17
177 жылы Мөде шаньюй көршілеріне қарсы әрекет жасамақ болды деген сылтаумен өзінің
батыстағы иеліктерінің билеушілерін юечжилерге қарсы жорыққа аттандырады. Ғұндардың
атты әскерлері Чжанье-Ганбчжоу ауданы маңында юечжилерді жеңіп, қалыптасып жатқан
бірлестігінің төңірегіндегі бірнеше иелікті бағындырады. Бұл жөнінде шаньюй былай дейді:
“Аспанның рахымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юечжилерді жойып,
жуасытты; семсердің ұшына іліп немесе бағындырып, өз билігін нығайтты. Лоулань, Үйсін,
Хуцзе және оларға шектес 36 иелік (князьдік) сюннулерге қаратылды. Олардың бәрі
сюннулердің армиясына кіріп, бір әулетке айналды”.
Ғұндар бірлестігіне шығу тегі әр түрлі тайпалар мен
этникалық-саяси құрылымдар
кірген. Конфедерацияның қоғамдық-саяси өміріне бір орталықтандырылған билікке
бағынғысы келмейтін күштер мен ұланғайыр аумақта орналасқан иеліктер арасында тығыз
саяси және экономикалық байланыстардың болмауы қатты әсер етті.
Б. з. д. I ғасырдың ортасында ғұн қоғамы өзінің вассалдық иеліктерінен айрылумен
қатар бұрынғы бірлестік құрамында болған ғұндар б.з.д. 55 жылы оңтүстік және солтүстік
болып екіге бөлінді. Оңтүстік бөлігін Хуханье шаньюй, солтүстік бөлігін Чжичжи шаньюй
басқарды. Оңтүстіктегілер Ордос аумағында мекендеп қалды да, солтүстіктегілер өз
тайпаларының қысымына шыдамай Саян мен Байкал өңіріне ығысып, яғни солтүстік пен
батысқа қарай қоныс аударды.
Б. з. д. 49 жылы Чжичжи Хань империясының боданына айналған оңтүстік ғұндардың
жерін басып алуға, сол арқылы бірлікті қайта орнатуға әрекет жасады. Бірақ оның бұл
әрекетінен нәтиже шықпады. Өз күші жетпеген соң үйсін күнбиінен көмек сұрайды, бірақ
үйсін күнбиі оған көмек беруден бас тартады. Осыдан кейін одақтассыз қалған солтүстік
ғұндар оңтүстік ғұндардың жерінен кетуге мәжбүр болады.
Солтүстік ғұндардың билеушісі Чжичжи шаньюй солтүстік-батыс Моңғолиядағы
Қырғыз-Нұр көліне таяу жерде өз ордасын орнатады. Осы арадан ол үйсіндердің
көрші
тайпаларына жорық жасап тұрады. Сөйтіп, б.з.д. І ғасырдың екінші жартысында Чжичжи
бастаған ғұндар Қазақстанның Жетісу аймағына алғаш рет көшіп келе бастады.
Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны б.з. 93 жылы басталады.
Олар Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып
енеді. Б.з. ІҮ ғасырында ғұндар Еуропаға дейін жетеді. Ғұндардың Батысқа жорығы
Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды. Олар Шығыс Рим
империясының жерлеріне шапқыншылықтар жасайды. Әсіресе, Ү ғ. басында Ругила
патшалық құрып тұрған кезде Рим мемлекетіне шабуылы күшейеді, Дунай жағалауындағы
римнің иеліктерін жаулап алады. Паннония (қазіргі Венгрия аумағы) жерінде жаңа мемлекет
– Батыс ғұн империясы құрылады. Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызады. 433
жылы Ругила қайтыс болғаннан кейін мемлекет билігі іс жүзінде Аттиланың (Еділ батыр)
қолына көшеді. Ол 453 жылы қайтыс болғанға дейін Еуропаның көптеген халықтарын өзіне
бағындырып, бүкіл Еуропаны дүр сілкіндірді. Бірақ Аттила
өлгеннен кейін Батыс ғұн
империясы ыдырап кетті.
Ғұндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарады. Жылқы өсіріп, ат
баптауды жетік меңгерген. Ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен
шұғылданғандары да болған. Дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Ғұндар өмірінде
аңшылық та үлкен орын алған. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болды.
Зергерлік өнердегі полихромдық стильді дүниеге әкелген. Көк тәңіріне табынып, ата-баба
рухына сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған.
Ғұндар қоғамында патриархалды-рулық қарым-қатынастар күшті болған.
Елді шексіз
билік иесі – шаньюй басқарған, оның жақын туыстары түменбасы лауазымын иеленді.
Деректер ғұндарда малға және жерге де жеке меншік болғанын білдіреді. Ер азаматтардың
барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғұн әскерінің негізін атты әскер құрады.
Ғұндар жауынгер халық еді. Олардың жауынгерлік құдіретінен сескенген қытайлықтар Ұлы
Қытай қорғанын салдырған. Сонымен, қорыта келгенде, ғұндар – бастапқы кезде Орталық
Азияда пайда болған ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Бұл