Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Домбыра қалай пайда болды?



Pdf көрінісі
бет218/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Домбыра қалай пайда болды?
Ел аузында мынадай аңыз бар. Ертеде қылышынан қан 
тамған қаһарлы ханның атастырған жалғыз қызы бойжеткенде, бір кедей жігітке ғашық 
болып, көңіл қосып жүреді екен. Мұны біліп қойған хан жігітті дарға астырады. Жігіт
өлгеннен кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады. Көп көзінен, ел сөзінен 
сескенген хан жаман атқа қалмаудың амалын іздеп қос бүлдіршіннің көзін жоюды астыртын 
мыстан кемпірге тапсырады. Мыстан кемпір өмірге жаңа ғана келген сәбилерді көз көрмес, 
құлақ естімес жерге апарып, биік өскен жап-жасыл ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды 
батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып қуара 
бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек те өсуін доғарады.
 
Ел ішіндегі өсек сөз шыдамаған қыз егізін іздеп жолға шығады. Бармаған жер, 
баспаған тауы қалмайды. Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер, арманмен айлар, жылаумен 
жылдар өтеді. 
Қатты шаршап, діңкесі қатқан қыз әбден құрып қабығы түсіп, шіруге айналған биік 
ағаштың түбіне келіп қисаяды. Ұйықтап кеткен соң оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен 
оятады. Құлақ түріп, тың тыңдаса «ән салып» тұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн 
естіледі. Қыз күндіз егізін іздеп, түнде осы «әнші» ағаштың түбіне келіп, неше түрлі әуез 
естіп, көңіл жұбатып, тынығып жүреді. 
Бір күні айналаға көз салмақ болған қыз ағаштың басына шығамын деп оны құлатып 
алады. Бірақ көп ұзамай самал соғып, «әнші» ағаш қайта зарлай жөнеледі. Қыз оның 
құпиясын білмек болып, тексереді. Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс екен. Жіңішке 


237 
басының екі жағында бұтақтан бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі 
баласынан қалған жұрнақ еді. Батыс жағындағы ішек бостау, ал шығыс жағындағы ішек 
қатты тартылыпты. Егізінің өлімінен хабары жоқ қыз енді ағаш неге ән салатынын түсінеді 
де, өзі де қуыс ағаш жасап алып, манағы екі ішекті соған тағады. Шертіп көрсе, керемет үн 
шығады. Қыз байғұс бостау тартылған ішекті үні мұнды шығатындықтан ұлы — Мұңлық, 
ал ащы, тым зарлы шығатындықтан қатты тартылған ішекті қызым — Зарлық деп ат қойып, 
күндіз-түні қолынан тастамай күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен. 
Ерте, ерте заманда, ер етігімен су кешкен келте заманда, тарихтың тоғыз тарауы қарт 
жыраудың толғауымен қосылып домбыраның шанағына құйылған екен. Сонда осынша 
байлық оның қуыс мойынан шығып кетпесін, һәм тоғыз тараудың белгісі болсын деп, бүкіл 
ел болып жиналып домбыраға тоғыз тарау – перне таққан екен. Осыдан соң оның шанағы 
кеңейіп, мойыны жіңішкерген екен. 
Ал, елім деп егіліп, ел есіндегі ер есімдерін паш кеткен қарияның құрметіне 
домбыраның құлағы тесіліп, қос бұрама қалдырған екен, бетіне жүрек тебірентіп, ой 
толғайтын қос ішек тартылған екен. Осындай ой халықтың алтын қазынасы боп сол 
заманнан қалған екен. Мінекей, екі ішекті домбыраның дүниеге келуі жөніндегі ел аңыздары 
осылай толғайды. Егер «аңыз түбі шындық» деген халық нақылына сенсек, бірінші аңыздағы 
домбыра кездейсоқ пайда болып, адам жанына аса қажет қасиетті аспапқа айналған. 
Диалектикалық материализм кездейсоқтықты әсте жоққа шығармайды. 
Домбыра қайдан шыққан деген сұраққа бүгінгі қазақ аспап танушылары 
«ұрмалы аспаптар негізінде пайда болды» деп жауап беріп келеді. Бұны айтушылардың ой-
пікірлерін саралап келгенде біздің көз алдымызға домбыраның мынадай даму процесі 
елестейді. 
Байыппен бағдарлар босақ, бұл тұжырымның бар секілді. Ең көне деп табылған алмұрт 
тәріздес ішекті аспаптың шанағынан мойынның созылып шыққандығы, оның келесі сатысы 
– шертердің пайда болуы, шертер әу баста бір ішекті болған. 
Қазақ халық музыкасының аспаптану ғылымының негізін қалаушы академик Ахмет 
Жұбанов болжамы бойынша: «Домбыра сөзі «қозы құйрық» дегенді білдіретін «дунбаһ» 
және «бурра» деген екі араб сөз тіркесінен пайда болған. Шындығында да домбыраның 
шанағының пішіні конус тәрізді және қозының құйрығы сияқты аяқталады» делінген. 
 
«Домбыра» атауы «Домбира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те 
топшылайды. Мұның да қисыны бар секілді. Өйткені шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті 
нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін беру жоралғысы бүгінге дейін 
сақталған. 
«Домбыра» сөзі көптеген халықтар тілінде бар және оларды бәрі тек музыкалық 
аспап атауы ретінде айтылады: 
татарларда – думра 
қалмақтарда – домр 
монғолдарда – домбур 
остяктарда – домбра 
өзбектерде – танбур 
оңтүстік славяндарда – тамбура 
украиндарда – бандура


238 
грузиндерде – пандури деп аталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет