айтамыз. Тұрақты түрде аптасына 40 сағат жұмыс істеуге келіскен бұл жұмысшы осы уақытты
толықтай қызметіне бөлуі тиіс. Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындап қойса да,
жұмыс орнынан тапжылмауы керек, не болмаса уақытын ұтымды пайдалану үшін жұмыс
берушімен алдын-ала келіскені жөн.
Ал, мердігер дегеніміз əдетте бір жолға ғана қызмет көрсетумен айналысатын шаштараз,
тігінші, аяқкиім жөндеуші жəне ұста, құрылысшы секілді белгілі
бір жұмысты атқарған соң
қызмет көрсету мерзімі аяқталатын мамандық иелерін атаймыз.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
жұмыс берушінің ақысына мұқият қараған жұмысшыға
берілетін сауап туралы:
«Аллаһтың жəне қожайынының ақысын сақтаған құлдың барлығына
Аллаһ екі есе сауап береді»
, – деген.
Хишам ибн Хаким ибн Хизам (р.а.) Шам қаласында төбесінен зəйтүн майы құйылып,
күннің астында тұру жазасы кесілген шаруаларды көріп:
– Бұл не сұмдық? – деп сұрайды.
– Жер салығын
[70]
төлемегені үшін, – деген жауап алады. Сонда Хишам (р.а.):
– Ант етейін, мен Аллаһ
елшісінің
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Адамдарды дүниеде қасақана
қинағандарға Аллаһ міндетті түрде азап көрсетеді»
дегенін естідім, – дейді. Мұны естіген əмір
шаруаларды бұл жазадан босатқан екен
[71]
.
Хадистерде қарамағымыздағы адамдармен бір дастархан басында отырмасақ та, ішкен-
жегеніміз бен кигенімізді олармен де бөлісуімізді, шамасы жетпейтін
жұмысқа жекпеуімізді
міндеттейді.
«Қарамағында бауыры күнелтетін əркім оған өз дастарханынан дəм татырсын,
өз кигеніндей киіммен қамтамасыз етсін. Оларды қауқары жетпейтін жұмысқа жекпеңдер.
Ауыр тірлікке міндеттесеңдер оларға өздерің де қолғабыс жасаңдар»
[72]
.
«Қызметшілерің дастархан басында бірге отырмайтын болса, оның үлесін бөлек алып
беріңдер. Өйткені, тамақты істеген сол»
[73]
.
Бұл хадистердегі қызметші сөзін үй күтуші, көмекші, жұмыскер деп түсінуге болады.
Қарамағында осындай бағыныштылары барлар оларды мейлінше сыйлап,
ақыларын аяқ асты
қылмай, сыпайы қарым-қатынас ұстанғаны абзал.
Ескере кететін тағы бір жайт, іскерлік қатынастарда ақшалай міндеттемелерді уақытылы
қайтармауды қоғамымызда жиі орын алатын келеңсіз оқиғалардың қатарына жатқызамыз.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
қаржылық жағдайы келісті бола тұра, қарызын кешіктіруді
қиянат жасау деп білген. Құран кəрім:
Достарыңызбен бөлісу: