Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


малдарында сұрағанның да, сұрамағанның да үлесі бар»



Pdf көрінісі
бет48/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

малдарында сұрағанның да, сұрамағанның да үлесі бар»
(«Зарият» сүресі, 19-аят) деп, мұны
тайға таңба басқандай көрсеткен. Зекет пен садақа адамдардың бір-біріне материалдық көмек
көрсетуінің таптырмас жүйесі.
Зекет араб тілінде «тазару», «көбею» сөздерімен мағыналас келеді. Бұл ғибадаттың қасиеті
сонда, байдың мал-мүлкіне береке əкеліп, кедейді қос өкпеден алған жоқтықтан құтқарады
жəне басқа да көптеген келелі мəселелердің шешуін табады. Ислам құқық ғалымдары нисап
мөлшерінде мал-мүлкі болғандар жыл бітпей зекетін беруі қажет дейді бір ауыздан. Өйткені,
бұл жерде де кісі ақысы бар. Зекет өтеуді себепсіз кейінге қалдыруға, кешіктіруге болмайды.
Ханафи мəзһабынан басқа қалған үш мəзһаб та осы көзқараста.
Берілген зекет пен пітір кедейлердің қажеттіліктерін өтеуге жетпесе, байлардың тағы да
нəпіл садақа бергені жөн. Ақырет азығы ешкімге аздық етпейді. Үйіне дүкеннен бірдеңе алып
келе жатқан адам мұндайды алуға əл-ауқаты жетпейтін адамдарды көрсе, оларға дəм татыруы
керек. Егер өзгеге ұсынуға жетпестей аз көлемде немесе өз жағдайы да мəз емес кісі болса,
дүкеннен алған асын көпшілікке көрсетпей əкелгені дұрыс. Құрбан айтта сойылған малдың еті


əуелі кедей-кепшікке таратылады. Осы орайда:
Көңілді шын ниетпен қойсаң аққа,
Тура жол, түзу бастар оңған жаққа.
Біреуді бай, біреуді жарлы қылған,
Пендесін əр күйменен сынамаққа.
Бай-кедей – бəрі бірдей Құдайға құл,
Біреуді кем қып қойған, біреуді мол.
«Бай кедейге ауыссын, қарассын» деп,
Шеберлікпен жаратқан құдіреті сол! – деген Мəшһүр Жүсіп бабамыздың өлеңінде ақиқат
жатқаны анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет