шаруасымен айналысқанын айтқан.
Ер адам бөтен адамдардың алдында өз əйелін кемсіте сөйлеп, ыңғайсыз жағдайға
қалдырмайды.
Балағаттауға, қол жұмсауға болмайды.
Екеуара ренжіскенде сабыр сақтап, қателікті өзінен деп білу қажет. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
алəйһи уə сəллəм)
«Ер адам əйелінің жаман қылығы мен сөзіне ашуланбасын, басқа жақсы қылығын
ескеріп разы болсын»
деген.
Болмашы қателіктерді қаузап, отбасының құтын қашырмаған жөн.
Əйелі діни сауатты болуы үшін оған білгенін үйретсе нұр үстіне нұр.
Əйелімен үнемі кеңесіп, маңызды шаруаларда оның да пікіріне жүгінгені дұрыс.
Ерлі-зайыптылар бір-бірінің көңіл көтеру жəне тынығу құқықтарына көңіл бөлгені жөн.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
жиын-тойларда, айт күндері жəне басқа да атаулы күндерде
көңіл көтеруге, ойын-сауық құруға рұқсат берген. Ислам ғалымдары
ғибадат жасауда артық
кетудің өзі адамды зеріктіретінін айтып, шариғат шеңберінде көңіл көтеріп демалғанды жөн деп
білген.
Реті келгенде əйелінің көңілін көтеріп, əзілдескені жөн. Пайғамбарымызға
(саллаллаһу алəйһи уə
с ə л л ə м)
жастай тұрмысқа шыққан Айша (р.а.) анамыз үйінде
қуыршақтарының болғанын,
құрбылары келгенде бірге ойнағандарын айтады. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
бұған
тыйым салмай
[83]
, өзі де осыны айтып əзілдейді екен
[84]
. Сондай-ақ, айт күні Айша анамызды
эфиопиялықтардың ойындарын тамашалауға алып барған
[85]
. Тағы бірде осы Айша анамызбен
жарысқаны да бар
[86]
.
Үй ішіндегілердің бақыты да отағасының мойнында. Адамның
бақытты болуы көбіне діни
танымына байланысты. Өйткені, дін қос дүниенің бақытына бастайтын жалғыз жол. Сол себепті
отағасы отбасы мүшелерін діни біліммен қамтамасыз етіп, олардың ғибадатын қапы
жібермеуіне, ахлағын жетілдіруіне жағдай жасауы керек.
Əйелінен бастап, бүкіл отбасы мүшелерін жақсы көріп, өзін де жақсы көргізе білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: