келіп:
– Хижратпен өзге аймаққа қоныс аударуға жəне жиһад жасауға келісе отырып, саған
сеніммен ант етемін. Бұлардың сауабын Аллаһтан күтемін, – деді. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə
сəллəм):
– Əке-шешеңнің көзі тірі ме? – деп сұрады.
– Екеуінің де көзі тірі, – деді.
– Аллаһтан сауап алуды тілейсің ғой, солай емес пе?
– Иə, – дегенде Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
– Əке-шешеңнің қасына бар. Оларға жақсылап қара, – деді»
[35]
.
Бес уақыт намазыңды жинамасаң,
Ораза ұстап жаныңды қинамасаң. Алланың
кешірмейтін бір күнəсі –
Ата менен анаңды сыйламасаң, – деген
Орманбай ақын да хадистерде
айтылған ойды шегелеп, ата-ананы сыйлауға шақырған.
Достарыңызбен бөлісу: