Жыламаса болды, аш құлақтан тыныш құлақ дейді. Өз аяғымен жүріп-тұра алатын балаға
ойынның маңызы зор. Бала ойын арқылы физикалық жəне рухани тұрғыдан жетіледі.
– Баланың қолынан келмейтін істі талап етпеу;
– Балаға мейіріммен қарау, ұсақ-түйек кемшіліктерін кешіру; Абдуллаһ ибн Омардан (р.а.)
жеткен риуаятта Пайғамбарымызға
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
шөл даланы мекендейтін бір топ бəдəуи
келіп: «Сендер балаларыңды еркелетіп, сүйесіңдер ме?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
алəйһи
уə
сəллəм)
«иə» деді. «Аллаһқа ант етейік, біз балаларымызды мейірлене бауырымызға
баспадық», – деді бəдəуилер. Сонда Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Аллаһ тағала жүректеріңді
мейірім сезімінен құр қалдырса, менің қолымнан не келеді?» – деп жауап берді
[38]
.
– Уақыты келгенде тəрбиелі, діндар жанмен үйлендіру; Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
үмбетіне болашақ жардың сұлулығына, тегіне, байлығына жəне діндарлығына қарау
дұрыстығын, ал бұлардың ішінде ең абзалы діндарлығына қарап үйлену екенін айтқан.
Кісі ақыларының ішінде жауапкершілігі ең көбі балалардың құқығы, ата-ананың бала
алдындағы міндеті. Оның ішінде бала тəрбиесі. Баланы тəрбиелеу үшін көйлегінің көктігі,
тамағының тоқтығы, уайымының жоқтығы жетеді десеңіз, қателесесіз. Етегінен өргізген
балаларының
алдындағы
ата-ананың
жауапкершілігі
мұнымен
шектелмейді.
Баланы
адамгершілікпен қанағаттандырып, имандылыққа баулу, жақсы тəрбие беру басты ұстаным.
Ұрпақ өнегесіне жеткілікті көңіл бөлмеген, не болмаса селқос қараған ересектер өздерін ғана
емес, отбасыларын да зиянға ұшырататынын Құранда Аллаһ тағала ашық айтады:
Достарыңызбен бөлісу: