Ауыстыру ережесі
. Ондық оң бӛлшекті екілік санау жҥйесіне
ауыстыру ҥшін бӛлшекті 2-ге кӛбейту керек. Кӛбейтіндінің бҥтін
бӛлігін екілік бӛлшектің ҥтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып,
бӛлшек бӛлігін қайтадан 2-ге кӛбейту керек. Енді бҧл кӛбейтіндінің
бҥтін бӛлігін екілік бӛлшектің келесі цифры ретінде алып, бӛлшек
бӛлігін тағы 2-ге кӛбейту керек және т.с.с.
Ақырғы ондық бӛлшекті екілік жҥйеге ауыстыру кезінде
периодты бӛлшек алынуы мҥмкін.
Мысалы, 0,3 ондық бӛлшегін екілік санау жҥйесіне
ауыстырайық.
Шешуі:
0,3*2=0,6, бҥтін бӛлігі 0-ге тең;
0,6*2=1,2, бҥтін бӛлігі 1-ге тең;
0,2*2=0,4, бҥтін бӛлігі 0-ге тең;
0,4*2=0,8, бҥтін бӛлігі 0-ге тең;
0,8*2=1,6, бҥтін бӛлігі 1-ге тең;
0,6*2=1,2, бҥтін бӛлігі 1-ге тең және т.с.с.
0,6-ның бӛлшек бӛлігі, есептеудің екінші қадамында болған.
Сондықтан есептеулер қайталана бастайды. Демек, 0,3 саны екілік
санау жҥйесінде периодты бӛлшек тҥрінде кӛрсетіледі.
Жауабы:
0,3
10
=0,0(1001)
2
.
Іс жҥзінде бҧл операцияларды ҥтірден кейін цифрлардың
берілген саны алынғанша жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |