Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет8/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

1. Өмір сүру құқығы
Адам үшін ең басты құндылық оның өмірі. Адам өміріне қол сұғу дінімізде үлкен күнə
саналады. Құран кəрім: 
«Кім бір мүминді əдейі өлтірсе, оның жазасы мəңгілік тозақ.
Сондай-ақ, оған Аллаһтың ашуы тиіп, зор азап əзірленген»
, – дейді («Ниса» сүресі, 93-аят).
Демек, адамның адамды өлтіруге қақысы жоқ. Жəне адам өзін-өзі өлімге қиюға да қақылы емес.
Жанды берген Аллаһ тағала жанды қашан алуды да Өзі біледі. Осы туралы тағы бір аят былай
дейді: 
«Кімде-кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бұзақылық жасамаған жазықсыз
адамды өлтірсе, күллі адамзаттың қанын төккендей болады. Сондай-ақ кім бір адамды
өлім аузынан аман алып қалса, бүкіл адамзатты өлімнен құтқарғандай болады»
(«Мəида»
сүресі, 32-аят). Адам өлтірудің айуандық, тағылық екенін осыдан білеміз. Ал, күнделікті
өмірімізде көріп жүрген бейкүнə сəбиді құрсағында тұншықтырудың, яғни жасанды түсік
жасатудың зауалын бағамдауды өздеріңізге қалдырдық.
Тек кісі өлтіруді ғана емес, Ислам діні адамға қару кезеуді де дұрыс деп таппайды. Əбу
Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
былай деген: 
«Сендердің
біреуің суық қаруын дін бауырына кеземесін. Өйткені, ол шайтанның қаруды қолынан шығарып
жіберейін деп, аңдып тұрғанын білмейді. Сол себепті, жаһаннамның шұңқырына бір-ақ
түседі»
[10]
.
Хадистің басқа бір нұсқасында былай делінген: 
«Кімде-кім бауырына, ол бірге туған
бауыры болса да қарулық темір кезесе, қолынан оны түсіргенше періштелер лағынет
айтады»
[11]
.


Мұсылманның мұсылмандағы ақыларының бірі соғыс кезінде оған жақтасып жауына
тойтарыс беру
[12]
. Мүминді ойнап болса да қорқытуға тыйым салынған. Ойынның арты неге
апарып соғарын жоғарыда хадистен көрдік. Сондықтан, ойнап болса да адамға қару кезеуге
болмайды. Жазым деген нəрсе барын ұмытпаған жөн.
Мұсылмандармен бейбіт күн кешкен басқа дін өкілдерінің өміріне де қол сұғуға
болмайды
[13]
. Ал, соғыс өрті тұтанған кезде əйелдер мен балаларды, діни қызметкерлерді,
бейбіт тұрғындарды, тіпті жаудың майдан даласын тастап қашқан сарбазы мен жаралылардың
өміріне қауіп туындатуға болмайтыны да кей жерлерде жазылған
[14]
. Сондай-ақ, адамның өз
өміріне де құрметпен қарауға тиіс екені, өз-өзіне қол жұмсауға тыйым салынғаны да көпшілік
білетін дүние. Арнайы тапсырылған кісі өлтіруді кəсіп қылу, қарақшылық топ ұйымдастырудың
харам екені айтпаса да түсінікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет