Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет48/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

 
Аудармадағы транскрипция 
Аудармадағы транскрипция дегеніміз – бастапқы лексикалық бірліктердің аударма 
тіліндегі фонемалар арқылы фонемалық ресми қайта жаңғыруы, негізгі сөздің фонетикалық 
имитациясы. Аударманың келесі тәсілі транслитерация – бастапқы лексикалық бірліктерді 
аударма тілінің әліпбиі арқылы әріптік ресми қайта жаңғыруы, негізгі сөздің әріптік 
имитациясы. Бұл жерде бастапқы сөз аударма мәтінінде аударма тіліндегі айтылу сипатына 
сай түрде беріледі. Мәселен, 
Shakespeare – Шекспир
есімінің қазақ тіліне аударылуы 
ағылшын тілі дыбыстарының оқылу заңдылықтарына ішінара сәйкестенсе, қазақ тілінде 
фонетикалық сәйкессіздік болған жағдайда ішінара ұқсас түрлеріне түрлендіріледі. Мұндай 
транскрипция амалы ағылшын есімдерін қазақ тіліне аударуда қолданылады [1,245]. 
Біршама қиындық қазақ есімдерін ағылшын тіліне аударуда орын алады.
Мысалы, қазақ тіліндегі ж, х, ю, я, і, ә, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө сынды әріптер мен дыбыстарды 
ағылшын тіліне аудару қиындық туғызады. Сонымен бірге патша есімдері мен титулдарын 
аудару кезінде аудармашынының аударма транскрипциясын қолдануында да біршама 
қиындықтар орын алады. Осы салада XIX ғасыр соңына дейін қолданысқа енген есім 
түрлеріне қатысты жалпы тіларалық транскрипция ережелері бар. Мәселен, ағылшын королі 
James I Stewart есімі әдебиеттерде 
Иаков 1 Стюарт
деп аталса, соңғы жылдары баспасөз 
беттерінде 
Яков 1
есімі кездеседі. Дегенмен, бұл ішінара дәстүрлі түрден ауытқу шын есім 
транскрипциясына әлі өткен жоқ, яғни 
Джеймс 1
негізгі есімі әзірге қолданыс аясында 
кездеспейді [2, 260]. 
Аударма тәжірибесінде жалқы есімдердің аудармасы үшін қолданылатын транскрипция және 
транслитерация тәсілдері жеткіліксіз болып келеді. Егерде жалқы есімдер негізіне 
символдық қызметтер жатса, яғни ерекше объект есімі болса немесе есім орнына емес, 
қосымша есім орнына қолданылса, онда олар жалпы есімге айналады. Өйткені, есім 
тұлғаның тұлғалық қасиеттерін және белгілерін білдіреді. Мұндай жағдайларда 
транскрипциядан басқа немесе оның орнына калькалаумен бірге семантикалық аударма 
үйлесімділігі қолданылады. Мысалы, ағылшын мәтіндерінде кездесетін 
Chief White Halfoat
есімін қазақ тіліне әртүрлі тәсілдер арқылы жеткізуге болады: Чиф Уайт Хафоут 
(транскрипция), Қолбасшы Ақ Сұлы (семантикалық аударма), Қолбасшы Уайт Хафоут 
(аралас аударма: семантикалық аударма мен транскрипция үйлесімділігі).
Аударма транскрипциясы арқылы аударылатын жалқы есімдерден басқа бірліктер тобына 
мамандардың көпшілігі халықтар мен тайпалар атауын, жағрапиялық атауларды, іскерлік 
мекемелер, компаниялар, фирмалар, мерзімді басылымдар атауын, хоккей және басқа 
спорттық команда атауларын, рок – музыканттардың тұрақты топтары мен мәдени 


47 
объектілер атауларын және т.б. жатқызады. Салыстырмалы түрде, мұндай атаулардың 
көпшілігі транскрипция және транслитерация тәсілдері арқылы оңай аударылады: 
Bank of London -Бэнк оф Лондон 
Minnesota - Миннесота 
Wall Street Journal – Уолл Стрит Джорнал 
Detroit Red Wings – Детройт Ред Уингз 
Шындығында транслитерация тәсілін қолдану салыстырмалы түрде аз кездеседі және 
ескірген атау түрлерімен байланысты болып келеді: 
Illinois – Иллинойс (Илиной емес) 
Michigan – Мичиган (Мишиган емес) 
Объектілердің біршама тізіміне байланысты аударманың дәстүрлі түрлері қалыптасты. 
Олардың бірі негізгі атаумен ішінара сәйкес болса, бірі негізгі тілдегі атауымен мүлде сәйкес 
келмеуі мүмкін: 
Мәскеу – Moscow 
The Hague – Гаага 
Санкт-Петербург – St. Petersburg, 
Жағрапиялық атауларды транскрипциялау барысында екпіннің аударма тілінің фонетикалық 
заңдылықтарына сәйкес орнын ауыстыруы мүмкін: 
Florida (екпін бірінші буында) 
Флорида (екпін екінші буында) 
Washington(екпін 
бірінші 
буында) 
Вашингтон (екпін соңғы буында). 
Егер атаудың құрамына мағыналы сөз енсе, онда аралас аударма, яғни транскрипция және 
семантикалық аударманың үйлесімділігі қолданылады деген ереже бар:
 
Gulf of Mexico - Мексика шығанағы
River Thames - Темза өзені 
The Pacific Ocean - Тынық мұхит 
Hilton hotel - Хилтон қонақ үйі 
May flower Restaurant - Мейфлауэр рестораны.
Дегенмен, осындай шарттардың өзінде қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы, Бостон 
қаласындағы 
No Name Restaurant
атауын қалай аударуға болады? 
Ноу Нейм рестораны ма, 
әлде «Есімсіз» ресторан ба?
Ымыраға келуге болады:
No Name рестораны 
[3,334]. 
Транскрипция фирма, компания, баспа, автомобиль маркалары, мерзімді басылымдар 
атауларын аударуда қолданылады:
Ford Mustang – Форд Мустанг 
Facts Оn File – Фэктс Он Файл
Жас Алаш – Zhas Alash 
«Атамұра» - Atamura. 
Бірақ, оқу орындарының атаулары ішінара немесе толық семантикалық аударма арқылы 
аударылады:
Western Michigan University 
Батыс Мичиган Университеті 
Cherry Hill High School
Черри Хилл орта мектебі 
Ақтөбе Мемлекеттік Университеті 
Aktobe State University. 
Қазақ Педагогикалық Институты 
Kazakh Teachers’ Training College және Kazakh Pedagogical Institute. 
Аударма транскрипциясын аударманың дәстүрлі аясында қолданудағы кездесетін 
қиындықтың бірі – саны аз халықтар атауларын немесе өзге ұлттық-мәдени феномендерді 
аудару. Мәселен, Американың негізгі халқының атауын аударуда әртүрлі көзқарастар мен 
нұсқаулар бар: 
Cheyenne – чейендер, шейендер, шайендер, шейенн, чейенн 
деп жағдайға сай 


48 
аударылса, 
Cherokee – черок, чероктар, черокездер
деп аударылады. Атаулардың қазіргі 
таңға сай аудармалары – 
шайендер 
және
чероктар
болады, өйткені осы атаулар ғана 
ағылшын тіліндегі дыбысталуына ұқсас.
Әдетте мұндай реалийлер, яғни бастапқы тілдің басты тілдік бірлігі аударма мәтінінде өзінің 
толықтай шет тіліндегі түрінде болады, максималды «шетелдіктен» бастап бірнеше сатылы 
жолдан өтеді. Мәселен, бастапқы балама транскрипциядан толық ассимиляцияға дейінгі 
бірліктер тілдің сөздік қорына енеді. Аудармашылардың үлкен тобы мен түпнұсқа авторлары 
аударманың екі түріне жүгінеді: шетелдік бірлікті семантикалық аудармамен бірге не 
түсіндірмемен сақтау немесе транскрипцияны түсіндірмемен бірге қолдану. Әсіресе, 
осындай реалийлер туралы түсінік түрлері қазіргі таңдағы рок музыка туралы мәтіндерге сай 
келеді:
«Кейін 
«Ридинг – фестиваль»
келіп, 
Хиптар
онда бағдарламаны басқарып, 
«Innocent Victom»
альбомынан жаңаларын ойнатып, әлемге 
«Free Me»
- коммерциялық рок үлгілі шығарма 
синглын
танытты».
Осы кішкене үзіндіде асты сызылған сөздер белгілі бір халықаралық рок музыка әлемінің 
реалийлерін білдіреді. Олардың толық аудармасыз шетелдік түрінде не аударма 
транскрипциясы не аралас аударма түрінде берілгені кездейсоқ емес. 
Тағы бір транскрипция тәсілі арқылы аударылатын мәдени-реалийлер түрі – фольклорлық 
және әдеби шығармаларда кездесетін фантастикалық тіршілік иелері атаулары мен есімдері. 
Алдар Көсе – Aldar Kose
Hobbit – Хоббит
Goblin – гоблин және т.б.
Дегенмен, осындай есімдердің біраз бөлігі, әсіресе объектінің белгілі бір шынайы қасиетін 
білдіретін мағыналық құрамдары барлары аралас аударма не калькалау арқылы аударылады. 
Соңғы транскрипция тәсілі арқылы аударылатын тілдік бірліктерге терминдер жатады. 
Мұнда транскрипцияға негізгі термин қандай негізде екендігіне сай анықталатын грек, латын 
немесе ағылшын бірліктері алынады: cable – кабель, restitution – реституция, reconstruction – 
реконструкция, т.б.[4, 237]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет