Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


а) Расында, ұстаз ақысына құрмет – шәкіртке сын



Pdf көрінісі
бет41/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

а) Расында, ұстаз ақысына құрмет – шәкіртке сын.
Ежелгі Үндістанның əдептілік кодексі − «Ману баптарында»: «Шəкірт өзінің ұстазына
төсекте жатып, тамақ ішіп отырып немесе одан алыста тұрып яки жүзін басқа жаққа бұрып
жауап бермеуі, əңгімелеспеуі тиіс. Егер ұстаз түрегеліп тұрса, ол да тік тұрып, иба білдіруге
тиіс»
[89]
, – деуі ой саларлық.
Ертеректе мұсылман əлемінде ғалымдарға, ұстазға деген сый-құрмет жоғары болған. Ұзақ
жыл білім жинаудың, білгенін басқаларға үйретудің, кітап жазу секілді оқу-ағарту ісімен
айналысудың беделі биік тұрған. Өйткені ұстаздар бұл іске сауап тұрғысынан көбірек мəн беріп,
қоғам тəрбиесіне өздерінің жауапты екенін терең сезінген. Пəнді үйретумен ғана шектелмей,
шəкірттеріне өмірлік дұрыс ақыл-кеңес беріп, адамгершілік пен имандылыққа қатар баулыған,
жүріс-тұрыс, мінезімен жақсы үлгі-өнеге көрсеткен. Қажет кезінде шəкіртінің дəрістен тыс
жағдайларына да алаңдаушылық таныту арқылы шын жанашырлық танытқан. Оқу, білім, ғылым,
мəдениет, адамгершілік, əдеп, тəрбие – бəрін ұстаздан үйренген шəкірт ұстазды өз ата-анасынан
кем қадірлемеген. Ұстазының алғысын алмаса, алған ілімінің берекесін көре алмайтындығына
сенген. Тіпті ұстазды қатты құрметтегені сонша – есігін қағудың өзін əдепсіздікке балап, сыртта
тұрып, шыққанын күткен. Шəкірт ұстазына ғана емес, оның жақындарына да құрметпен
қараған. Ұстазының үй жағына аяқ созып жатудың өзін тəрбиесіздік деп білген. Ұстазы өмірден
озған жағдайда, ата-анасына дұға еткеніндей, оны да қайырлы, игі дұғасына қосқан
[90]
.
Білгенімен амал қылмаған мұғалім шəкіртін де елітіп əкете алмайды. Сыңаржақ, қате
білім берген адам үлкен қиянат жасаған болып саналады. Мұғалімнің оқушы өресіне, қарым-
қабілетіне шақтап білім беруі оның біліктілігінің көрінісі. Сондай-ақ, ұстаз шəкіртіне
мейірбан, кешірімді, байсалды болуы тиіс. Əсілі, оқушысының жеке басының кемшіліктеріне
кешірімшіл болғаны дұрыс.
Ұстаз білімге құлықсыз шəкіртке ақыл айтып, оқуға ынталандыруы керек. Сауалдарына
орынды жауап беріп, жөнсіз ұрсып, жазғырмауы керек. Оқушыны зиянды мəліметтерден
үзілді-кесілді тыйып, жақсы жолға бағыттауы шарт. Кей кезде өз қателігін де мойындай
білгені абзал. Қажет болғанда өзін шəкіртінің деңгейінде ұстағаны жөн. Оқушыны өзіне
кіріптар қылу мүлде жаман қасиет. Дəрісті ақылы жүргізсе, соңғы минутына дейін тиімді
пайдалануы қажет.
Сынықтан сылтау іздеп оқушының тиісті бағасын бермеуі 

ақысын аяқ асты етуі.
Оқушы – ұстазға тапсырылған аманат. Оларға тиісті білім беру ұстаздың міндеті. Аманатқа


қиянат жасау 
– 
ауыр күнə. Ешкім бауыр еті баласын сенбейтін адамына тапсырмайды. Олай
болса, мұғалім ата-ананың үмітін алдамауы керек.
Мұғалім оқушы алдында салмақты болып, сол арқылы білімнің маңызын көрсетеді.
Оқушымен əсіре жақын болу, белгілі бір шекараны сақтамау жақсылыққа апармайды.
Ал, шəкірт ұстазға мұқтаж болғандықтан, оның алдында əдептен аспауы керек. Шəкірт үшін
ұстаз білімнің кені. Екі дүние бақытына бастар жолды көрсетуші.
Ғалымдар пайғамбарлардың мирасқорлары. Сондықтан, шəкірт «
Ұстазыңды ұлы əкеңдей
сыйла» деген халық даналығын ұмытпағаны жөн. Ұстаз
алдына барған шəкірт артық сөйлемей,
онымен қызыл кеңірдек болып айтыспауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет