«ШАЙТАН ТИЕК-ШАЙТАН ІСІ »
Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап - шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен
ауылға тоқтап, демалмақшы болады.
Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын
тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады.
Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса,
аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса,
домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі
деп шешеді. Сонан бері, халық арасында бұл “шайтан тиек” деп аталып келеді. Ат Қылынан
тартылған шекті, тиексіз аспаптар ерте кезде қолданылған.
Достарыңызбен бөлісу: |