Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет5/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

«Шынында адамдарға
əділетсіздік қылып жер жүзінде кесірлігімен шектен шыққандарға жауапқа тартылуы
лайық. Міне, солар үшін жан түршігерлік азап бар»
(«Шура» сүресі, 42-аят),
«Қиянатшылдардың орны қандай нашар!»
(«Əли Имран» сүресі; 151-аят), 
«Сондай-ақ
залымдар үшін жəрдемші жоқ»
(«Мəида» сүресі, 72-аят), 
«Естеріңде болсын! Аллаһтың
қарғысы залымдарға төнеді»
(«Худ» сүресі, 18-аят).
Пайғамбарымыз Мұхаммед
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
те бұл туралы: 
«Бір-біріңді күндемеңдер,


алушыларды дауластырмаңдар, бір-біріңді жек көріп алакөзденіп сырт айналмаңдар. Біреудің
саудасының үстіне сауда жасап бұзбаңдар. Дін жолында тату-тəтті бауыр болыңдар.
Мұсылман мұсылманға бауыр. Кісі бауырына қиянат жасамайды, жек көрмейді, қажет болған
жағдайда қол ұшын береді жəне оны кемсітіп қорламайды»
, – дей отырып, үш қайтара жүрегін
нұсқап: «Тақуалық міне, мұнда. Кісіге мұсылман бауырын кемсіткені күнə ретінде жеткілікті.
Мұсылман үшін əрбір мұсылманның қаны, малы жəне ары харам жəне қасиетті аманат
іспетті»
[1]
, – деген еді..
«Мұсылманның мұсылман бауырына жасар бес түрлі ізет-міндеті бар. Олар:
амандасқанда сəлемін алу, түшкіргенде Аллаһ тағаланың рақымын тілеу, шақырғанда бару,
науқастанғанда көңіл-күйін сұрау жəне жаназасына қатысу»
[2]
.
Əбу Хұрайрадан жеткен риуаятта Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)

«Мүфлистің кім екенін
білесіңдер ме?»
– деп сұраған екен. Сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі, ол бар дүние-мүлкінен
айрылған пенде ғой», – деген кезде, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)

«Үмбетімнің
арасындағы ең пақырының кім екенін айтайын, ол қиямет күні намазы, оразасы жəне
зекетімен қоса ананы тілдегені, мынаған жала жапқаны, біреудің малын жегені, біреудің
қанын мойнына жүктегені, біреуді ұрып-соққаны тағы бар, көп-көп күнə арқалап келген адам.
Сонда ол істегенін мойнымен көтереді, сауаптары зардап шеккендерге таратылады. Ал
сауабы жетпесе, əлгілердің күнəларын арқалап тозаққа лақтырылатын болады»
[3]
, – деген.
Тағы бірде: 
«Қиямет күні кісі ақысы өз иелеріне қайтарылады. Керек десең, сүзеген қойдан
мүйізі жоқ тоқал қойдың есесі алынады»
[4]
, – деп ескертті.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
дүниеден озарының алдында мешітке келіп сахабаларын
жинап, бұйымтайын айтты: «Уа, ағайын! Мен енді орталарыңда көп жүрмеймін. Мінекей, кімге
қолым тиген болса, арқам дайын, келсін де мені қамшымен ұрсын. Кімнің мал-мүлкін жеген
болсам, келсін де менен қарымтасын алсын. Кімнің арына, абыройына тіл тигізсем, келсін де
мені тілдеп өшін алсын. Мен дұшпандық қылады-ау деп тартынбасын. Əсілі, мен үшін осы
күндердегі құрметті адам менен ақысын талап еткен, не болмаса, мені кешірген кісі болмақ.
Сонда көңілім тыныш, алаңсыз Раббымның құзырына баратын боламын».
Тыңдап тұрғандардың біреуі: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сенде үш дирхам алашағым бар еді», –
дегенде, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
оған не үшін қарыз болғанын сұрайды. Əлгі кісі:
«Есіңде жоқ па, бір қайыршыға сен «бер» деген соң үш дирхам беріп едім ғой», – деді. Аллаһ
елшісі немере інісі Фазылдан əлгі адамға үш дирхамды қайтаруын сұрады. Фазыл ақшаны
төледі
[5]
. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу 
алəйһи 
уə 
сəллəм) 
кісі ақысына деген ұқыптылығын осылай
көрсеткен.
Үмбетіне əрдайым тура жолды сілтеген Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Əсілі, мен үшін
құрметті кісі мендегі ақысын талап еткен, не болмаса кешірген адам болмақ»
, – дей отырып,
бізге сүйіспеншіліктің сарабдал сырын ашады. Олай болса, ешкім де жақсы көрген адамнан ақы
даулағаным жарамас деп ойламауға тиіс. Ана дүниеде кісі ақысына еш бей-жай қалмайтын
Құдірет иесінің барын ұмытпай, нақ жаны ашыса жақсы көрген адамынан ақысын тіршілікте
сұрағаны абзал. Əйтпесе, ақырет күні сол жақсы көрген адамын өзіне кіріптар қылары анық.
Ақысын сұрағанның еш айыбы жоқ, ақысын даулағандарды айыптаудың да жөні жоқ. Азын-
аулақ өткенін сұрағанды «Қарашы, болмашы тиын-тебенді ұмытпайды екен» деп кемсітпеу
керек. Өйткені, кісі ақысы қашан да ақы болып қала береді, оның азы-көбі, үлкені-кішісі
болмайды.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
бірде жейдесінен күлімсі иіс шыққан Сəуад есімді
біреуді таяғымен түртіп, үстіндегіні шешуді сұрағаны бар еді. Ол бұған шамданып есе қайтармақ


болады. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
да сөзге келмей оған жонын тосқан. Мінекей,
болмашы жайттың өзінде үлгі-өнеге көрсетуден жалықпаған Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə
сəллəм) 
іс-əрекеті біз үшін қараңғы түнде адастырмай жол бастар темірқазық секілді.
Көріп отырғанымыздай, Аллаһ елшісі
(саллаллаһу 
алəйһи 
уə 
сəллəм) 
кісі ақысына асқан
ыждағаттылықпен қараған. Көпшіліктің мазасын алатын болмашы нəрсеге мəн беріп, үмбетін
əбігерлікке салатын жайттардың алдын алған. Ол тіпті көпшілік ортасына сарымсақ, пияз жеп
шықпауды да талап етіп, жамағатқа қолайсыздық тудыруға тыйым салған.
Бір хадисте: 
«Аллаһ ақысы ретінде махшар алаңында əуелі намаз сұралатын болады. Кісі
ақысы ретінде əуелгі сұрақ қан төккен адамға қойылады»
, – делінген. Бұл хадистен кісі ақысын
бұзушылықтың ең үлкені адам өлтіру, мұның Аллаһтың назарында аса ауыр қылмыс екенін
аңғарамыз.
Əбу Қатаданың (р.а.) риуаятында Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
сахабаларға ең игі
жақсылықтың Аллаһ жолында күресу мен иман ету екенін айтады. Сонда біреу тұрып: «Уа,
Расулаллаһ, Аллаһ жолында соғысып жүріп өлсем, күнəларым кешіріле ме?» – деп сұрайды.
Расулаллаһ
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Майдан даласынан қашпай, сауабын бір Аллаһтан күтіп, қолың
дұшпанның жағасында жүріп өлсең, Аллаһ кісі ақысы мен қарыздарыңнан басқа бүкіл
күнəларыңды кешіреді. Мұны маған Жəбірейіл айтты»
[6]
, – деп жауап қатады.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
қажылық жасаушылар үшін 
«Кімде-кім Аллаһ үшін
қажылық жасап, бейəдеп сөз бен оспадар қылықтан, Аллаһқа асылық етуден сақтанса, құдды
анасынан туғандай пəк болып қажылықтан оралады»
деген
[7]
. Ғалымдарымыз бұл хадиске
«кісі ақысынан басқа» деген сілтемені қосуды ұмытпаған. Қажылықтың бір əдебі ретінде
«сапарға шықпас бұрын кісі ақысынан арылып, кешірім алу» саналған. Қажылыққа аттанардан
бұрын адамдардың ағайын-туыс, көрші-қолаңмен бақұлдасып жататыны содан болса керек.
Ислам ғалымдары жасалған күнəнің Аллаһқа асылық болып, кісі ақысына қатысы жоқ
болса, мұндай күнəдан тəубеге келудің үш шарты барын айтқан. Олар:
1) Күнəнің зардабын жою;
2) Күнəні жасағанына пұшайман болу;
3) Күнəға қайта беттемеуге бекіну.
Ал жасалған күнə кісі ақысына қатысы болса, оны жоюдың шарты төртеу болмақ. Бұлардың
үшеуі жоғарыда келтірілгендер болса, төртіншісі – кісі ақысынан арылу. Бұл күнə дүние-мүлікке
қатысты өрбісе, тəубе еткен кісі келтірілген материалдық зиянның орнын толтырады. Адамға
зина жасады деп жала жапқан болса, кесімді жазасын өтейді. Əлдекімді ғайбаттаған болса, ол
кісіден кешірім сұрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет