Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


«Сендер Аллаһтан өзге қалағандарыңа табыныңдар. Расында зиянға ұшырап зардап шеккендер



Pdf көрінісі
бет27/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

«Сендер
Аллаһтан өзге қалағандарыңа табыныңдар. Расында зиянға ұшырап зардап шеккендер
қиямет күні өздерін де, отбасыларын да зиянға ұшырататындар (яғни өздері адасып,
жақындарын да адастырғандар). Міне, осы анық кесапатқа ұшырағандық»
(«Зүмəр» сүресі,
15-аят).
Осы арада отбасы мүшелеріне тікелей қатысты мұрагерлік құқығының маңызды
мəселелерімен кейбір ережелеріне тоқталғанды жөн көрдік. Исламның заңдарына сəйкес
мұрагерлік өлшемдерінде көрер жарығы түгесіліп, жиған-тергені артында қалған кісінің
мұрасының берілу тəртібі мейлінше əділ жүргізіледі. Солай бола тұра, қазіргі зайырлы
мемлекеттілік қоғамда ашықтан-ашық орын алған əділетсіз заң нормалары, мирасты қарпып
қалу, бірге туған бауырлары мен жақын туыстарының ақысын жеу секілді оқиғалардың күннен-
күнге көбейіп, жайыла беруі бүйірімізден сүңгі сұққандай қынжылтып қоятыны жасырын емес.
Дінімізде əйел мен бала, мүмкіндігі шектеулі жұмысшы секілді қоғамның қорғансыз
мүшелерінің құқықтары заңмен барынша қорғалғанымен, оларға зорлық-зомбылық жасау,
ақысын аяқ асты ету фактілері айылын жимай отыр. Ер кісілердің жұмысты сылтауратып ата-
анасын бағып, күтуден жалтаруы, соған қарамастан өз жолын əлдеқашан тапқан ұл балалар
мұрадан артық үлес алуға ұмтылуы жиілегенін көрген сайын, жағамызды ұстаймыз. Бұл Ислам
бекіткен əділеттіліктің негіздеріне қайшы келеді. Сондықтан, Исламның мүлікті мұраға
қалдыру не болмаса мұраға ие болу тəртібі сынды т.б. мəселелерді жалпы көпшілікке түсіндіру
жұмыстарының жүргізілгені абзал. Зайырлы мемлекет жағдайында мұрагерлік мəселесінде
Ислам талаптарының сақталуы екіталай болса да, өресі озық, саналы мұсылманның мұны ескере
жүретініне сенгіміз келеді.
2. Көрші ақысы
Дінімізде көршілік қарым-қатынас адамға туыстық ақы секілді, тіпті одан да артық
міндеттер жүктейді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
былай деген: 
«Көршінің ақысы олардың
ынтымағы мен байланысының дəрежесіне орай үш сатыдан тұрады. Үш ақысы да түгел


көршілер – əрі мұсылман, əрі тегі жақын (туыс) саналатындар. Бұлардың көршілік, Ислам
жəне туыстық ақылары əрдайым өз күшінде. Екі ақысы бар көрші – мұсылман көрші. Оның
көршілік жəне мұсылмандық ақысын орындау шарт. Бір ғана ақысы бар көрші – діні жат
көрші»
[39]
.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
бірде: «Көрші ақысының не екенін білесіңдер ме? Көмек
сұрағанда жəрдем жасауға тиіссің, демеуіңе мұқтаж болғанда аянбауың шарт. Қарыз сұраса бер,
əл-ауқаты төмендесе, оның мойнындағы алашағыңды кешіргенің дұрыс. Ауырғанда халін біліп,
отбасы қара жамылғанда жаназасына бар. Қуанышына ортақтасып бірге қуанып, тағдырдың
тауқыметін тартып, өмірдің мехнатын кешіп жүрсе жұбату парызың. Көршінің рұқсатынсыз
үйіңді оның үйінен биік етіп салма. Ешқашан зорлық көрсетпе. Аздаған нəпақа тапсаң да,
көршіні құр қалдырмай ауыз тигізгейсің, қолыңдағың үй ішіңе жетер-жетпес болса, тапқаныңды
көршіңе көрсетпе, бала-шағаң аулаға алып шықпасын. Себебі, көршінің баласы оны көріп
қызығады. Ас дайындарда тамақтың иісін аңқытып көршінің аш құрсақ балаларына сездірме.
Əйтпесе, көршіге де дəм татыратын бол.
Сендер көрші ақысының не екенін білесіңдер ме? Шыбын жанымды құдіретті уысында
ұстаған Аллаһқа ант етейін, көрші ақысын тек Аллаһтың мейіріміне бөленген адамдар ғана
толық орындай алады», – деген
[40]
.
Шынайы өмірде біз туыс-тумаларды оқта-текте бір көрсек, көрші-қолаңмен күнде
жүздесеміз. Сондықтан, іргемізге қатар қонғанның ақысына барынша ыждағатты болуымыз
қажет.
Аллаһ тағала Құран кəрімде былай дейді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет