Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет167/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

 
 
Халық – жасампаз. Әр халықтың да өз тарихы мен мәдениеті, өз тарихының шежіресі, 
өз мәдениетінің асылы тәрізді көркем әдебиеті бар. 
Халық арасынан талай саңлақ жыраулар мен жыршылар, бармағынан өнер төгілген 
күйшілер шыққан. Талант-гүл, халық соның нәр алар топырағы. Қазақ табиғатынан ақын 
халық. Ұлы Қазан төңкерісіне дейін сан ғасыр байтақ дала төсінде көбіне көші-қоңды күндер 
кешкен халқымыз қуаныш, күйінішін – жан сезімін жырмен ағытқан, өлең – ақыл мен ойдың 
кені, даналық сөз өнерінде деп қадірлеген. 
Қазақ өнерінен тау өзеніндей тасқын жырлы ақпа жыраулар, олардың сөзін таратушы 
жыршылар көп шыққан. Әр дәуірде де ақын, жыраулық, жыршылық өнерді дарынды ұрпақ 
өнеге тұтқан. 
Өмір сырын мол сезініп, санаға жазған дала даналары халқын елдікке, ерлікке үндеген, 
қайғысына қабырғасы қайысып, қуанышына жүрек жарды жыр төккен. Мұндай озық дәстүр 
сипаттарын ақын жырының идеялық-көркемдік сапасынан нақты, әрі затты тануға болады. 
Халықтық, ілгерішіл дәстүрдің басты белгісі – шығарма қандай формада келмесін, айтушы 
қандай мәнерімен айтпасын – оның идеялық мәні мен өмірлік мазмұнында, шыншылдығы 
мен шынайылығында жатады. 
 
Егеменді елдің өміріндегі оң өзгерістерге орай Қазақстанның батыс өңірі әдебиетінде 
есімі аталмай, еңбектері насихатталмай жүрген көптеген ақын-жазушылар шығармашылығы 
қайта жаңғырды. Дегенмен, әлі де зерттеуін күтіп жатқан тың дүниелер де бар. Олардың дер 
кезінде қолға алынып, зерттеуіне әлі де түрлі бөгесіндер болып тұр. 
Қазақстан батыс өңірінің әдебиетін жинауда «Жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің даму 
заңдылықтары (ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезі)» ғылыми-зерттеу жобасы 
авторларының құрамында көрнекті әдебиетшілер мен белгілі әдебиет зерттеуші мамандар 
атсалысты. Филология ғылымдарының докторы, профессор С.А. Қасқабасов («Махамбет 
Өтемісұлы»), ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор 
Қ.Жұмалиев («Шернияз Жарылғасұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор Ә. 
Дербісалин («Шөже Қаржаубайұлы»), филология ғылымдарының кандидаты Қ.Сыдиықов 
(«Абыл Тілеуұлы», «Нұрым Шыршығұлұлы») туралы тарауларды жазды. Зерттеу 
жұмысында еңбектері ғылыми айналымға тартылды [1, 60-61]. 
Қазақстан батыс өңірінің 60-80 жылдардағы қазақ әдебиеті «Х.Ерғалиев», 
«Ж.Молдағалиев», «Т.Ахтанов», «Қадыр Мырза-Әли», «Ә.Кекілбаев» сынды сол дәуірде 
үздік табыстарымен көзге түскен ақын-жазушылардың шығармашылық портреттерінен 
тұрады. 


183 
Поэзия жанрына арналған тарау өз ішінен лирика, поэма болып екіге бөлініп зерттелді. 
Лириканың заманның озық идеялары мен жаңалықтарын танытуда ұшқарылық танытқаны, 
көркемдік деңгейі жағынан жаңа сапаға көтерілгендігі зерттеуде жете айтылды. Эпикалық 
жанрдың өсу, өркендеу жолы тегіс болмағандығы, оның себеп-салдары да сөз болады. 
Қазіргі қазақ поэзиясының тарихтағы орны анықталып, ғылыми тұрғыдан баға беріледі. 
Т.Жароков, Ж.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Х.Ерғалиев, Қ.Мырзалиев, Ф.Оңғарсынова секілді 
ақындардың сүбелі поэмалары қазақ поэзиясының табысы ретінде көрсетілді. 
Аймақтық әдебиеттану проблемасы - соңғы жиырма жылдың дидарында ерекше қолға 
алынып, көтеріле бастаған қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы. Ұлттық 
ерекшелігімізге орай белгілі бір регионның, не аймақтың әдеби мұралары әртүрлі болуы 
мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда Ақтөбе өңірі ежелгі мұраларға өте бай, ірі эпикалық ауданға 
жатады. Ол мұралар туралы кезінде академик Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Ә. Тәжібаев, Ә. 
Дербісалин, Р. Бердібаев, Т. Кәкішевтер оң пікірлерін білдірген. Оған облыс 
территориясындағы небір көмейінен жыры төгілген ақын-жыраулары мен от тілді, орақ 
ауызды шешен-билері, өнерімен тәнті еткен біртуар саңлақтары куә. Олардың қатарына 
шығармашылығы аз-мұз баспа бетін көріп, есімдері халық арасына кеңінен тараған Шернияз 
Жарылғасынұлы, Әбубәкір Кердері, Ақтан Керейұлы, Сары Батақұлы, беріректегі Нұрпейіс 
Байғанин, Құрманәлі Дәуітұлдарымен қоса, кешегі егемендік алғанға дейін есімдерін атауға 
мүмкіндік болмаған Мөңке би, Ақпан Әйітбекұлы, Сарышолақ Боранбайұлы, Қожахмет 
Бұжыртегі, Кете Қазақбай, Әкімгерей Қостанов, Ашубай Жарымбетұлы, Құтаяқ Сейітұлы, 
Сенбай Төлегенұлы, Әлима, Бақи, Таразылар бар. Бұлардың сыртында әртүрлі себептермен 
ұмытылған ақын-жыраулар қаншама?! Соның өзінде олардың шығармаларының кейбір 
үзінділері, жұрнақтары, халықтың рухани қажетін өтеуге керек болғандықтан, ауыздан-
ауызға көшіп, бүгінгі күнге дейін жетті. 
Тек тәуелсіздікке қол жеткен соң ғана орынсыз, ретсіз күсталанған ұлттық 
поэзиямыздың хас жүйріктері қайта ақталып, еңбектері қауымның игілігіне айналды. Мөңке, 
Сарышолақ, Ашубай есімдері «Қазақ әдебиеті энциклопедиясы» сияқты құнды еңбекке енді. 
Ал Нұрпейіс Байғанин шығармалары түп нұсқасы бойынша қайыра басылып, тәуелсіз 
жыршысы Сарышолақ Боранбайұлы, атақты эпик ақын Жөкей Шаңғытбайұлы шығармалары 
орталық басылымдардан жарық көрді. Аталған шығармашылық иелерінің туындылары 
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының аймақтық әдебиеттану лабораториясының 
ғалымдары баспаға дайындады. Ал Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік 
университетінің Гуманитарлық зерттеулер институтының ғалымдары облыс аудандарында 
бірнеше мәрте экспедицияға шығып, жинаған материалдардан құрастырған «Әйтеке би 
аймағының этномәдени мұрасы» атты кітабына [2, 82-84] Жәкібай Сағымбайұлы, Сидақ 
Дайранбайұлы, Закария Шоқаев, Бақтыгерей Науқанов, Құрманәлі Дәуітов, Мәлік 
Әлмұратовтардың поэмалары, дастандары, өлең жырлары еніп жарық көрді. Бұл, әрине, өңір 
әдебиеті зерттеліп бітті деген сөз емес, бұлар тек ғажайып мол мұраның алғашқы 
бастаулары, алғашқы игі әрекет, қадамдары ғана. Себебі, бұлар түгіл есімдері исі қазақ 
жұртына мәшһүр – Шернияз Жарылғасынұлы, Сары Батақұлы, Әбубәкір, Тәңірберді 
мұралары толық жиналмай, мүшелді мерекелерді уақытылы атап өтілмей, шығармашылығы 
толық зерттеліп ғылыми айналымға түспей тұрғаны да ойлантады. Осы орайда, «Қазақ 
әдебиеттану ғылымында «эпикалық аймақ» болып есептелетін Ақтөбе облысы үшін бұл 
орны толмас оқылық, әрине.
Бір ғана мысал: Қобда ауданынан шыққан жыршы-ақын Айса Байтабыновтың өнері де 
зерттелмей жатыр. Басқа шығармашылығын былай қойғанда, қазақтың белгілі батырлық 
эпосы «Қобыланды батыр» жырының ең үздік варианты осы әйгілі жыршының 
орындалуында кейінгі ұрпаққа жеткені белгілі.
Қазақтың киелі топырағы қашан да арқалы ақындарға, баһадүр батырларға, күйші-
жыршыларға, от ауызды, орақ тілді шешендерге кенде болған жоқ. Қазақ жерін – алтын 
тұғырым, Ақтөбем – туған жерім деп санайтын айтулы өнерпаздар, ірі-ірі тұлғалар мен 
ғалымдар, қоғам қайраткерлері, өлеңмен өрмек өрген жыр дүлділдері мен қарасөзбен 


184 
жырлаған сөз зергерлері де баршылық. Кешегі кеңестік заманының алмағайып кезеңінде 
өмір сүріп, дүниеден озған, артына бай әдеби мұра қалдырған Сағыр Камалов, Бернияз 
Күлеев, Ғалым Ахмедов, Сағи Жиенбаев, Ізтай Мамбетов, Тобық Жармағамбетов, Сәбит 
Баймолдиндер мен көзі тірі Өтежан Нұрғалиев, Есенбай Дүйсенбаев, Мұхтар Құрманалин, 
Қажығали 
Мұхамедқалиев, 
Құрал 
Тоқмурзин, 
Үмбетбай 
Уайдин, 
Мәндібай 
Төрежановтардың шығармаларына назар аудару керек деп ойлаймын.
«Ол үшін төмендегі бағыттағы мәселелер зерттеліп, шешілуі керек деп есептейміз» [3, 
306] деген пікірді басшылыққа аламыз: 
- Ақтөбе өңірінің Қазақ хандығы құрылғаннан бергі сөз мұрасы, қол өнері мұрасы және 
сөз өнері мұрасы; 
- Ақтөбе өңірінің Алтын Орда және Қазақ хандығы тұсындағы әдебиеті; 
- XIX ғасырдағы әдебиеті мен өнері; 
- XIX ғасырдағы жазба әдебиеті және өнері; 
- Би-шешендер мұралары (Мөңке би, Нияз би, Жетес би т.б дәстүрлерін зерттеу) . 
Ақтөбе өңірі – ертеден батырлар мен ақындардың елі атанған, тамыры терең тарихы, 
жомарт жері мен еңбеккер елі бар қасиетті мекен. Әбілқайыр ханның ордасы қонған, 
Қобыланды батырдың қонысы болған осы топырақ – небір шайырлар мен билердің, сөз 
зергерлерінің кіндік қаны тамған жер. Асанқайғыдан бастау алып дархан даламызда салтанат 
құрып келе жатқан сөз өнері керуенінің қоржынын толтырып, ата-бабаның аманатын 
болашаққа жеткізу бүгінгі буынның еншісінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет