1-БӨЛІМ. КОМПЬЮТЕР
АРХИТЕКТУРАСЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
6
І-ТАРАУ. ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Есептеуіш техника дамуының бастапқы сатысы
Есептеуіш техникасының пайда болуы, сандарды қосу
операциясын машинаның кӛмегімен орындау идеясынан басталады.
Бҧл идеяны жҥзеге асыруға тырысқаны туралы бізге жеткен алғашқы
еңбек Леонардо до Винчиге тиесілі. Оның еңбектерінде санау және
сандарды сҥйек, тас арқылы есептеулер, есептеу техникасының
қажеттігі туралы ойлар кездеседі. Ол бҧдан шамамен 1500 жылдай
бҧрын кӛп таңбалы сандардың қосындысын табатын қҧрылғының
сҧлбасын жасаған.
1.1-сурет. Леонардо до Винчидің санауыш қҧрылғысының
моделі
Сауданың дамуы кең таралған римдік жҥйедегі сандарды
қосудың қиын екенін кӛрсетті. Сонымен қатар, ежелгі Римде
саусақпен санаудан гӛрі таспен, сҥйекпен санауға кӛше
бастағандықтан, «абак» деген қҧрал есептеуді жеңілдетті. Олар оны
қоладан, піл сҥйектері мен тҥрлі-тҥсті әйнектерден жасады. Бҥгінге
дейін «
абак
» терминінің шығу тарихы белгісіз, алайда ежелгі
римдіктер оны
calculi
немесе
abacuil
деп атады. Осы атаулардан
қазіргі
calculatore
(калькулятор) шыққаны белгілі. Қытайлықтар біздің
эрамыздың VI ғасырында тастарды моншақтарға алмастырды,
суаньпань
деп аталды. Жапондық абак -
соробан
ХV-XVI ғасырда
пайда болса, Ресейде абак XVI-XVII ғасырда есепшот деген атаумен
тарала бастаған.
1.2-сурет. Сҥйектерге салынған кертіктер
(«вестониялық сҥйек», Чехия, б.з.д. 30 мың жыл)
7
1.3-сурет Абак
1.4-сурет. Герберт (940-1003жж. шамасында, Орильянктан) және
ол жасаған абак
1.5-сурет. Суаньпань мен соробан
Жас кҥнінен физикаға қҧмарлығымен елге танылған француз
физигі, математик, инженер Блез Паскаль арифметикалық амалдарды
орындайтын механикалық машина қҧрастырумен 18 жасынан
айналыса бастады. Алғашқы жҧмыс жасайтын машинаның моделі
1642 жылы дайын болды. Паскаль тынбай жҧмыстанып, модельді
жетілдіруге тырысты. Сӛйтіп, 1645 жылы ғалымның ӛзі Паскаль
дӛңгелектері (Паскалево колесо) деп атаған 8-разрядты санау
машинасы есептеу қажеттілігін қанағаттандыра бастады.
1.6-сурет. Блез Паскаль (1623 - 1662) және оның санау машинасы
8
1.7-сурет. Паскаль машинасында ондықтарды тасымалдау механизмі
мен машинадағы бір разряд қҧрылғысы
Еуропаның кӛптеген ғалымдары қосындылағыш машинаны
жаңғыртуға тырысты. Немістің ғалымы, математик Готфрид
Вильгельм Лейбниц 1673 жылы арифметикалық тӛрт амалды
орындайтын механикалық машинаның бірінші нҧсқасын, кейін оны
жетілдіріп, 1694 жылы екінші рет, соңғы нҧсқаны 1710 жылы ҧсынды.
Сӛйтіп Лейбництің
арифмометрі
әлемдік есептеу техникасының
дамуындағы оңды жаңалық болды.
1.8-сурет. Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716) және оның
машинасы
XIX ғасырдың басында ғылымның даму деңгейінің ӛсуіне
қарай есептеулер кҥрделене тҥсті, адамның есептеулеріне кӛп уақыт
қажет болды. Бҧл мәселені шешудің жолдарын табуды ойлап, әлемнің
белгілі ғалымдары техникалық қажеттілікті қанағаттандыру ҥшін
есептеуіш қҧралдар қҧрастырумен айналысты.
Атақты ағылшын математигі, инженері Чарльз Бэббидж 1812
жылы кестелерді машиналық есептеу тәсілдері жайында ойлана
бастайды.
Оның
кӛздегені
математикалық
есептеулерді
автоматтандырудың жолын іздеу болатын. 1786 жылы кӛпмҥшелерді
кестелеулеуге арналған машинаны сандық талдауда кеңінен таныс
айырма тәсілі бойынша жасау идеясын ҧсынды. 1862 жылы
аналитикалық машинаның бӛлігі Королевство және Лондон
мҧражайларында демонстрацияланды.
Ч. Бэббидж машинаның қҧрамды бӛліктерін тӛмендегідей
сипаттап кӛрсетті:
1) сандарды сақтауға қажет «қойма» (қазіргі кездегі оны «есте
сақтау қҧрылғылары»);
2)
арифметикалық
амалдарды
орындауға
арналған
«арифметикалық қҧрылғы» (қазіргі «процессор»);
9
3) операциялардың орындалу тәртібін басқаратын қҧрылғы
(қазіргі «басқару қҧрылғылары»);
4) мәліметтерді енгізу және шығару қҧрылғылары.
Бэббидждің
айырмалық
(Д. Ларднер жазбаларында) немесе
аналитикалық
машинасы
(Л. Менабреа жазбаларында) толығымен
қҧрастырылмады. Дегенмен, Ч. Бэббидждің қҧрылымдық идеясы ӛз
мәнін жойған жоқ, элементтік база ӛзгергенімен, идея мәңгілік болып
келеді.
Августа Ада Лавлейс ӛзінің қысқа ғҧмырында
алғашқы
бағдарламалаушы
ретінде танымал болды. Ӛйткені, ол Бэббидждің
машинасына арналған бағдарламаны машиналық кодпен, яғни,
перфолента тҥрінде жазды. АҚШ әскери басқармасының сҧранысына
байланысты
электрондық
есептеуіш
машиналарына
(алдағы
жазбаларда ЭЕМ) арналған бағдарламаны дҥниеге әкелді. Августа
Ада Лавлейс атақты Джон Байронның қызы, жасынан математикалық
қабілетімен, физикаға қызығушылығымен танылған.
1.9-сурет. Чарльз Бэббидж (1792-1871) және «аналитикалық машина»
1.10-сурет. Августа Ада Лавлейс (1815-1852)
1890 жылы американдық Герман Холлерит халық санағын
жҥргізудегі әкесінің жҧмысын жеңілдету мақсатымен
статистикалық
табулятор
деп аталатын машинаны жасады. Бҧл машина әлемге кең
таралды, сондықтан оны жасайтын мекеме жылдан жылға ҥлкейіп,
1924 жылдан IBM фирмасына айналды.
10
1.11-сурет. Германн Холлерит (1860-1929) және статистикалық
табулятор
Бҧл механикалық техниканың негізінде жҥзеге асырылған
мҥмкіндіктер есептеу қиындықтарынан қҧтқарды. Бҧдан жарты ғасыр
ӛтпей механикалық машиналармен қатар электромеханикалық релені
пайдаланатын автоматты есептейтін қҧралдар пайда бола бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |