«Мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға жақсы мүмкіндік беруі тиіс. Ол жастар өмірдегі өзінің жеке табысын іздей отырып, жақындары, өз халқы және Отаны үшін жағдай туғызатын азаматтар болуы тиіс. Мен біздің жастарға сенемін», - деген елбасымыз Н.Назарбаевтың үмітін біздің жасампаз жастарымыз әрқашан ақтайде деген сенімдеміз. Құрметті конференцияға қатысушылар мен қонақтар! С.Бәйішев атындағы Ақтөбе
университетінде өткізіліп отырған «Жастар және ғылым: бүгіні және келешегі»
тақырыбындағы жас ғалымдар мен студенттердің IІІ Халықаралық ғылыми-практикалық
конференциясына қатысушылардың барлығына ғылым жолындағы бастамаларына
сәттілік тілеймін!