185
ойы терең болғанмен тілі жұтаң. Ал жастар тілі қасаң тартып, қысқа қайырылатын сөздер
мен тіркестерге ауысуда. Осындай қолданыстан шығып бара жатқан құндылықтарымыз
келешек ұрпақтарымызға жетпей қалуы мүмкін.
Қазақ тіліндегі перифразалардың пайда болуы мен қалыптасуына барлау жасап, оның
құрамы мен басқа да тілдік құндылықтармен байланысын анықтау.
Қазақ тіліндегі перифразалардың лингвистикалық статусын анықтау үшін оның
лингвистикалық статусын белгілеу және осыған сүйене отырып,
ғылыми анықтама
беру;
Қазақ тіліндегі перифразалардың құрылымдық типтерін анықтап, оларды лексика –
семантикалық тұрғыда сипаттау;
Перифразалардың тілдің басқа да бейнелеу, көркемдеу тәсілдерімен қарым –
қатынаста болу заңдылықтарын талдап көрсету.
Қазіргі кезде перифразаларды көп қолданылатын сала публицистика (яғни «газет тілі»)
болып отыр. Баяндауда стильді «әрлендіріп», мәтінге «өң беру» мақсатында астарлы сөздер
мен сөз тіркестері қоланылады . Мысалы еңбек екпінділері жайында мәтіндерден комбайшы,
тракторшы
қыздарды дала тоғайлары, егін ерлері, бейбіт күннің мәншүктері, әлиялары, ел
ішінің төл перзенттері, темір тұлпар мінген арулар деген сияқты перифразалық тіркестер егін
жинау науқаны кезінде және мейрам кездеріндегі репортаждарда
айтылу себебі әсіресе
салтанаттық реңк беру үшін деп баса айтқан жөн. Немесе мынадай: «Сарыарқа төскейі қайта
құрудың қоңыр самалымен терең тыныстап...» деген перифразалық орамының өз мағынасы
«Сарыарқада қайта құру жүріп жатыр» деген болуға тиіс қой . Неге өз мағынасында
айтылмай, ауыспалы мағынада қолданып тұр деп, перифраздап қолданудағы себептерін
қарастыратын болсақ,
бұл біріншіден, көркемдік үшін, көреріңкі леп, айрықша сезіммен
айтылуы мүмкін; екіншіден асырып айтуы үшін, құр әсірелеп айтылуы мүмкін.
Сөйтіп перифразалардың қолданылу аясы көркем әдебиет, сөйлеу тілі, публицистика
болып табылатындығана көзіміз әбден жетті. Перифраза және мәтінде ерекше реңк беріп
адамның сезімін баурап қызығушылықты одан әрі оята түседі.
«Қазақ тілі. Энциклопедиясында» перифразаға: «Перифраза (ағылшын раraphrase) –
сөздің бейнелі мағынада қолдану тәсіліне жататын көркем троптың бір түрі. Перифраза
затты,
процесті, құбылыстың ең негізгі бір қасиетін келтірінді мағынадақолдана отырыр,
соны образды түрде сипаттау, анықтау» [2. 259] деп анықтама береді.
Перифраза (грек periphrasis - айналым) – құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін
түстап емес, соның айналасындағы айрықша белгі қасиеттерді негізге алатын ауыстыру
тәсілінің бір түрі. Перифраза мәтінің идеалық – эстетикалық және көркемдік байлығын
арттырады. Мағыналық эксспресивтігін, әсерлілігін күшейтеді. Мысалы: Түз
патшасы
(арсытан деудің орнына), дала кемесі (комбайн), Дала қоңырауы (Ыбырай Алтынсариннің
есімі бірден ойға оралады), қара алтын (көмір), пәниден бақиға кетті, аққу ұшып көлге кетті
(өлді дегеннің орнына) деп З.Ахметов әдебиеттау термендер сөздігінде перифразаға осындай
анықтама береді. [6.268]
Қазақ тіл білімінде перифраз мәселесіне кеңірек тоқталған Р. Сыздықова көріктеу
құралдарының ішінде айтылмай жүрген перифраза деп, оның себебі біртектес тронтық
категорияларды бір – бірінен дәл ажыратпаудың жоқтығынан деп көрсетті.
Өзінің
Достарыңызбен бөлісу: