4
. Сифилистік менингомиелит
. Ауру түбіршек
ауырсынуы мен арқа, құрсақ жəне
парестезия пайда болуынан басталады. Оларға біртіндеп жұлынның зақымдану
симптомдары қосылады. Кейбір ауруларда жұлын зақымдануы,
басқаларында
менингеалдық жəне түбірлік синдромдар басым білінеді. Ми-жұлын сұйығындағы
өзгерістердің сифилистік менингиттен айырмашылығы жоқ.
5.
Сифилистік невриттер
көптеген жағдайларда радикуломенингеалдық
синдроммен байланысты.
Қатты ауырсыну, əсіресе түн ортасында, иық өрімінің
зақымдануы жиі кездеседі. Полиневрит көріністері де белгі беруі мүмкін.
6.
Сифилистік эндоартериит
адвентиция
мен ми қабықтарында, қан
тамырларының ішкі астарлы қабатында білінетін қабыну-өнімдік өзгерістермен
сипатталады. Ортаңғы ми артериясы бітелгенде гемиплегия немесе гемипарез, ал
негізгі артерия бітелгенде
альтернирленген салдану, көру, есту жəне бульбарлық
бұзылымдар пайда болады. Қан тамырларының толық бітелуі бас ауыру, бас
айналу, өтпелі парездер мен парестезиялар байқалады.
Ұсақ қан тамырларының
жайылған сифилистік эндоартерииті бас ауыруымен, есте сақтау жəне интеллект
бұзылуымен, өткінші ми қан ағысы бұзылуымен білінеді.
Алғашқы кезеңде астения симптомдары (шаршағыштық, ашуланғыштық, бас
ауыру) басым болады. Аурудың дамуы кезінде
ақылдан алжасуға дейінгі
психикалық өзгерістер үдей түседі.
7.
Ми мен жұлын гуммасы
бірнеше күн, апта бойы созылыңқы өрбиді. Ошақтық
симптомдар патологиялық үрдістің орталық нерв жүйесі
құрылымдарына
орнығуына байланысты. Көз түбінде іркілістік құбылыстар жиі байқалады. Мөлдір
ми-жұлын сұйығы жоғары қысыммен ағады,
онда белок мөлшері көбейіп, аздаған
лимфоцитарлық плеоцитоз білінеді.