Тірек сөздер: Аңыз, домбыра, ертегі Аңыз әңгімелер. Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған
көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған
белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін
еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері
ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың
қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне
байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі
күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады.
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы.
Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш
эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра
кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра
жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық
шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.