ІI БӨЛІМ КІСІ АҚЫСЫНЫҢ КӨП ҚЫРЛЫЛЫҒЫ Кісі ақысының көп қырлылығы Бұл тарауда барша адамзатқа ортақ міндеттерді сөз қыламыз. Бұл құқықтар ата-ана мен
бала, жұмыс беруші мен жұмыскер, сатушы мен сатып алушы секілді тараптардың өзара қарым-
қатынас нормасы сөз болады. Мəселен, жол ережесін сақтау – көлік жүргізушінің міндеті.
Жүргізуші бұл нормаларды сақтамаса, көпшілікке белгілі бір мөлшерде зиян тигізеді. Оны естен
шығарып, өз дегенін жасаса, адам өміріне, денсаулығына қауіп төндіреді. Ал, бұл өз кезегінде
кісі ақысын бұзу болып табылады.
Сондай-ақ, осы тарауда баланы бағып-қағу, тəрбиелеу жолындағы ата-ана міндеттері,
перзентінің ата-анасы алдындағы парызы кеңінен қарастырылады. Ерлі-зайыптылардың
отбасындағы өзара жауапкершілігі, сауда ісінде адалдықтың сақталуы жəне жалпы еңбек
саласында сақталуы тиіс кісі ақысы тарқатылып айтылатын болады.