І БӨЛІМ ҚҰҚЫҚ ТҮРЛЕРІ Кісі ақысының Ислам дініндегі орны Исламда адам құқықтарына баса мəн берілген жəне адам құқықтарының сақталуына
барынша жағдай жасалған. Аллаһ тағала Құран кəрімде былай дейді:
«Бір-біріңнің малыңды нақақтан-нақақ жемеңдер. Сондай-ақ, адамдардың малының бір бөлігін негізсіз жейтіндеріңді біле тұра, билерге пара беруге тырыспаңдар» («Бақара» сүресі, 188-аят).
Келесі бір аятта:
«Уа, мүминдер, күмəнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмəнның кейбірі күнə. Бір-біріңнің жасырғаныңды жария етпеңдер, біреуді біреу ғайбаттамасын. Өлген туыстарыңның етін жегенді қалайсыңдар ма? Əрине, оны жек көресіңдер. Расында Аллаһ тəубені қабыл етуші, ерекше мейірімді» , – делінген («Хужурат» сүресі, 12-аят).
Қалай болғанда да адамдардың құқығын аяқ асты етіп, оларды жəбірлегендер қиянатшылдар
санатына жатқызылған. Құран кəрімнің көптеген аяттарында мұндай кесапаттардан
сақтандырып, оларды жан түршігерлік азап күтетінін жеткізген: