дайын болған жүзімдерді белгіленген 
орындарға орналастырады. 
3. Рефлексия.
Балалардың жұмыстарына талдау жасалады, ең жақсы жұмыстар 
таңдалады. Балалар өздерінің жасаған жұмыстарын бағалайды. 
«Жемістер» дүкені ойынымен жалғасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет