Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С


Қола дәуірі адамдарының діні мен өнері



Pdf көрінісі
бет6/76
Дата07.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#82796
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Қазақстан тарихы

Қола дәуірі адамдарының діні мен өнері.
Қола дәуірінің тайпалары табиғат 
күштеріне табынған. Жерленген адамның басы батысқа немесе оңтүстіқ-батысқа қаратылып, 
қол-аяғы бүгіп жатқызылған. Бұл жер-ана құшағына барған сәби қалпындағы адам түсінігін 
берген. Өлікті матаушы ажал құдайы Ямаға сыйынған. Ерте қола дәуірінде жерлеу салтында 
кремация, яғни мәйітті өртеу басым болған. Бұдан андроновтықтардың отқа табынғанын 
байқаймыз. Кейінгі қола дәуірінде жерлеудің кесенемен бірге өртеу түрі болған. Үй 
құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Құрбандыққа сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан 
шалынған. Сүт ішіліп, ет желініп болғасын, құмыралар мен сүйектер болашақ үйдің 
ошағының басына, оның табалдырығының астына көмілген. Үйдің ошағы отбасының киелі 
орны есебінде қатты құрметтелген. От пен күлге байланысты жөн-жоралғылардың бәрі 
құдайдың рақым-шапағатымен денсаулық, отбасының амандығын, құт-береке болса деген 
тілекпен жасалған. Мәйітті көкке әкететін от құдайы – Агнияға арнап құрбандыққа ешкі 
сойған. Қола дәуірінің соңына қарай күнге, айға және жұлдыздарға табынған. Ата-баба 
аруағына сиыну және о дүниеге сену кең тарады.
Қола дәуірінің жартастар бетіне салынған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар, 
ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас сынықтарымен жануарлар
Күн бейнелі адамдар суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Бұл – адамның 
рухани мәдениеті және оның дүниетанымы жөніндегі аса бағалы хабарлар бастауы болып 
табылады. Қазақстан – жартастағы суреттер-петроглифтердің саны мен әралуандығы 
жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі. Осындай суреттер көп табылған Таңбалы, 
Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, Бөкентау аймақтары дүниежүзілік мәдениеттің 
қорына қосылады. Қола дәуірінің адамдары ойлаудың мифологиялық сатысында болған. 
Жартастардағы салынған суреттер – андроновшылардың өздерін қоршаған дүние жайлы 
түсініктерінің көрінісі еді. Суреттерде жиі кездесетін бейне – мүйізін алға кезеп, шоқтығы 
күдірейіп, алып денесі шиыршық атып, аяқтарымен жер тіреп тұрған турдың – жабайы 
бұқаның суреті. Әлемді жарату жөніндегі мифтерде дүние – Күн құдайы Митра құрбандыққа 
шалған бұқаның мүшелерінен жасалған делінеді. Сонда Митра бұқамен қатар қойылып, 
бірдей саналады. Ешкіөлмес тауындағы суреттердің бірінде Митра, басы күн шұғыласымен 
қоршаулы адам бейнелес секілденіп, бұқа үстінде түрегеп тұрған күйде бейнеленген. 
Бірқатар киелі орындарда ертедегі адамдардың басы күн шұғылалы Митраға тағзым етіп, 
табынып жатқан кездегі көрінісі салынған. Таңбалы шатқалында күн басты бір кісінің 
маңында айнала билеп жүрген кішкентай адамдар, парласып және жеке өзі билеп жүрген 
адамдар бейнеленген. Бұқа бейнесі молшылық, құдіреттілік пен күшті білдіреді. Жартас 
көркем өнеріндегі жиі кездесетін суреттердің бірі – қос өркешті бактриян түйесінің бейнесі. 
Ол ирандықтарда күн күркіреу құдайы – Веретрагна, үнділіктерде – Индра бейнесі болып 
есептеледі. Қола дәуірі петроглифтерінің арасында соғыс арбасын бейнелеу де кеңінен 
тараған. Қаратау тастарындағы суреттерде соғыс арбасы 49 жерде кездеседі, олар Таңбалыда 
да, Ешкіөлместе де бар. Олардың көпшілігінде екі доңғалақты аңшы және соғыс арбалары 
бейнеленген. Ат пен арба жайлы ирандықтар арасында көктегі күн күймесі жөнінде әпсана-
аңыз бар. Олар жоғарғы құдайлардың бәрі аспанда пырақ жегілген күймелермен заулап 
жүреді деп есептеген. Тастағы суреттердің ішінде жер жырту көріністері де кездесіп қалады, 
оларда соқаға жегілген бұқалар, аттар мен ешкілер бейнеленеді. Соқа басында адам болады. 
Бұл көріністер жаңа жылды мейрамдауға, күн мен түннің теңелуі, табиғаттың жаңару 
мейрамына, құнарлылыққа байланысты болса керек. Бұл мерекенің ең бір маңызды бөлегі – 
түрен тарту болып табылады. Бірінші түрен тарту құқы, яғни алғашқы соқа салу құрметі 
патшаға берілген. 


13 
Қола дәуірі мәдениетінің гүлденуі Жерорта теңізі және Кіші Азия мәдениеті мен 
экономикалық қатынастың нәтижесі болды.
Сонымен, қорыта келгенде, Қазақстандағы қола дәуірінің өзіндік мәдениеттері 
болғандығын, олар өз ерекшеліктерін сақтай отырып, Қазақстан аумағында таралып, белгілі-
бір даму сатыларынан өткенін байқаймыз. Осы дәуірде аридтық табиғи-географиялық 
жағдай көшпелі тұрмыс пен көшпелі мал шаруашылығына өтуге өз әсерін тигізді.
2-тақырып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет