Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


«Уа, халқым, Аллаһтың шақырушысын қабылдаңдар жəне Аллаһқа иман



Pdf көрінісі
бет51/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

«Уа, халқым, Аллаһтың шақырушысын қабылдаңдар жəне Аллаһқа иман
келтіріңдер. Сонда күнəларыңды жарылқап, күйзелтуші азаптан қорғайды» 
(«Ахқаф»
сүресі, 31-аят) деген аятын түсіндіргенде ғалымдар «күнəларды жарылқап» деген жолдар
арқылы тек Аллаһтың ақысы туралы сөз болғанын меңзейді. Өйткені, адамның мойнындағы кісі
ақысы тек иман келтірумен кешіріле салмайды. Рас, өзге діндегі адам қан төгіп, қарақшылық
жасап, кейін мұсылмандыққа өткен болса, барлық күнəсі жуылады. Дегенмен, ол кезінде


əлдекімнен аманат немесе қарыз алған болса, Исламға кіргеннен кейін қарызын қайтармай
қоюға құқығы жоқ. Мұсылман еместер өзара мəміле жасағанда мəміле талаптары олардың
біреуінің Исламға кіруімен өзгермейді. Əу бастағы келісім сақталады
[98]
.
Кісі ақысының кешірілуі үшін тек Аллаһтан ғана кешірім сұралмайды, ақы иесінің де
разылығын алу керек.
Ей, билер, еш білмейсің өлеріңді,
Харам іске жұмсайсың өнеріңді.
Зар жылатып момынның жейсің малын,
Иманыңнан білмейсің төлеріңді.
Қорықсаң би, кедейден жеме пара,
Ақыретте екеу жоқ, жүрер дара.
Қызығына жалғанның алданам деп,
Қияметте болмаңыз жүзіқара.
Құлтума Сармұратұлы (1840-1915)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет