7. Жетімнің ақысы
Дініміз жетімнің көз жасына қалған адамның о дүниеде отпен жазаланатынын, жетімнің
малы мен шаруасын оның өз қолы өз аузына жеткенше қараудың адамгершілік екенін
[91]
ескертіп, жетім ақысының аяққа тапталмауына үлкен мəн берген.
Құран кəрім бұл тақырыпта былай дейді:
«Жетімдердің малдарын беріңдер, жаманды жақсымен алмастырмаңдар. Олардың
малдарын өз малдарыңа қосып жемеңдер. Өйткені, ол
–
күнə»
(«Ниса» сүресі, 2-аят).
«Жетімнің малын əділетсіздікпен жегендер қарындарын отпен толтырады. Олар
сөзсіз жалындаған тозаққа кіреді»
(«Ниса» сүресі, 10-аят).
«Жетімнің мал-мүлкіне балиғат шағына толғанға дейін (сақтау немесе көбейту
сияқты) жақсы жолмен (түзу ниетпен) болмаса, жоламаңдар»
(«Əнғам» сүресі, 152-аят).
Жетімдерді жеткізу, тəрбиелеп өсіру, қамқор болу турасында Құран кəрім былай деген:
Достарыңызбен бөлісу: |