Тағы бір айта кететін жайт, ағайынға жасаған жақсылығын түгендеп, «пəленшеге қиын
сəтте жанынан табылдым, түгеншеге мынадай жəрдемім тиді» деп жүрген жерінде жарияға жар
салу мұсылмандықтың айнасына түскен дақ болады. Мұсылман жақсылығын бұлдамайды, оның
есебін Аллаһ тағала еселеп қайтаратынын жақсы біледі. Сондықтан, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи
уə сəллəм)
айтқандай, «келмегенге барған, бермегенге берген» дұрыс.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
ризығының мол, ғұмырының ұзақ болғанын қалайтын
адамның
туысқанға қарасу керек екенін, бірінші болып жақын туысқа жақсылық жасап, ат
құйрығын шарт түйіп, өкпелі болған ағайынмен татуласып оның тілеуін тілеу қажет екенін
айтады. Туыстық туралы айтылған хадистерде ағайынға сый-сияпат жасаудың құлды азат етуден
анағұрлым сауапты іс екені, садақаны жақынына бергеннің əрі садақа беру, əрі туысқанға қарасу
сауабын алатыны, жаннатқа апаратын амалдардың бірі ағайын-туысқа қарасу екені жəне басқа
да сауапты істер турасында сөз қозғаған.
Аллаһ тағала құдси хадисте:
«Уа, туысқандық қасиет, сені берік ұстағанға қарасамын.
Сенен безгенмен байланысты мен де үземін»
, – дейді
[61]
.
Əбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта мынадай əңгіме бар: «Біреу келіп: «Уа, Аллаһтың
елшісі,
мен туыстарыма барып тұрамын, бірақ олар маған келмейді. Қанша жақсылық
жасаймын, ал олар маған жамандық көрсетеді. Қанша түсіністікпен қараймын, бірақ олар
керісінше істейді», – деді. Сонда Аллаһ
елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Егер осының барлығына
төзіммен қарасаң, олар мұндай əрекеттері арқылы тұмсығын қып-қызыл шоққа сұққандай
болады. Сен бұлай істеген сайын Аллаһ сені қолдайды»
[62]
, – деген еді.
Əнес ибн Мəликтен (р.а.) жеткен мынадай бір хадис бар: «Мəдиналық ансарлар арасында
құрма бағының ең көбі Əбу Талхаға тиесілі еді. Əбу Талха нəби мешітінің алдындағы Бəйруха
деп аталатын құрма бағын ерекше жақсы көретін. Аллаһ елшісі де
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
сол баққа
жиі барып, сондағы тұщы құдықтан шөл қандырушы еді.
Достарыңызбен бөлісу: