210
ұрпаққа білім мен тәрбие беру сияқты жауапты міндеттің нәтижелі болуы, ең алдымен,
мұғалімнің ғылыми-теориялық дайындығына, оның ізденушілік қабілетіне байланысты.
Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастырып,
олардың оқуға деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттырады. Олай болса,
педагогикалық технологияның мәні – шығармашылық қабілеттің дамуы үшін жағдай туғызу,
жеке тұлғаның белсенділігін арттыру.
Осыған орай біздің мамандыққа сәйкес білім беру бағдарламасы аясында жүргізілген
«Педагогикалық шеберлік», «Жаңа педагогикалық технологиялар» атты пәндерде осы
жаңартылған білім беру мазмұны туралы толық мағлұмат беріліп, оқушының белсенділігін
арттыруға және өздігінен білім алуға мүмкіндік беретін, оқытудың әдіс-тәсілдерінің
жиынтығы болып табылатын
нәтижеге бағытталған дамыта оқыту жүйесі
туралы
теориялық-практикалық тұрғыда кеңінен таныстырылды.
Дамыта оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білу – мұғалімнен үлкен кәсіби
шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттылықты талап етеді. Дамыта оқыту
жүйесінің теориясын толық меңгеріп, тәжірибеге енгізу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы
жүргізілді. Зерттеу барысында төмендегідей жайттар анықталды. Дамыта оқыту теориясы өз
бастауын И.Г.Песталоцци, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин еңбектерінен алады.
Ал дамыта оқыту процесінің ғылыми негіздемесі Л.С.Выготский есімімен байланысты
қалыптасты. Өз еңбегінде Г.К.Селевко: «В 1996 году Министерство образования России
официально признало существование систем Л.В.Занкова и Д.Б.Эльконина – В.В.Давыдова.
Остальные развивающие технологии имеют статус авторских, альтернативных», – деп
көрсетеді [1].
Дамыта оқу жүйесін қалыптастыратын В.А.Занковтың идеясы – білім өзінен-өзі
ешкімді дамытпайды, сырттан берілген білімді ішкі құлшыныс пен талпыныс арқылы оқушы
өз санасына ұғындыруы керек. Яғни танымдық схемалар санада құрылуы керек. Ол үшін
ғылым, білімді өз бетімен алу әдісін оқушыға үйрету керек, - дейді [2].
Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген
мақсаттарына жету
тек баланың белсенділігіне байланысты.
Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-
тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, оқушының іс-әрекетін талдап,
көмектесіп отыруды көздейді [3].
Жоғарыда айтылғандардың ішінен Ресейде бастауын Л.С.Выготскийден алып, оның
бер жағында А.Н.Леонтьев идеясына сүйенетін Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов жасаған
дамыта оқыту теориясын басшылыққа ала отырып, эксперимент жасау арқылы өз
тәжірибеме енгізіп, бастауыш сыпныптарда пәндерді дамыта оқыту әдістемесі жасалынды.
Негізінде, дамыта оқыту дегеніміз – нақты өмірде және сол өмірдің табиғи дамудың
заңдарын танып, соған сүйеніп ұйымдастырылатын оқу-танымдық үдерісті білдіреді.
Дамыта оқытудағы негізгі мақсат
- білім мазмұнын жаттандылықпен үйрету болып
табылмайды, яғни білім мазмұнын оқушыға өз бетімен жасалатын көптеген ақыл-ой
әрекеттерін орындау арқылы меңгерту және теориялық ойлауын дамыту.
Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім оқыту материалдарында берілетін білім мазмұнын
«бар, өзгермейтін, даяр» нәтиже ретінде беретін болса, ал
Достарыңызбен бөлісу: