241
инвестициялық белсенділікті қолдауға, халықтың табыстары деңгейі төмендеуінің алдын
алуға және жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыруға бағытталған.
Қаланың
экономикасындағы әрбір нақты бағытты әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту
ескерілуі қажет. Сонымен қатар, жергілікті шағын және орта
бизнеске қолдау көрсету
шараларын қаперде ұстаған жөн деп айтып өтті.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің бастамасымен іске асырылған EXPO-2017
халықаралық көрмесінің шарттарының біріне сәйкес республика азаматтары қазіргі заманғы
техника мен технологияларды тиімді қолдана отырып,отбасы демалысына арналған
орталықтар салу. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі
жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында
ұйымдастыру туралы
Мемлекет басшысы бастама көтерді.
Бүгінгі үлкен қалалар өмірінде дизайн өнерінің алатын орны ерекше. Қандай да
болмасын ғимараттың экстерьері мен интерьерін еуропалық дизайнмен жасақтау дәстүрге
айналып барады. Бұл да біздің еліміз үшін үлкен жетістік деуге болады. Дегенмен, бүгін біз,
болашақ дизайнерлер еліміздің Орта Азия мен Қазақстанға тән ортақ дизайн үлгісінің әдіс –
тәсілдерін іздеуге жаңа ықпал жасауымыз керек. Әсіресе, өсіп келе жатқан ұрпақтың сән-
салтанатты тұрмысының құрылымдық ерекшелігі әдемі болуы тиіс. Адам өз әлемінде
әдемілік пен арманымен өмір сүруі тиіс. Адам өмір сүретін ортада салынған ғимарат жайлы
да жақсы болғаны міндетті. Ғимараттың экстерьері мен интерьері –құылыстың мазмұны мен
үйлесілімділігін береді.
Дүниежүзінің әрбір халқы жұмыс орны мен тұрғын үйлерін,
қоғамдық ғимараттың
экстерьері мен интерьерін әсемдеп, өрнектеуге көңіл бөледі. Экстерьері мен интерьердің
жайлылығы, әдемілігі адам өмірінде басты орын алатыны белгілі. Ол үшін адам өз қиялына
ерік беру керек.
Экстерьері мен интерьерді қолданбалы эстетикалық жағынан безендіру адамның ақыл
ойын дамыта отырып,
қайырымдылыққа, адамгершілікке, сұлулыққа баулиды. Осындай
жылы ортада өскен балалар да тәрбиелі болып өседі. Осы қасиеттер адам баласында болмаса,
тұрғын үйлер,
ғимараттар жылылықтан, жайлылықтан, үйлесімділіктен ада болып жоғалар
еді. Осыған орай менің қарастырып отырған мәселем - қазіргі үлкен қаладағы демалыс
орындарын,
сонын ішінде, жастарға арналған жастар демалыс орталығының жобасы.
Отандық қала құрылысы тәжірибесі ұзақ жылдар бойы аумақтың (теритторияның)
кеңінен жеткіліксіз, аудандардағы құрылыс аймақтарының эколгиялық мәселесі
шешілмегендігі болған.
Достарыңызбен бөлісу: