қарттардың күнкөрісін мойындарына алған зейнетақы жинақтаушы қорлары құрылған.
Жоғарыдағы ақыларды иеленген жұмысшы да мына міндеттерді сақтауы тиіс:
1. Жұмыс істегенде ниетінің адал болуы;
2. Жұмыс берушінің табысына көз сүзбеу;
3. Қызметтік міндеттерін аманат ретінде қабылдап, аманатқа қиянат етпеу;
4. Жұмыс берушінің құрал-жабдығын өз дүниесіндей ұқыпты қолдану;
5.
Жұмысты жақсартатын, еңбек өнімділігін арттыратын ұсыныстар жасау, жұмыс
барысында белсенділік таныту жəне т.б.
Басшылық міндетке ие болғандар қарамағындағылардың ақысына мейлінше абай болғаны
жөн. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Барлығың жауаптысыңдар жəне қарамағыңдағылар
үшін жауапты боласыңдар»
, – деген
[81]
. Биліктің тізгінін
ұстау дегеніміз жайлы таққа
жайғасып, мол дүниені оңды-солды шашу емес, шын мəнінде аса қиын іс. Көпшіліктің
қызметіне жарғақ құлағың жастыққа тимей жүгіру.
Жұрттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтау.
Бастық болуды лауазым емес, жауапкершілік деп қараған жөн. Əманда ел билеу, басшы болудың
ауыр аманаты ердің еріне ғана жүктелген.
«Маған парыздарды орындау əмірімен қоса
адамдарды басқару əмірі де берілді»
деген Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
басқару ісін
қабілет-қарымы, төтеп берерлік шыдамы жететін адамдарға тапсыруды аманат еткен. Ел
басқарудың үдесінен кез келген кісінің шыға қоймасы анық. Ол үшін ақыл-парасат,
біліктілік,
көшбасшылық қажет. «Ханда қырық кісінің ақылы болады» деп бекер айтылмаған. Бір орынға
бастық боп қонжиғаннан кейін мойнындағы мекеме жұмыстарын ұмытып,
қызмет бабын жеке
мүддеге пайдалану қаншама адамның, бəлкім, тұтас бір мемлекеттің ақысына қол сұғу болып
табылады. Мұның жазасы дүниеде де, ақыретте де ауыр болатыны айтпаса да түсінікті.
Достарыңызбен бөлісу: