239
Ел ішіндегі өсек сөз шыдамаған қыз егізін іздеп жолға шығады. Бармаған жер,
баспаған тауы қалмайды. Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер, арманмен айлар, жылаумен
жылдар өтеді.
Қатты шаршап, діңкесі қатқан қыз әбден құрып қабығы түсіп,
шіруге айналған биік
ағаштың түбіне келіп қисаяды. Ұйықтап кеткен соң оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен
оятады. Құлақ түріп, тың тыңдаса «ән салып» тұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн
естіледі. Қыз күндіз егізін іздеп, түнде осы «әнші» ағаштың түбіне келіп, неше түрлі әуез
естіп, көңіл жұбатып, тынығып жүреді.
Бір күні айналаға көз салмақ болған қыз ағаштың басына
шығамын деп оны құлатып
алады. Бірақ көп ұзамай самал соғып, «әнші» ағаш қайта зарлай жөнеледі. Қыз оның
құпиясын білмек болып, тексереді. Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс екен.
Жіңішке
басының екі жағында бұтақтан бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі
баласынан қалған жұрнақ еді. Батыс жағындағы ішек бостау, ал шығыс жағындағы ішек
қатты тартылыпты. Егізінің өлімінен хабары жоқ қыз енді ағаш неге ән салатынын түсінеді
де,
өзі де қуыс ағаш жасап алып, манағы екі ішекті соған тағады. Шертіп көрсе, керемет үн
шығады. Қыз байғұс бостау тартылған ішекті үні мұнды шығатындықтан ұлы — Мұңлық,
ал ащы, тым зарлы шығатындықтан қатты тартылған ішекті қызым — Зарлық деп ат қойып,
күндіз-түні қолынан тастамай күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен.
Ерте, ерте заманда, ер етігімен су кешкен келте заманда, тарихтың тоғыз тарауы қарт
жыраудың толғауымен қосылып домбыраның шанағына құйылған екен. Сонда осынша
байлық оның қуыс мойынан шығып кетпесін, һәм тоғыз тараудың белгісі болсын деп, бүкіл
ел болып жиналып домбыраға тоғыз тарау – перне таққан екен. Осыдан соң оның шанағы
кеңейіп, мойыны жіңішкерген екен.
Ал,
елім деп егіліп, ел есіндегі ер есімдерін паш кеткен қарияның құрметіне
домбыраның құлағы тесіліп, қос бұрама қалдырған екен, бетіне жүрек
тебірентіп, ой
толғайтын қос ішек тартылған екен. Осындай ой халықтың алтын қазынасы боп сол
заманнан қалған екен. Мінекей, екі ішекті домбыраның дүниеге келуі жөніндегі ел аңыздары
осылай толғайды.
Достарыңызбен бөлісу: