қатысты өрбиді. Жолай əңгіме-дүкен құрып отырғандарды көрген Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə
сəллəм)
бұдан тыюдың амалын ойлап, жол бойына жайғасып отырып əңгіменің көрігін қыздырғысы
келгендерге: «Олай болса, жолдың ақысын беріңдер» деп ескерткен.
Жолдың ақысы не екенін
сұраған сахабаларға
:
«Көзді харамнан сақтау, халыққа жəбір-жапа шектірмеу, сəлем бергенге
жауап қату, жақсылыққа шақырып жамандықтан тыю, жөн сұрағанға жол көрсету, жəбір
көргенге болысу»
деп жауап берген екен
[99]
.
Көзді харамнан сақтау көңілдің байыптылығын да сақтайды. Жолшыбай өткен-кеткен əйел
затына тесіле қарау отбасындағы, ел ішіндегі бүлінушілікті, іріткіні тудырады. Төмен етектінің
түр-тұлғасына сұқтана назар салу ойды сан-саққа жүгіртетіндіктен дана халқымыз «Көз сүзген
көрінгенге көңіл – арсыз» деп тыйым салады. Жүргіншіге, жолаушыға жəбір
көрсетпе деген
хадис сөзі оларды жолдан бөгеу, ғайбаттау, тілдеу секілді жағымсыз қылықтардан аулақ болуды
меңзеген. Демек, жолшыбай өткен жолаушыларға назар салу дінімізде тыйым салынған құқық
бұзушылықтың бір түрі.
Осындай жағымсыз жайттың
бірі жол бойында тауарын жайып, заңсыз сауда жасап
жүргендер. Көше қапталдарын жайма базарға айналдырғандар жүргіншілер
жолын кес-кестеп,
оларды автокөлік жолдарымен, тротуар жиегімен жүруге итермелейді.
Қара базарды жан бағу,
«қара қазан, сары баланың қамы үшін» десек те,
ақтап аларлық, құптай қоярлық мəселе емес.
Өйткені, бұл саудагерлер салықтан жалтарғандарымен қоймай көпшіліктің жолда жүріп-
тұруына да қиындық туғызады.
Жол ақысы туралы сөз қозғалған басқа да хадистерде жол жүруге бөгет болған нəрселерді
шетке ысыру, жол бойын,
демалатын орындарды ластамау, зəр сындырып былғамау,
қоғамдық
көпшілік орындарда шамадан тыс отырмау секілді мəселелер айтылады.
Ауаны, суды, жердің топырақ қабатын зиянды қалдықтармен ластаумен қатар жерге түкіру,
темекі тұқылы, шекілдеуік қабығы секілді тұрмыстық қалдықтарды тастау да тұрпайы,
жағымсыз қылықтар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: