Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет190/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

дамыта оқыту үдерісінде
оқушыны білімді біріге іздейтін, әсіресе, 
оқушының өзіне «жаңалық ашу»
мүмкіндігін 
жасайтын әдіс алдыңғы орын алады. Осындай әдістер арқылы оқушылардың оқу-танымдық 
белсенділігі жоғарылап, білім алу сапасының көрсеткіштері де биіктей түседі. Яғни дәстүрлі 
оқытуда мұғалім дүниеде танылған заңдылықтарды өзі көрсетіп, өзі талдап, өзі соның 
түйінін жасап береді, ал дамыта оқытуда оқушы өзін мұғалім дамытуға міндетті және солай 
болуы тиіс объект ретінде емес, өзін-өзі дамытуға, өзгертуге қатысты субъект ретінде орын 
алады. 
Дамыта оқыту жүйесінің ерекшелігі
– оқушының оқу процесінде белсенді субъект 
ретінде қатысуы, білімді өз бетінше іздену арқылы меңгеруіне жағдай жасау, өзін-өзі 
дамытатын тұлға қалыптастыру.


211 
Дамыта оқытуда негізінен оқытудың барлық әдістерін түрлендіре отырып 
шығармашылықпен қолдануға болады. Соның ішінде тәжірибеде кеңінен қолданылып 
жүрген бірнеше әдістерді:
-
қызығушылықты ояту 
-
талдау 
-
салыстыру 
-
ажырату 
-
жинақтау 
-
бақылау 
-
зерттеу 
-
модельдеу (жобалау) 
-
проблемалық оқыту 
-
тірек-сызба арқылы оқыту 
-
деңгейлеп оқыту 
-
ойын арқылы оқыту және т.б.әдістерді айтуға болады. 
Дамыта оқытуда мұғалім оқушылардың алдына проблемалық мәселе қояды, соны 
шешудің жолдарын қарастыра отырып, оқушыларды ойлауға жетелейді, әрекеттің барысына 
бағыт-бағдар береді. Оқушыны өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге үйретеді. Себебі 
сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы - 
баланың жеке басын дамытудың 
басты кепілі
. Олай болса мұғалім ақылды, өз пәнін жетік біледі, бірақ бәрін өзі айтып бере 
салмайды, өз білімімен баланы таң қалдыруға тырыспайды.
Дамыта оқытуда керісінше мұғалім мәселе қойып, оны шешуде баланы ойландыра 
отырып, оның танымдық қабілеттерінің ашылуына жағдай жасап, баланың бойындағы 
сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында оқушының өз бетімін орындайтын оқу 
әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушы жаңа білімді өз бетінше игеріп, өзі ереже шығарып, 
өзі «жаңалық ашқандай» дәрежеге жетуіне ықпал жасайды. Осылайша оқушы қоғам, ғылым 
шешіп қойған, бірақ ол үшін жаңалық болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі, оқу 
әрекетімен шұғылданады. Сонымен қатар дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік 
әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін 
амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға 
түсу керек. Содан барып, оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға 
әрекеттенеді.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың өзін-өзі бағалауы жүзеге асырылады. Осыны 
ескеріп мұғалім үнемі сабақта оқушылардың білімін бағалауда «Өзін-өзі бағалау» жүйесін 
қолданса, олар өз білім деңгейлерін өздері бағалау арқылы өздеріне сыни тұрғыдан қарап, 
күннен күнге жақсы баға алуға ұмтылысы, қызығушылығы артатыны сөзсіз. Қорыта 
айтқанда дамыта оқыту әдістерін әрбір мұғалім жетік меңгеріп, оны өз тәжірибелерінде 
шығармашылықпен тиімді қолдана білсе және оқушының өзін-өзі бағалауын енгізсе сапалы 
білімге қол жеткізуге болатындығын біз өз тәжірибемізде дәлелдедік. Тәжірибе нәтижесінде 
бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Қазақ тілі пәнін дамыта 
оқытудың оқу-әдістемелік кешені" әзірленіп, монография шығарылды[4]. 
Практикалық сабақтарда белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану арқылы дамыта 
оқыту сабағының жоспары құрылып, құрылған жоспар бойынша сабақтар жүргізіліп, 
сабақтарға өзара талдау жасалып өзара пікір алмасу жолдары қарастырылды. 
Қазақ тілі 2-сынып. 4 Бөлім. Бізді қоршаған әлем 
Сабақта меңгерілетін оқу 
мақсаттар: 
Ж 11.2.5 Дара және күрделі етістіктерді ажыратады 
Бұрыннан бар білімдері 
Сөздерге сұрақ қою арқылы сөз таптарын ажырата біледі 


212 
Оқу мақсаттары:
Барлық оқушылар: 
• 
Заттың қимылын 
білдіретін сөздер 
сөйлемде қандай 
қызмет атқаратын 
біледі 
• 
Етістіктер адамның 
ойын толық 
жеткізіп, 
түсіндіруге 
көмектесетінін 
термин екенін 
біледі; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет