«Сүйген нəрселеріңді Аллаһ жолында жұмсамайынша, əсте жақсылыққа жете алмайсыңдар» [63] деген аят түскенде, Əбу Талха
Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
алдына келіп:
– Хақ тағала
«Сүйген нəрселеріңді Аллаһ жолында жұмсамайынша, əсте жақсылыққа жете алмайсыңдар» деп аятты уахи етті. Менің жаныма жақын дүнием Бəйруха бағы. Соны
Аллаһ разылығы үшін садақа қылдым. Мəуелі бақшамның сауабын Аллаһ ақыретте азық қып
қайтарса деймін. Бəйруханы не істеймін десең де еркіңде, – дейді. Сонда Аллаһ елшісі
(саллаллаһу
алəйһи уə сəллəм):
– Бəрекелді. Берекелі мал дегенің тек пəниде емес, бақи дүниеде де ырзығын беретін дүние.
Аллаһ тағала екі дүниеде де жақсылық берсін саған. Бақты туыстарыңа бергеніңді дұрыс деп
білемін, – деді.
– Онда солай істейін, – деді де, Əбу Талха бақшаны бауырлары мен немере аға-інілеріне
бөліп берді»
[64]
.
Хазірет Айша анамыздан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
«Туысқандықтың қастерлі бауы Аршқа ілінген күйі адамдарға арнап: «Мені сақтағанды Аллаһ
қуаттап қолдасын. Менен безгенді Аллаһ рақымынан құр қалдырсын»
[65]
, – дегенін жеткізеді.
«Жоқ-жітікке берілген садақа –
бір садақа, туысқанға берілген садақа –
екі садақа орнына жүреді. Біреуі садақа сауабы болса, екіншісі ағайынға қарайласудың сауабы» [66] , – дейді тағы
бірде Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
.
Дүниенің бір бақыты туыс-туғанмен көңіл жарастырып, тату-тəтті өмір сүру емес пе? Пəни
дүниенің дейміз-ау, ағайынмен ат ізін суытпай араласып отырудың ақыреттік сауабы да ұшан-
теңіз.