Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Ключевые слова: скульптор, sculptor



Pdf көрінісі
бет298/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

 
Ключевые слова: скульптор, sculptor. 
 
Қазақ өнері тарихынан аян кескіндеме, графика, мүсін өнерінің даму үдерісі өткен 
ғасырдың 20-шы жылдарынан қарқын алып, өркендеді. Оған дейін, халқымыздың көркем 
шығармашылығы негізінен күнделікті тұрмыста қолданылатын өнермен ғана байланысты 
болды. Бабаларымыз дініміздегі тиымды ескерген себепті шығар жанды нәрсені бейнелеуге 
онша құлықты болмаған. Сондықтан кәсіби бейнелеу өнерінің кешеуіл келіп, кенже дамуына 
әсер еткен фактор сол деген тұжырымға келеміз. Осынау 100 жылға жуық уақыт ішінде 
елімізде бейнелеу өнерінің қай түрі де кең қанат жайды, тіпті өзіміз көп сынай беретін 
Кеңестік одақ кезінде аса қарқынды дамыды. Ол уақытта сурет туындылары идеология 
құралы ретінде пайдаланылып, үкіметтің қамқорлығында болды. Жүріп өткен жолға кеңірек 
тоқталу менің осы жолғы мақсатым емес. Тек өнерде айрықша орны бар, арамызда жүрген 
тұлғаның өмірі мен шығармашылығына аз-кем тоқталсам деймін... 
Сонымен, қазақ мүсін өнеріндегі майталман шебердің бірі - Болат Сапарұлы 
Досжанов 1945 жылы Алматы облысына қарасты Іле ауданында дүниеге келген. 
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, республикалық және халықаралық 
көрмелердің лауреаты. В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет 
институтының түлегі. Оқу орнын аяқтаған жылдан бастап күні бүгінге дейін дарынды 
жастарды өнерге баулып, әр жылдарда Алматы көркемсурет училищесінің директоры, 
Ұлттық өнер Академиясының проректоры, т.б. лауазымды қызметтер атқарған. 
Монументалды мүсін өнерінде көптеген туындыларды дүниеге әкелген ол, мүсіннің 
қоршаған ортамен жарасымды үйлесімділігін, жарықтың түсуін басты назарда ұстайды, 
шығармаларына классикалық үлгіге тән пластикалық ерекшелік береді. Оның 
шығармаларындағы тарихи тұлғалар образдары, олардың нақты табылған кескін-келбеті мен 
дұрыс өлшемді шешімі, кеңістіктегі орны, қазақ мүсін өнерін классикалық деңгейге көтерді.
Болат ағамен жақын таныстығымыз М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ға мемлекеттік 
емтихан комиссиясының төрағасы болып келген жылдардан басталған. Білімді, не нәрсені де 
аспай-саспай тиянақты жеткізетін, кәсіби шеберлігі мол, қайраткер тұлға жүрегіміздің 
түкпірінен орын алды. Қазір бір-бірімізді сағынып, жиі телефон шалып хабарласып 
тұратындай дәрежеге жеттік. Оралға келген алғаш сапарында «Сіз қазақтың мүсін өнерінде 


306 
айрықша орны бар тұлғасыз. Әуел басында бәрі қалай басталып еді өзі?» - деп сұрақ 
қойғанымызда, Ағай байыппен «Балалардың барлығы да кішкентай кезінде сурет салуға әуес 
болады ғой. Сол сияқты мен де бала жасымнан шимайлап сурет салатынмын. Мектеп 
қабырғасында оқып жүрген кезімде сынып безендіру жұмыстарына жақсы араластым. 
Мұғалімдердің берген тапсырмаларын қалтқысыз орындап мейрам сайын қабырға газеттерін 
шығаратынмын. Күні кешегідей әлі көз алдымда, жоғары сыныптарға көшкен кезім еді, 
біздің мектепке қазақтың кәсіби тұңғыш мүсіншісі, Қазақстанның Халық суретшісі 
Хакімжан аға Наурызбаев келді. Менің салып жүрген жұмыстарымды көріп, өзінің 
шеберханасын көруге шақырды. Шеберханадан көптеген жұмыстардың эскиз, макеттерін 
көрдім. Қызығушылығым артты, ағайдың ықпалы да шығар, хирург боламын деп жүрген 
арманымнан айнып, мүсінші болам деп шештім сол жерде. Алматы сурет училищесін 
бітірген соң, Мәскеудегі В. Суриков атындағы көркемсурет институтынан білім алып, мону-
менталды мүсін өнері мамандығын алып шықтым» - дейді.
«Мәскеу мүсін мектебі дүниежүзіне белгілі ғой, тәлім берген ұстаздарыңыздан 
кімдерді атар едіңіз, студент шақтағы шуақты сәттерге тоқталып өтесіз бе» - деген 
сауалымызға «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» деген, әрбір суретші белгілі бір 
шебердің қолынан тәрбие алып шығады. Өйткені, әр шебердің артында үлкен бір мектеп
дәстүр тұрады. Мәскеуде Михаил Федорович Бабуриннен білім алдым, ол әлемге аты 
мәшһүр мүсінші Александр Терентьевич Матвеевтен, ал Матвеев есімі аңызға айналған 
тұлға - Мансурдан білім алған екен. Сондықтан, өзімді Мансурдың «шөбересімін» деуге 
құқым болар?» - деп өзіне тән жымиыспен, күлімсірей, «Мәскеудегі дипломдық 
жұмысымның тақырыбы «Құрманғазы» еді. Ұстазым осы тақырыпты алғанымды онша 
қаламады. Бірнеше рет өтініп сұрап көріп едім, келіспей қойды. Менің миымнан 
Құрманғазы образы мүлдем шығар емес. Не істеу керек? Біраз толғанып Бабамыздың 
шығармаларын бұл кісіге тыңдатып көрсем деген ой келді. Сол үшін пойызбен арнайы 
Алматыға келіп, күйтабақты тауып, Мәскеуге апардым. Ұстазыма «Сарыарқа» күйін 
тыңдаттым. Дана адам ғой - Михаил Федорович күйді бар жан-тәнімен
 
тыңдады, біраз 
үнсіздіктен соң – «Бұл адам жай музыкант емес, үлкен философ екен, жұмысыңды баста» - 
деді де шығып кетті» 
Қандай данышпан адам, қандай ғажап көрініс! Сол алғашқы бағдаршам іспетті - 
дипломдық жұмыс - Құрманғазыдан басталған кәсіби шығармашылықтың өрісі кең болды, 
тарихи тұлғалар бейнелері оның негізгі тақырыбына айналды.
 
Болат ағаның дүниеге 
келтірген барлық туындыларына жеке-жеке тоқталу мүмкін емес, тек соңғы ширек ғасырда 
жасаған еңбектерін шолып өтсек те жеткілікті.
1992 жылы «Қара кемпір» мүсінін өмірге келді. Ол Мерке даласында майданға 
аттанған екі боздағын күтумен бүкіл ғұмырын сарп еткен ана бейнесі еді. Осы қасиетті анаға 
арналған ән де (композиторы А. Қоразбаев) кезінде республикамызға кең тараған. Желтоқсан 
қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың рухын асқақтату мақсатында оның туған ауылында бюст 
орнатылса, Қызылорда облысында әл-Фарабидің замандасы Суннақ бабаға үлкен монумент 
қойылды. 
1999 жылы Петропавл қаласында А.С.Пушкиннің туғанына 200 жыл толуына орай 
екі метрден аса гранит мәрмәр тұғырдың үстіндегі бюст, жалпы биіктігі үш метрден асатын 
монумент ашылса, сол қаладағы тағы бір мүсін - Қарасай мен Ағынтай батырларға арналған 
композициялық шығарма. Бұл ескерткіш Погодин атындағы орыс драма театрының алдына, 
яғни театр алаңында орнатылған. Қоладан құйылған ескерткіште қазақтың хас батырлары 
Ағынтай мен Қарасай иық тіресіп тұр.
Тарихи деректерге сүйенсек, Қарасай мен Ағынтай арасындағы достық олардың талай 
жеңіске жетуіне себеп болған. Қашан да адамды ілгері жеңіске жетелейтін мызғымас достық, 
айырылмас құшақ екендігі белгілі. Талай жауға бірге шапқан, айырылмас дос болған қос 
батыр ерліктері осы композицияда көрініс тапқан. Сәтті шыққан туындының сувенирлік түрі 
шығарылып, қазір елге келген шетелдіктерге, сыйлы қонақтарға тарту ретінде ұсынылып 
жүр. 


307 
2010 жылдың жазында Астанада он жеті метрлік ескерткіш, қазақтың Ұлы ақыны 
Абайдың мүсіні бой көтерді. Бұл, сөз жоқ, көп ізденісті еңбектің жемісі. Және де бұл бүгінгі 
таңдағы елімізде орнатылған ең үлкен ескерткіш болып табылады. 
2011-2012 жылдары Елордада «Қазақ елі» монументі өмірге келгенін білеміз. Мүсінде 
қазақ тарихындағы тұлғалар бейнесі кең көрініс тапқан. Осынау авторлар ұжымымен 
дүниеге келген үлкен композицияда Болат ағаның қолтаңбасының болғандығы өнерде бірге 
бірге жүрген біз секілді інілері үшін де ерекше мәртебе. Ол Отанға, елге, жерге деген 
патриоттық рухымызды оятады, ерекше сезімге бөлейді. 
Қаламызда орнатылған мүсін һәм ескерткіштер туралы көзқарасын білгіміз келіп, 
Болат Сапарұлынан сөз суыртпақтағанымызда, ол: «Орал – көрікті, өзіндік сәулет өрнегі бар 
әсем қала, даму үдерісі жақсы. Өзімнің үйреншікті әдетіме басып, келісімен қала саябақтары 
мен аллеяларына, ғимараттар алдына, көшелерге көрік беріп, көпшіліктің көзайымы болып 
тұрған ескерткіштердің барлығын қарап шықтым.
 
Ұлы Абай айтады ғой: «Әттең дүние-ай, 
сөз таныр кісі болса, кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау»-деп. Қаладан композициялық 
шешімі төмендеу ескерткіштер мен шағын пішінді мүсіндерді көрдім. Кейбіреулерін алып, 
кәсіби тұрғыда дамытып, қайта жасап қойса болар еді. Оған өзім бар жинаған тәжірибем мен 
ақыл-кеңесімді беріп, тіпті ақысыз жасап беруге де көмектесер едім. Қаланың жаңа 
ауданында үлкен алаң ашылыпты, енді соның әдемілігін жоймау керек. «Келісіп пішкен тон 
келте болмас» - дегендей, талғаммен, кәсіби шеберлермен, суретші-мүсіншілермен кеңесе 
отырып шешу қажет барлығын. Өзің төрағалық етіп отырған «ҚР БҚО суретшілер одағы» 
осы мәселелердің басы-қасында болғаны дұрыс дер едім»-дейді.
 
Болат Досжанов Оралға сапарын соңғы уақыттарда жиілетті. Оның осы таяудағы 
келуінің себебіне сәл тоқталайын. Болашақта Орал қаласында бой көтеретін Исатай мен 
Махамбет ескерткішіне мүсіншілер арасында республикалық конкурс жарияланды. Ол 
«Егемен Қазақстан» газетінің 2016 жылғы 22 маусым күнгі нөміріне шықты. Исатай-
Махамбет тұлғасы көкірегінде патриоттық сезімі бар, ұлтты сүйетін, оның тарихын 
бағалайтын мүсіншінің қай-қайсысын да мазалап жүрген тақырып. Менің білуімше аталмыш 
тақырыпты көп жылдан зерттеп, зерделеген, жүректен өткізген жандардың бірі осы - Болат 
аға еді. Сондықтан байқауға қатысуға бірден бел буған көрінеді. Шілде айының аяғына 
таман байқаудың облыстық кезеңі өтті, онда ағаның мүсіндік-композициясы жоғары 
бағаланды. Облыстағы көркемдік кеңес, һәм комиссия мүшесі ретінде сол талқылауға өзім де 
қатыстым.
Ал, өткен 2016 жылғы қыркүйекте Астана қаласында, Мәдениет министрлігінде 
ескерткіштер жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы болып ондағы 
сараптау комиссиясы да Исатай-Махамбет жобасын үздік деп таныпты. Қуанышты хабар, 
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында осындай ұлы істерге жол ашылды. Ұрпақ Отаншыл 
болсын десек осы секілді жобаларды көбірек қолға алуымыз қажет және мемлекет оны 
қолдауы керек. Бұл екі баһадүр бабамыздың мүсіндік бейнесі өскелең ұрпаққа, кеудесінде 
оты бар жандарға, ел намысын асқақтатуға атсалысып жүрген барлық азаматтарға күш, 
жігер, рух берері сөзсіз.
Сөз соңында, Болат Сапарұлының тастан қашап, қоладан құйған мүсіндері қазақ 
бейнелеу өнеріне қосылған классикалық шығармалар ретінде тарихта қалатынына шүбә 
келтірмейміз. Өткен мен бүгіннің бейнесін дөп баса сомдаған кәсіби маман иесіне 
денсаулық, шығармашылық шалқар шабыт тілейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет