в) Екі құқық қатар келгенде кісі ақысы басым түсетін жағдай. Əлем елдерінің түкпір-түкпірінде қасақана кісі өлтірген адамға өлім жазасын кесу заңы
бар. Бұл бір жақтан ең жоғарғы құндылық деңгейіндегі адам өмірін сақтауға жəне қоғамда
тəртіп пен тыныштық орнатуға бағытталғаны үшін Аллаһ құқы болып табылса, екінші жақтан
көз жұмған адамның туыстарының ашу-ызасы мен өштестік сезімін тудырғаны үшін жеке кісі
ақысы деп те есептеледі. Дəм-тұзы таусылған кісінің отбасы мен туған-туыстарының мүддесіне
басымдық берілгендіктен, бұл қоғамдық тұрғыдағы есе қайтару кісі ақысы саналған. Осыған
орай, құқықты жүзеге асыру немесе асырмау еркі, яғни кісі өлтіргенді жазалау, не болмаса
кешіру еркі өлген кісінің туыстарының шешіміне қалдырылған
[24]
.
Жоғарыдағыларға қоса Аллаһ тағаланың, елшісі Мұхаммедтің
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
жəне басқа
барлық тараптардың құқығын қамтитын да құқықтар бар. Мəселен, азанда Аллаһ тағаланың
құқы тəкбір айту жəне оның бір екеніне куəлік білдірумен, пайғамбарымыз Мұхаммедтің
(саллаллаһу
алəйһи уə сəллəм)
ақысы оның пайғамбарлығына куəлік білдірумен айқындалады. Басқа құлдардың
міндеті оларға намаз уақытының кіргенін хабар беру жəне жамағатқа қосылуға шақыру болса