(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Көршілерің саған жақсылық жасадың десе жақсылық, жамандық жасадың
десе істегенің жамандық болады», – деп жауап берген екен
[51]
.
Ибн Мукаффа анда-санда көрші үйдің көлеңкесінде саялап демалатын. Бірде сол көршісі
қарыздарын
өтеуге қаражат таппай, үйін сатпақ болады. Мұны естіген ибн Мукаффа: «Көршім
жоқтық қысып үйін сатуға мəжбүр болса, көлеңкесінің қадірін білмегенім ғой» деп, көршісіне
үйдің құнын беріп сатқызбай қойған екен.
Əбу Жəмре хазірет Хасанға (р.а.) таразыдан жейтін, ішімдік ішетін, əйелдермен жөн-
жосықсыз көп сөйлесетін бейпіл ауыз көршісінің дүние салғанын айта келеді. Сонда хазірет
Хасан: «Бар, мəйітін жуып, жаназасын шығар, намазын оқы. Себебі,
бұл мұсылманның
мұсылман алдындағы соңғы ақысы», – деген екен
[52]
.
Баяғыда бір кісінің үйінде тышқанның іні көбейіп əлгі кісі қанша тырысса да тышқандардан
құтыла алмай амалы құрыпты. Мысық ұстамайсың ба дегендерге: «Мысықты көрген тышқандар
көршінің үйіне қаша ма деп қауіптенемін. Өзіме қаламаған нəрсені көршіме тілеп не қылайын»,
– дейді екен
[53]
. Рас, өзімізге тілегенді көршімізге де тілемейінше, кəміл иманға жеттік дей
алмаймыз.
«Пəлен деген əйел күн ұзаққа ораза ұстайды, түні бойы құлшылық етеді. Бірақ, көршілеріне
жəбір көрсетеді» дегенде, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Ол отта жанады», – деп өкініш
білдірген екен. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздан
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
тек парыз намаздарын оқып,
парыз садақаны ғана берген, бірақ көршіге жұмсақтық танытқан əйелдің жайы сұралғанда, оның
жаннатқа баратынын айтқан
[54]
.
Тарих қатпарларына үңілсек, кеңестік сұрқай саясат бүлдіргенге дейін, қазақта ізін суытпай
ғасырлар бойы жалғасын тауып келген көршілік дəстүр былайша суреттелген:
«Кезінде халқымыздың терең мəнді, келісті, əдемі салт-дəстүрі бар еді. Көршілер күнде
ертемен бір-бірінің тықырын естіп, төбесін көрісімен, дауыстап сəлемдесіп, қол берісіп
амандасатын еді. Кешқұрым да күндізгі шаруаларын жайғастырған соң, үлкендер ауыл сыртында
бас қосып, жаңалықтарын айтысып, осы күнгіше айтқанда, «ақпарат алмасып», бір-біріне, тұтас
ауылға қатысты ертеңгі істерін келісетін еді. Аз уақыттық болса да əңгіме-дүкен, əзіл-
қалжыңдарына бір жасап қалатын еді. Кішкентай балалар да үлкендердің
осы бір
шүйіркелесулерін мерекедей көріп, мəз болып, араларында жүретін еді. Көршіліктің жан
марқайтар рухын жүректеріне дарытып, кейін үлкейгенде, соны өздері айнытпай қайталайтын
еді.
Алыстан ағайын, құда-жекжат, құрметті қонақ келе қалғанда немесе үй иелерінің бірі
сапардан
оралғанда, көршісі сəлем беріп шығатын еді. Отағасының өтінішімен қонақтармен
бірге отырып, əңгімелесіп, өткен-кеткенді сөз етіп, кейде оны əн-жыр, терме, дастандарға, күйге
ұластыратын еді. Осының бəрі балаларға ел өмірі, тіл-өнер туралы сабақ, дəстүр-салт, тарих
мектебі, əдеб-инабат тағылымы болып саналады. Олар – зорлаусыз, міндеттеусіз, сұраусыз, бірақ
жас баланың жан дүниесін баурап алып, ақыл-ес жəне көркемдік-сезімдік зердесінде өшпестей
болып жазылатын дəрістер болған.
Ауырып-сырқап қалғанда, көңіл сұрау,
той-томалақ, өлім-жітімді атқарысу өз алдына,
үлкендері жолаушы кеткен көршінің отбасына қарайласып, бас-көз болып, шаруасын, мал-
жанын түгендеп, ақыл-кеңес беріп,
шамасы жетпей, қолынан келмей жатқан жерлерін жөндеп
жіберетін еді. Момын, əлсіз, ауру, жас немесе кəрі көршінің біреуде кеткен есесін іздеп,
қуысатын еді. Соғымға сойылған малдың басына шақырысып, əйелдер жағы дəмді, əуес
тағамдарын бір-біріне аяқ-табақпен балаларынан беріп жіберетін еді. Ауық-ауық бір-біріне дəм
татқызар еді. Мұның бəрі ара дəнекер, ынтымақ, ауызбірлік ұйытқысы, сенім кепілі рөлін