дейтін пасық пейілдің парқына жетпей, діни шарттарға келгенде табанымыздың жиі таятыны
жасырын емес. Ендеше, осындай келеңсіздіктерден аулақ жүруге үндейтін, ұлттық нақышы
айқын, дəйекті еңбектердің кешенді түрде кеңінен насихатталуы Ислам дінінің өркендеуіне
қосылған үлес деп білеміз.
Бұл еңбек тікелей Аллаһ тағала мен пайғамбарымыз Мұхаммед
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
тарапынан жеткізілген тыйымдар мен əмірлерден құралған. Аллаһ пен елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
айқындаған заңдар жүйесі кісі ақысының ауқымын құрайды. Мүминге тəн жауапкершілік пен
өмір сүргісі келетін əркімнің бұл құқықтарға мұқияттылық танытқаны абзал.
Қысқасы,
қазынасын
ішіне
бүккен
Құран
қағидаларымен
басталып,
ізгіліктің,
мейірімділіктің, ибалықтың туын желбіретуді көксеген бұл еңбек қалың оқырман қауымның
көңілінен шығады деген үміттеміз.
Ұяттың иман қабы дер,
Имандыда ұят бар.
Көпшілікке жаққан жан,
Басына жаққан шырақ бар.
Фəни тұрмақ бақида,
Міне-тұғын пырақ бар.
Ешкімнің хақын жемеңдер,
Артында оның сұрақ бар.
Қабан жырау (1733-1824)
Достарыңызбен бөлісу: