«Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын балағаттамаңдар. Əйтпесе, олар да білмей Аллаһқа тіл тигізеді» , – деген («Əнғам» сүресі, 108-аят).
Мұсылман адам ел ішіндегі бөгде дін өкілдеріне тілімен де, қолымен де қиянат жасамайды,
дүниесіне қол сұқпайды, оларды балағаттамайды. Өйткені, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Мен мұсылман елінің шаңырағы астында бейбіт күн кешкен өзге діндегілерге жəбір көрсеткеннің дұшпанымын» , – деген. Мұсылман діні тек қана бейбітшілікке негізделген.
Құранның «Ниса» сүресінің 136-аятын тəпсір жасағанда, Құртуби жəне басқа да тəпсір
ғалымдары аяттағы «бөгде көрші» сөзін діні бөлек көршілер деп түсіндірген
[97]
.
Құрандағы