Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет46/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

ә) Әңгімелесу, сұхбат ақысы
«Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс. Оның қадірін жетесіз адам білмес» деп Абай
атамыз айтпақшы, сұхбат пен əңгіменің де өз өлшемі мен əдебі барын ескерген жөн. Құранда
Аллаһ тағала: 
«Шын мəнінде жасырын жиналыс мүминдерді кейіту үшін жасалған шайтан
ісі...»
(«Мужəдəлə» сүресі, 10-аят) – десе, тақырыпқа қатысты хадисте: 
«Үш кісі бас қосқанда
екеуі өзара күбірлесіп үшіншісін ыңғайсыз жағдайға қалдырмасын»
делінген
[94]
. Рас, мұндай
жағдайда шетке шығып қалған үшінші адам ыңғайсызданып, əлгі екеуіне реніш білдіруі де
мүмкін.
Үш кісі қатар отырғанда, екі адамның өзара үшінші адам білмейтін тілде сөйлесуі де
орынды іс емес. Ал, кісі қарасы үштен көп болған жағдайда екеуара сыбырласуға тыйым
салынбаған.
Хадистерде Аллаһтың сүйген құлдарымен бірге болу, олармен көбірек əңгімелесу туралы
жиі айтылады. 
«Бір адам сырқаттың көңілін сұрай барса, не болмаса Аллаһ үшін жақсы көрген
адамына кіріп шықса, оған бір періште: «Жарайсың! Жақсы сапар шектің. Өзіңе жұмақтан
орын дайындадың», – деп айтады»
[95]
, – делінген. Хадисте кісімен араласудың астарында
Аллаһ разылығы көзделсе, періштелердің мақтауына ие болатыны айтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет