Есептеуіш техниканы жµндеу жєне техникалыќ ќызмет кµрсету



Pdf көрінісі
бет3/167
Дата07.02.2022
өлшемі5,94 Mb.
#84146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   167
Байланысты:
medeshova-komputer-architekt

Алғы сӛз 
Қоғамды ақпараттандыру ҥрдісінің қарқынды дамуы еліміздің 
экономикалық жҥйесіне ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік, білім 
беру, медицина, т.с.с. салаларға дамудың ӛзіндік жаңа бағыттарын 
енгізе бастады. Компьютерлердің саны кҥннен кҥнге ӛсіп келеді. Егер 
он жыл бҧрын компьютердің тҥрлерін саусақпен санауға болатын 
болса, қазіргі уақытта қайсысы жаңа, қайсысы мықты екенін айыру 
қиынға соғады. Компьютердің саны мен сапасы жағынан жетіліп, 
кӛлемі мен ӛнімділігі ӛзгерді.
Компьютердің жҧмысы бірнеше деңгейлерге бӛлінеді. Оның 
әрбір маманға қажеттісі - архитектура деңгейі. Компьютер 
архитектурасы дегеніміз ЭЕМ-нің негізгі қызметтік тҥйіндерінің ӛзара 
қарым-қатынасы мен жҧмысты бағдарламалық басқаруды жҥзеге 
асыратын қҧрылысын сипаттайтың жалпы қағидалардың жиынтығы.
Архитектура 
деңгейі 
машиналық 
командалар 
тілінде 
(Ассемблер, т.с.с.) ЭЕМ жҧмысын басқару мәселелерін тереңірек 
қарастырады. Мҧндай тәсіл жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде 
бағдарламалар қҧрудан әлдеқайда кҥрделірек, бірақ компьютердің 
нақты жҧмысын бҧлай тҥсініксіз қарастыру мҥмкін емес. 
Компьютердің логикалық негіздері деңгейінде логикалық 
қағидалар мен оның негізгі операциялық тҥйіндерінің сызбалары 
(триггер, қосындылағыш, шифратор, т.б.) тҥсіндіріледі. 
Компьютердің арифметикалық негіздері ақпаратты кодтау және 
оның техникалық тҥрлендірулерден ӛту әрекеттерін қамтиды. 
Біз ҧсынып отырған оқулықта аталмыш деңгейлер мен 
компьютердің ішкі және перифериялық қҧрылғылары екі бӛлімде 
сипатталады. Оның алғашқы бӛлімінде компьютер архитектурасының 
теориялық негіздері сегіз тарауда берілсе, онда компьютердің даму 
тарихы және ішкі қҧраушылары мен сыртқы қҧрылғыларының 
техникалық 
сипаттамалары, 
ережелер 
мен 
қағидалар, 
микропроцессордың 
қызметі 
қарастырылды. 
Екінші 
бӛлімге 
компьютердің қҧрастыру мен бӛлшектеу, жаңғырту ҥрдістері, 
компьютерге техникалық қызмет ету және ақауды анықтау жолдары 
мен оны жоюдың негізгі бағыттары, қажетті қҧрал-саймандар, 
бағдарламалар, компьютердің негізгі қҧраушыларын жӛндеу және 
ақауларын анықтаудың әдіс-тәсілдері, сыртқы қҧрылғылардың 
сипаттамалары мен қызметтері, бағдарламалық жасақтаманы баптау 
жолдары мен мәліметтерді қалпына келтіру тәсілдері практикалық 
тҧрғыдан оқып-ҥйренуге арналған шаралар ретінде топтастырылды. 
Әрбір тараудың соңында берілген бақылау сҧрақтары мен 
тапсырмалар, тестілер студенттің тақырыптық білімін терең 
меңгеруге мҥмкіндік береді.



Қосымшада білім тексеруге арналған тестілер, білімді жетілдіру 
ҥшін оқу материалдарын толықтыруға мҥмкіндік беретін әдебиеттер 
мен Интернет кӛздері ҧсынылады.
«Компьютер архитектурасы» пәнін оқуда кездесетін негізгі 
ҧғымдар мен тҥсініктердің кейбір аудармаларын тҥсінуге қиындық 
кездесетінін ескеріп, мҧндай ҧғымдардың, тҥсініктердің орыс, 
ағылшын тілдеріндегі баламалары қатар кӛрсетілді.
Оқулық кәсіби жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті білім беру стандарты мен пәннің типтік оқу бағдарламасы 
негізінде кредиттік оқыту жҥйесіне арналып жазылды.
Оқулық жоғары кәсіптік білім беру саласындағы 5В011100-
«Информатика»
 
мамандығының кҥндізгі және сырттай оқу бӛлімінің 
студенттері мен қашықтан оқитын студенттер ҥшін дайындалған. 
Сонымен қатар, магистранттар мен ізденушілер, оқытушылар мен 
«Ақпараттық жҥйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық 
қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттері, колледж оқушылары 
пайдалана алады. 
Авторлар.
 



 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет