Тұрмысты, күйбең тіршілікті ғана ойламай, ақырет азығын да ескеріп, ғибадатын мүлтіксіз
орындауы керек. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
осыны меңзеп:
«Бес уақыт намазын оқыған,
Рамазан оразасын ұстаған, арын сақтаған жəне күйеуіне бағынған əйел жаннатқа қалаған
есігінен кірсін»
деген;
Қонақжай болуы;
Күйеуі жақтырмайтын адамдарды үйіне кіргізбеуі, қонақ қылмауы;
Қажет болғанда күйеуінің шаруаларына қолғабыс жасауы;
Екеуара сүйіспеншілікті арттыратын мəселелерге мəн беріп, күйеуі басқаға көз салмас үшін
күтінуі керек;
Бөтен ер адамдармен сөйлескенде əдептен аттамағаны жөн. Бұл туралы Құран кəрімнің
«Нұр» сүресінде айтылған. Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
да:
«Ұяттың болғаны жақсы,
əйелдерде болса тіпті жақсы»
дегені бар;
Үнемдей білу де үлкен өнер. Ысыраптың барлық түрі харам. Əйелдердің осыған мəн беруі;
Ерлі-зайыптылардың бір-біріне жиі дұға етуі;
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Күйеуі төсекке шақырғанда əйелі бармай, күйеуі
ашуланса, күйеуінің төсегіне қайтқанға дейін немесе таңға дейін періштелер əйелге лағынет
айтады», – деген
[87]
. Əйел затына мұны да қаперде ұстау;
Əйел адам үй ішінің жиһазын жарасымды реттеп, отауын барынша сəнді ұстағаны абзал.
Əйелдің аса маңызды міндеттерінің бірі балаларды адамгершілікке тəрбиелеу.
Бұндай ізгі қасиеттерді өзіне үлгі етуі əйелдің имандылығына байланысты екені даусыз.
Сондықтан о баста қалыңдықты дұрыс таңдау керектігі турасында Баласағұн бабамыздың мына
кеңесін жастар уақытында ескергені жөн:
Əйел алмақ болсаң егер қарарсың,
Жіті бағып, таңдаулысын аларсың.
Жақсы болсын тегі, заты, ұрығы,
Пəк, ұятты болсын жанның тұнығы.
Дұрыс үйдің қызын ал, қол тимеген,
Сенен өзге еркек жүзін көрмеген.
Сені сүйіп, басқа жанды білмесін,
Жаман, тексіз қылық істеп жүрмесін.
Көркін емес ізгі құлқын аларсың,
Жақсы болса ерірсің де жанарсың.
Көркін қуып алма құлқы кемісті,
Құлық жақсы болса кемел келісті.
Сұлу құмар, сұлуды аңсап сор қума,
Қызық жүзді сарғайтпа һəм қор қылма.
Жібек мінез – қыз-келіншек шырыны,
Біле білсең, əйел көркі - қылығы!
Ақылды, пəк болса, асылға баларсың,
Үш сипаттың бəрін содан табарсың
[88]
.
Достарыңызбен бөлісу: