3. Ағайындық және қонақта болғанның ақылары
«Жақыннан күдер үзгендер
Жақынын ұрып жат қылар.
Жылқыдан күдер үзгендер
Биесін сатып ат қылар.
Жақсы болса ағайын
Көңіліңді шат қылар.
Жаман болса ағайын
Өзін өзі жат қылар» – деп Майлықожа ақынның жырлағанындай, туыстық қатынастарды
берік ұстану, туыстық ақыларға зор ықыластылық таныту о бастан қазаққа сіңісті мінез.
Дінімізде ағайындық жəне қонақтың қақылары қатарына көбіне мына амалдарды жатқызады:
сəлем беру, сый-сияпат жасау, амандықтарын сұрап отыру, ағалары мен нағашы ағаларын
əкесіндей көру, апалары мен нағашы апаларын шешесіндей сыйлау, үнемі қол ұшын беру, теріс
мінездеріне төзе білу секілді қасиеттер ағайын арасындағы ақылардың құрамдас бөліктері.
Құран кəрімде Аллаһ тағала:
Достарыңызбен бөлісу: |