ескерсін. Бір-біріне қойдың сирағын ұсынып болса да, жоқшылықты сылтауратып,
байланысты үзбесін»
[45]
.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
көршімен көршінің арасындағы татулықтың туын
тұғырынан құлатпауды шаңырақтың отанасына тапсырған. Мұның себебі, əдетте қазан-ошақтың
билігі əйел затының қолында болғандықтан болар.
Көршіңіз не берсе де қомсынбай ризалықпен ала біліңіз. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
Аллаһ үшін ұсынылған нəрсенің көлемі болмайтынын айтқан. Сондықтан, көршінің ақ ниетпен
əкелген базарлығын риясыз көңіл хошымен қабыл алып, алғыс айту қажет.
Əбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
«Үйінің өз ауласы
жағындағы қабырғасына шеге қаққысы келген көршісінің қолын байламасын» деп өсиеттегенін
айтады. Əбу Хұрайра (р.а.) хадисті жеткізген соң жанында отырғандарға: «Неге осы сүннетті
орындауға күш салмайсыңдар? Уаллаһи, сендер жалғастырып əкеткенше өзім осы сүннетті
орындауға тырысып бағамын», – деген екен
[46]
.
Тағы да Əбу Хұрайра (р.а.) жеткізген бір хадисте:
«Аллаһ пен ақырет күніне сенген кісі
көршісінің мазасын алмасын жəне қонағын разы қылсын. Аллаһ пен ақырет күнінің кəрінен
қорыққан адам тым болмаса пайдалы кеңес берсін, не болмаса үндемесін»
, – делінген
[47]
.
Бірде Айша анамыз (р.а.) «Екі қоңсымның қайсысына сый-сияпат берейін?» деп сұрағанда,
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Есігі жақын тұрғанына бер», – деп жауап қатқан
[48]
.
Абдуллаһ ибн Омардың мына бір сөзі тақырыпқа талғажау боларлық: «Қиямет күні қаншама
көршілер шағым жасап: «Уа, Раббым, ол маған білгенін үйретуден қашты, есігін тарс жапты», –
деп кейістік білдіреді». Бұл аталы сөз мүминнің басты тəблиғ (дінді баян ету. Автор.) міндетін
еске салады. Дінді насихаттаудың талаптары Ислам құндылықтарын əркез əркімнің
санасына
құя білу, жүректерге иман нұрын ұялату секілді қасиетті де сауапты іске құрылған. Мүмин
көрші-қолаң, құрбы-құрдас, əріптестеріне дін-иман тақырыбында білгендерін баяндап,
оларға
сөзімен де, өнегелі ісімен де үлгі болуға талпынуы тиіс. Əйтпесе, мақшар таңында өз көкейіне
түйгенін өзгелерге үйретуге сараңдық танытқан білгірдің кебін киеді.
Абдуллаһ ибн Омардан (р.а.) жеткен хадис былай дейді:
Достарыңызбен бөлісу: