ЯСАУИ ЖӘНЕ ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ (НЕМЕСЕ ЯСАУИ ІЛІМІН
ЖАЛҒАСТЫРУШЫЛАР
)
Мырзахметұлы
М
.
Филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы ОҚО
мемлекеттік университетіндегі «Гуманитарлық ғылыми
-
зерттеу институтының»
директоры
Сопылық ілім негізіндегі дүниетаным Түркістан өлкесінде ІХ
-
ХІІІ ғасырлар
аралығында жанданып, кең өріс ала бастағаны байқалады. Ал
,
оның арғы түп
төркініне ой жүгіртсек Ваиз Кашифидің «Футувватнамаи Султания» еңбегінің
хабарлауынша, тақуалық бағыты Шиш пайғамбардан бері келе жатқан рухани
құбылыс
сияқты. Насафидің
«Қожа Ахмет Ясауи» еңбегінде (Ташкент, 1993
жыл); «...сопылық ағым, дәруіштер пайғамбар заманында
-
ақ өмірге келген»
, [1,
21
5
б
] –
деген пікірді айтады. Осы оң пікірдің сілемі, тіпті қазақ ақыны Әубәкір
Кердерінің қалың қауым арасында кең таралған өлеңдерінің бірінде:
Сопылық деген ауыр жол,
Ұстап
жүрсең тәуір жол...
Қазіреті
Расул шағында
Талай сопы болыпты
, [2, 120
б
] –
деп айтуына қарағанда Ясауи хикметінде
айтылатын «Пайғамбардан мұра боп келе жатыр дәруіштер» (84 б.)
–
дейтін
пікірімен сабақтасып жатқан, бүкіл түрік халықтары арасында танымалы
шындық болғаны аңғарылады.
Сопылық жолдың ең басты да өзекті мәселесі
–
хақиқатқа жету. Міне, осы
хақиқатқа жетудің жолында адам рухы жағынан тазарып, іштей түлеп
пәктенгенде ғана адам камили инсани (толық адам) қалпына қол жеткізе алмақ.
Осы себепті де бүгінгі күнде осы мәселе тұрғысынан қарағанда, қалыптасқан
ортақ таным тарих оқулығында: «Сопылық ілімінде камили инсани (Абайда
толық адам.
–
М.М.) рухани қалыпқа түсіру, кәмалатқа жеткізу жолындағы
дүниетаным ең басты мәселе ретінде қаралады»
, [3, 17
б
] –
деп ой байламына
келудің айрықша мән
-
мағынасы бар ортақ танымға айналуда.
Түрік әлемінде сопылық ілімінің өзекті сарыны, яғни Тәңірі мен адамға
қызмет
етуді ғибадат ретінде ұстанған дүниетаным негіздері тұңғыш рет Жүсіп
Баласағұнның «Құтадғу білігінде» хатқа түскен. Осы себепті де автор:
Кітаптар көп арабша да, тәжікше,
Біздің тілде бұл жалғыз
-
ақ әзірше
, [4, 45
б
] –
деп айтуына қарағанда, түрік
халықтарының қоғамдық ой санасынан орын алған сопылық танымның ортақ
белгілерін Қанағат деп ат берген балама есім алған Одғұрмыш бейнесі арқылы
кестеленген деп білеміз. Осы Одғұрмыштың дастандағы ақыл ойы, қимылы,
дүниетанымы кең суреттелуі арқылы ІХ
-
ХІ ғасырдағы Түркістан өлкесінде
ғұмыр
кешкен түрік халықтарының ой санасынан орны алған сопылық
танымның негіздері жан
-
жақты суреттеліп толық бейнеленген. Ясауидің мұра
тұтып, дәстүрлік жалғастық тауып, Ясауилік ілімінің негізін
салуда «Құтадғу
біліктің» өзіндік орны да болған. Өйткені «Құтадғу біліктегі» сопылық
танымның көріністері Ясауи жазған «Диуани хикметтегі» ой
-
пікірлермен
сабақтасып жатуы көп нәрседен хабар бергендей.
Ясауи Хамаданидің алдынан сабақ алуға барғанда 23 жаста (1143) еді.
Насафидің мағлұматы бойынша 1103 жылы туылып, 1166 жылы пайғамбар
жасында қайтыс болғаны айтылады. Шамасы автор Ясауидің 63 жасында жер
астына түскенге дейінгі жасын айтып отырса керек. Ясауидің танымында
«Хақтың сөзін емес, өзін танып білу» басты мәселе ретінде қойылады. Ясауиден
кейін оның тарихатынан Самарқанда Нақышбандия, Түркияда Бекташи,
Түркістанда Икания тарихаттары таралғаны мәлім.
Ясауидің ұстазы Арыстанбаб болса, Ясауидің шәкірті, Ясауия тарихатын
жалғастырушы шәкірті Арыстанбаптың баласы Мансұр баба аталады. Бұдан
соңғы шәкірттері: Абдүл Мәлік ата, Зеңгі бабаның әкесі Ташқожа, Хакім Ата
(Сүлеймен Бақырғани), Зеңгі бабалар еске алынады. Түркістан өлкесінде Ясауи
жолын ұстанып, оның тарихатын жалғастырушы шәкірттері елімізде ұлы қазан
төңкерісіне дейін әрекет етіп келді.
22
Ал, тәуелсіздік тізгіні өзінде болған Түркияда Ясауи жолын
жалғастырушылар тобы бүгінге дейін жетіп отыр.
Ясауи шәкірттерін зерттеу, олардың мұрасын танып білу, таныту әрекеті
біздің елімізде, яғни Түркістан өлкесіндегі түрік халықтарында қайта жанданып,
өрісі
кеңейіп келе жатқан жағдай бар.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ халқының ой санасында, қоғамдық
сананың бір көрінісі ретіндегі қазақ әдебиетінде сопылық таныммен қарым
-
қатынасы
болған ба, болса қай дәрежеде көрініс берген деген күрделі мәселенің
алдымызға қойылуы да заңды. Өйткені бүгінгі аға ұрпақтың өзі мен жаңа буын
ұрпақтың
бәрі де өткендегі тарихы мен тілінен, дінінен, халықтық жалғастық
тауып келе жатқан тарихи жадынан, әдет
-
ғұрпынан көз жазып қалуы
–
біздің
рухани қасіретімізге айналып отыр. Ұрпақ пен ұрпақ арасындағы жалғастырушы
дәстүрлік байланыстар үзілді. Бұл құбылысты, әсіресе қазақ даласында бұрын
кеңінен таралып өріс алған сопылық танымдағы поэзияның классигі Ясауидің
әдеби
мұрасынан қол үзуі де көрсетіп отыр.
Түркістан өлкесіндегі суфизм ілімі мен сол ілімді танытып, насихаттаушы
рухани мұрамыз Қожа Ахмет Ясауиден қалған әдеби мұра «Диуани хикметтегі»
өткендегі
ата
-
бабаларымыз жатқа айтқан (Табризи, Молдағұл). Өйткені бұл
ислам дінінің негізі қазақ
арасында өлеңмен жазылған Ясауи хикметтерінің мән
-
мағынасы арқылы тереңірек сіңіскенін айғақтайды. Осы себепті Ясауидің өз
хикметтері жөнінде:
Менің хикметтерім
–
Құран,
–
деп қайрыла ескерту жасауы да негізсіз жай
сөз болмаса керекті. Сан ғасырларға
созылған Ясауидің сопылық дүниетанымы
мен сопылық поэзияның классикалық деңгейіне көтерілген ақындық дәстүрін
жалғастырып дамытушы сопы ақындар ХХ ғасыр басына дейін жетті. Ал,
тәуелсіздік туын берік ұстанған Түркия мемлекетінде Ясауидің сопылық жолы
мен ақындық дәстүрі жалғасын тауып бүгінге дейін тарихи инерциясын
жоғалтпай даму үстінде келе жатыр.
Ресей патшалығының отарына айналған Түркістан, Кавказ, Сібір, Еділ
бойын жайлаған түрік халықтары, әсіресе Кеңес үкіметінің алғашқы өмір сүру
кезінен бастап олардың теологиялық дүниетанымы қатаң түрде қуғындалып,
атеистік насихат бас көтере бастады. Халықтың ұлттық салт
-
санасы, діні, тарихи
жады идеологиялық шабуылдың қатаң қыспағына түсті. Әсіресе, Ясауидің
сопылық жолы, дүниетанымы, әдеби мұрасы ресми түрде терістеліп, жаңа талап,
жас буын ұрпақтың ой санасында жалғастық таппай шайылып мүлде ұмытылуға
айналды. Сопылық жолы жойылып, сопылық поэзия туындылары оқылудан
қалды. Бір ұрпақтың көз алдында ұлттық жазуымыздың арапшадан латыншаға,
латыншадан орысшаға алмасуы өткендегі мәдени
-
рухани мұрадан түпкілікті
түрде қол үздірудің таптырмайтын құралына айналғанын көрдік. Яғни ұрпақтар
арасындағы рухани байланыстың дәнекеріне айналған жазу таңбаларының үш
рет өзгеріске түсуі
–
келер ұрпақты туған халқының тарихи жадынан мақрұм
қалдырып, ұлттық менталитетін де шайқалтып кетті.
Уақыт өзгерді, тәуелсіздік туы желбіреді. Халық ұйқыдан оянып, замана
желінің бағыты оңалып көз жазып қалған рухани ой санаға назар аударылуда. Ой
санадағы осындай өзгерістердің бір көрінісі ұлы бабамыз Қожа Ахмет Ясауидің
23
сопылық жолы мен дүниетанымы, әдеби мұрасы ғылыми тұрғыдан зерттеп
танып білуге ұмтылыстың өзі әр саладан белгі де беріп жатыр. Қоғамдық
ғылымдар
мен әдебиет саласында тұңғыш кандидаттық, докторлық
диссертациялар да қорғала бастады. Бұл жақсылықтың, рухани қозғалыстың
белгісі.
Ендігі күн тәртібіндегі күрделі де қиын мәселенің бірі қазақ әдебиеті
тарихындағы өнер саңлақтары туындыларындағы сопылық таным мен сопылық
поэзия нышандарының белгісін танып білу мәселесі көтеріліп отыр. Түрік
халықтары сияқты қазақ елінің де ту бастағы сопылық танымдағы ой санасының
түп төркіндерінің көрінісі орта ғасырдың кемеңгер ойшыл ақыны Жүсіп
Баласағұнның дидактикалық «Құтадғу білік» дастанында жатыр. Түрік
халықтарының ой
-
санасында орын алған сопылық таным атаулының басты
мақсаты
–
хақиқатқа жету. Осы жолда қоғамның әрбір мүшесін іштей толысып
рухани жағынан түлеп тазару арқылы толық адам (инсани камили) қалпына
жеткізу мәселесі ортақ таным ретінде қаралады. Бұл мәселе «Құтадғу білік» пен
Ясауидің
ұлы туындысы «Диуани хикметте» де ортақ сабақтастықты танытады.
Бұл қос туынды да көшпелі, жартылай отырықшы тұрмыс кешкен ұлы дала
халқын ислам дініне ұйытудың, сопылық танымды төтелей сіңірудің ұрымтал
жолы сол халықтың ана тілінде уағыздауда жатқанын терең түсінген. Осы
себепті де бұл айтарлықтай күрделі де қиын тарихи міндетті жүзеге асырудың
абыройы мен осы жолда ақындық өнерді жегудің салмағы ХІІ ғасырда
Қ.А.Ясауиге түсті. Ясауи қаламынан туған «Диуани хикмет» Түркістан, Кавказ,
алыстағы Анадолы мен
Еділ бойын жайлаған бүкіл түрік халықтары осы
туындының рухани сопылық танымдағы поэзия бесігінде тербеліп өсті десе
болғандай.
Қазақ
хандығының сан ғасырлық астанасы болған Түркістан қаласындағы
Ясауи кесенесі, оның маңы мен шет шалғайдағы медресе атаулының бәрінде де
Ясауидің сопылық тарихаты мен «Диуани хикметі» оқытылып, жалпақ ел ол
хикметтерді жатқа айтқан заман да болған. Әбілғазы Баһадүр ханның «Түрікмен
шежіресін» жазғанда еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін түсінікті түрік
тілінде жаздым дейтіні сияқты Ясауи де өз хикметтерін осы тілде жазып, көшпелі
дала халқына да ұғынықты болу жағын көздеген. Осы себепті де оны қазақ халқы
жатқа біліп, тәлім
-
тәрбие берудің құралына айналдырған. Ғалымдардың
айтуынша, «Диуани хикмет» нақышбандилықтар тарапынан қайта
редакцияланып шағатайшаға ыңғайланып жазылғанын айтады. Бәлкім бұл
мәселенің тілдік төркінін, яғни бастапқы қалпын анықтап білу
–
1864 жылы орыс
әскерінің
Ақмешітті қиратып, Түркістан қаласын жаулап алуға келе жатқанда,
Ясауи кесенесіндегі «Диуани хикметтің» теріге жазылып сақталған түпнұсқасын
қолға
түсірмеу мақсатымен Ферғанаға әкетілген болатын
-
ды. Басмашылар
қозғалысы
кезінде теріге жазылған Ясауи хикметі Ауғанстанға асырылып
жіберілді деген пікір бар. Міне, осы рухани қазына іздестіріліп табылғанда,
Ясауи хикметінің тілдік табиғаты да айқындалып, шындық қалпына келер деген
үкілі
үміт те бар еді.
Қазақ
хандығы тұсындағы
XV-XVIII
ғасырларда
Қазақ поэзиясының
көрнекті өкілдері шығармаларында сопылық танымның сарындары белгілі
24
дәрежеде белгі беріп отыратыны бар. Бірақ олардан қалған әдеби мұраның
жазбаша не ауызша сақталып толық жетпеуі себепті, олардың поэзиясындағы
сопылық танымның белгілерін жүйеге түсіріп барып танып білудің өзі қиындық
тудыруда. Бұл мәселе өз алдына арнайы зерттеу нысанасына
алынып, келешекте
пікір қозғалуы қажет.
Сыртқы империялар саясаты тарапынан жүзеге асырылған қазақ
-
қалмақ
арасындағы ұзақ жылдарға созылған соғыс қазақ елінің тұрмыс жағдайын тарихи
сапырылыстарға түсіріп, қалың елді тарыдай шашып жіберген заман да жетті.
Тағдыр талқысы Арқадан Бұхар хандығы жеріне ауған Бұқар жырау
Қалқаманұлы
Бұхар жерінде туып, Түркістан аймағында өсіп ер жеткен. Бұқар
жырау Бұхара қаласындағы медресседе оқып діни рухани өмірдің қайнаған
ортасында сопылық таныммен қанығып өсіп жетілуі
–
оның шығармаларында
өз
белгісін қалдырған. Түркістанның рухани орталығының бірі болған ескі
Қарнақ
қыстағында қызмет атқарып, Ясауи туындыларымен етене таныс болған.
«Диуани хикметтің» білімге, әділет ұғымына баулу сарыны жаугершілік заман
тілегі баураса
да, Бұқар жырау өлеңдерінде өз көрінісін беріп жатты. Жырау
өлеңдеріндегі
қайырымдылық, әділет, қанағат ұғымдары ақындық тілден қанат
қағып, халық санасына сіңіскен кезең де болған.
Бұқар жыраудың:
Хақтың жолын күзетіп,
Жақсылықты ұққан жұрт,
–
деуін де аңғара білген тыңдаушыға айтарлықтай
салмағы бар ұғымдар жатыр. Бұқардың «Хақтың жолын күзетіп» деген пікірінің
астарында бүкіл сопылық танымның ең өзекті теориялық танымдары жатыр.
Яғни мұсылман қауымын хақтың, шындықтың әділетті жолын күзетіп, қауымға
жеткізуші сопылық танымның қызметін меңзеп отыр. Ал, «Жақсылықты ұққан
жұрт» деп сопылық танымның моральдық философияға негізделген
жәуанмәртлік ілімінің шафағатын еске алғандай. Яғни Ясауидің сопылық
танымының негізін ұғынған көп сырлы терең ой белестері жатқандай ой
төркіндері елес береді.
Ясауидің сопылық ілімінің сарыны негізінде айтылатын, соны нысана ете
сөйлейтін Бұқар жырау ойының мазмұны:
Жалғандыққа жақсылық
Еткен таза арыңды айт!
Қара
қылды қақ жарған,
Наушаруандай әділді айт,
Лауқы менен
кәламды айт!
–
деген өлең өрнегімен берілген ой
оралымдарының жыр болып төгілуі
–
ұғына білгенге көп сырды аңғартқандай
аумағы бар күрделі ой танымдар жатыр. Бұл өлең жолдарындағы сопылық
танымдағы гуманистік асқарлы ой, адамзат аңсап келген әділет ұғымының
толқын ата желбіреген асқақ туына Бұқар жырау жайдан жай назар аударып
отырмаған тәрізді.
Мұның түп төркіні Ясауидің сопылық танымын жалғастыра дамытушы
нәсілі жағынан түркі халқының язер тайпасынан шыққан атақты шейх
Шамсиддин Табризиге
[5, 21-22
с
],
апарып соғатын мораль философиясының
25
негізіне арқау болып, қамшының өзегіне қуалай өрілген әсем өрімдей
жәуанмәртлікте жатқандай.
Шамсиддин Табризи
–
Жалаладдин Румидің рухани ұстазы. Ұлы ақынның
жәуанмәртлік іліміне негізделген гуманистік танымының қалыптасуына, оны
ақын туындыларының басты мазмұнына айналдыруға шешуші әсер еткен зор
талант иесі. Өйткені, Ш.Табризи сопылық танымда ерекше қастерленген
жәуанмәртліктің мән
-
мағынасын насихаттауда адамның мінез
-
құлқын, жүрек
ділін тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлген. Бұл өзекті гуманистік танымның Абай
шығармаларында жүйелі түрде таратылып жырлануы да кездейсоқ болмаса
керекті. Сопылық танымда көп сөз болып ерекше насихатталатын ахлақ
мәселесіндегі басты буыны жәуанмәртлік пен үш сүю, иманигүл іспеттес күрделі
ой
танымдарға Абай шығармаларында айрықша мән берілуі жай құбылыс емес
-
ті. Абайдан соң осы дәстүрді Шәкірім қажының тікелей жалғастырып «Үш
анығын» жазуы, ондағы ар ғылымының негізін өлеңдеріне сіңіре баяндауы да
тегін емес. Абай да, Шәкәрім де Ясауилық сопылық танымның арғы
-
бергі
тарихынан хабардар ғана болып қалмай, ондағы басты гуманистік ой
-
танымды
дамыта жалғастырушы өзіндік танымдағы ойшылдар.
Ясауидің сопылық танымдағы өлең хикметтері қазақ елінің ой санасында
ғасырлар
бойы орын алып, хикметтер тобын көкірек көзі ашық азаматтар жатқа
айтып, халық арасында үздіксіз насихаттап жайып отырған. ХХ ғасыр басындағы
сопылық танымдағы гуманистік ой желісінің негіздері көбінесе халықтың
рухани сұранысына азық беріп, насихаттаушы зиялы рухани жандар да
ұшырасады
.
Сырдарияны жайлаған қыпшақ руынан шыққан Молдағалидың өмір
жолы мен ұстанған бағыты осының айғағы. Бір қызығы осы Молдағали
жәуанмәртлік танымдағы Шамсиддин Табризи өлеңдерін жатқа біліп, Ясауи
хикметтерімен қоса башқұрт халқының арасында насихаттау жолында белсене
араласқан әрекетін тарихы, қоғам қайраткері Заки Уалиди тебірене отырып еске
алады. ХІІІ ғасырда өмір сүрген Шамсиддин Табризи өлеңдерін жатқа айтатын
Молдағали көшірген қолжазба дәптер башқұрттардың арасында беріге дейін
сақталып келген.
Ш. Табризи өлеңдерін ана тілінде және парсы тілінде де жазып отырған.
Оның этностық тегі түркі халқындағы язер руынан шыққандығын Ж.Румидің
баласы Сұлтан Уалид өзі түрік тілінде жазған өлеңдерінде атап өтетіні бар.
Ш.Табризи халық ұғымында түрік халықтарының шейхі Кабы деп те аталады.
Молдағали жатқа білген Ш.Табризи өлеңдері Сыр бойында, Түркістан өлкесінде
де жатқа айтылған. Бірақ біздер тағдыр талқысына түсіп, Ясауидің хикметін
жатқа айту дәстүрінен қол үзіп кеткеніміз сияқты, тарихи жадымыздан ұлы
гуманист Ш.Табриз өлеңдерінен де көз жазып қала бергенбіз. Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ жанынан ашылған «Тарих және этнофилология ғылыми
-
зерттеу
институтының» қолжазба қорына таяу күндер ішінде Қоқан қағазына жазылған
екі мың беттік өте бағалы қолжазба түсті. Сонда Ш.Табризидің түркі және парсы
тілінде жазылған өлеңдері ұшырасты; көлемі жүзден аса өлең жолы бар. Осының
өзі
алтынның сынығындай Ш.Табризидің сопылық сарындағы гуманистік ой
танымынан біздерді біршама хабардар етер өте құнды дерек көздерінің біріне
айналып отыр.
26
Қазақ
қауымының қоғамдық ой санасы негізінен қазақ поэзиясында
шоғырланған. Мұның да өзіне тән ерекшелігі бар. Қазақ поэзиясы (әдебиеті)
бүкіл қоғамдық
-
әлеуметтік ой сананың қызметін атқарушы универсалдық
қызметі
болуы себепті де, біз қазақ халқының ой
санасындағы сопылық
танымның белгілерін, көбінесе, қазақ ақындарының туындыларынан
іздестіреміз. Осы тұрғыдан қарағанда сопылық танымның елеулі белгілері
Қазақстанның
батыс өлкесіндегі ақындар поэзиясында біршама өз көрінісін бере
алған ерекшелікті нақтылы дерек көздерінен ұшырата аламыз.
Маңғыстаудағы Шақпақ
-
ата шатқалынан табылған аса көлемді жер асты
сарайы қабырғасында магиялық таңбалар мен жазулардың сақталғаны
анықталып отыр. Алматы оқымыстылары тапқан бұл құрылыстың мерзімі мың
жылға жуық деген болжам айтылуда. Бір қызығы бұл жер асты сарайындағы
жазулардың бірі Түркістан жерінің түлегі Қожа Ахмет Ясауидің философиялық
ой толғаныстарына құрылған атақты хикметтерінің үзіндісі болып отыр. Яғни,
Ясауидің сопылық танымы Маңғыстауда ұлы ақын ғұмыр сүрген кезден бастап
-
ақ өріс алуының бұлтартпас дәлелін алға тосады. Адайлар сыйынып келген Бекет
Ата ұстанған жол да сопылық таныммен сабақтасып жатуының төркіні де орта
ғасырлық
Ясауи негізін қалаған сопылық іліммен ұштасуы тегін нәрсе болмаса
керек
-
ті.
Батыстағы Қашаған Күржіманұлының «Есқали сопыға айтқаны» немесе
Әубәкір
Кердарының «Заманның опасыз халіне айтқаны», «Надан сопылар
хақында», Табын Досжан қазіретті жоқтап айтқаны «Жарандар, кеңес жазайын»,
–
деп аталатын өлең циклінде Ясауилік сопылық танымның көп жақтары
біршама өз көрінісін беріп отыратын белгілер жиі ұшырасатыны бар.
Сопылар кім деген сауалға, Әубәкір ақынның:
Ғашық
болып Аллаға,
Дүнияны қыйғандар,
–
деп сопылық танымның ең басты да өзекті ұғымы
Алланы сүю, яғни бірінші сүю мен осы жолға ғашық болып саналы түрде
түскендердің пенделік нәпсілден бас тартып, дүние қызығына алданбай алаңсыз
берілу мақсатын меңзейді. Яғни ақын пікірі Ясауи хикметінде көп айтылатын:
Шын ғашықтар дүние азабын мойнына алмас,
Менің де бұл дүниеден безгім келер,
[6, 109
б
], –
дейтін ой танымымен
орайлас жатыр. Сопылардың қоғамдық өмірдегі ұстанар жолы мен атқарар
қызметін
жақсы білген ақынның:
Жұмсақ тілді, нұр жүзді,
Риза қылған халықты
Аллаға ғашық дос болған,
Бір қасық ішкен қара су,
Он күніне ас болған,
–
деуінде Ясауидің «Пандамасындағы» ізгілік пен
қанағатшылдық
туралы танымының негізінен хабардар етіп отыр. Яғни Ясауи
хикметінде молынан таратылатын сопылық танымның көздерімен жалғастық
тауып, дәстүрлік салтқа айналған рухани құбылыстың мадақтау сарынын
сезінеміз
.
Сопылық ауыр жол, ол жол
–
Аллаға беріліп ғашық болу, халыққа рухани
тазалық жағынан қызмет ету. Бұдан тыс кету
–
ақынның танымында, сопылық
27
жолдан адасу деп сынға алынады. Әсіресе, Ясауише дүниеқоңыз малдың құлы
–
нәпсінің құлы болғандарды аяусыз сынға
алу Әубәкірдің қазақы қалыптағы өз
заманындағы сопыларды сынауынан да көрінеді:
Бұл күндегі сопының
Әдетін
халқым біледі,
Мен сөйлесем күледі.
Мен де сопы болам деп,
Ханақаға кіреді.
Ханақадан шыққан соң,
Алып қойып шалмасын,
Дауын соғып жүреді.
Баласынан
сұрасаң,
Әліп
пенен абжадтың
Танымайды қарасын,
[7, 9
б
] –
деп білімсіз надан шала сопының халқына
білімімен көрінудің орнына пендешілікпен дауға араласып, тіпті, үй іші бала
-
шағасына әліп пенен абжадтың есебін дарыта алмаған қалпына сын айтады.
Ондай сопыдан пайда жоқ. Өйткені ол шариғатты білмейді, тарихат жөнін
білмеген соң хақиқаттан пайда жоқ деп сынға алады.
Сопылықтан не пайда,
Бір жөнімен жүрмесе,
Шариғат жолын білмесе?
Тарихаттан пайда жоқ,
Хақиқатқа кірмесе,
[8, 30
б
] –
деп айтуынан ақынның сопылық таным
-
ілімінен, оның философиялық негізінен жақсы да еркін білген қалпын танимыз.
Ол қазақы сопыны жай сынап отырған жоқ.
Ясауидің «Пандамасының» тұрғысынан сынап отырған біліктілігіне тәнті
боламыз.
Аса қастерлі сопылық жолды ұстанушылар жайлы ой толғанысында:
Қор
болды, екіншіден, сопы жолы,
Бұл жолды ұстаушы еді ердің зоры.
Әліптің
атын білмесе надан сопы,
Қорқамын
бола ма деп діннің соры,
[9, 43
б
] –
деп сопылар пайғамбар
жолын
ұстанып, хаққа ғашық, малға дос пенделіктен бас тартқан, танымы зор ғұламалар
болған еді деген кісілік жолын нұсқап отыр.
Қазақ
арасында сопылық танымды ұстанған ишан, муридтер әр жерде
-
ақ
кездеседі. Сопылық жолындағы ишан, қожалар жөнінде қазақ ақындары пікір
білдірмей қалған емес. Бұқар жырау, Дулат, Шортанбай, Әубәкір, Ақан сері,
Албан Асанға дейін бұл пікір желісі үзілмей созылып елес беріп отыратыны бар.
Арқадағы ән еркесі Ақан серінің өзі Орынбай ақынға:
Ореке, сөз бастайын, жолың қисаң,
Мүрит бо ең пірге сен Зейнолла ишан,
[10, 258
б
] –
деген өлең жолынан орта
жүзде сопылық салтын құрған Зейнолла ишан мен оны пір тұтқандардың бірі
Орынбайды атап өтуінен біршама сыр ұққандай боламыз. Бұл іспеттес мүрит
болу, пір тұтыну
–
қалың қазақ арасындағы танымалы көрініс. Бірақ бұл
құбылыстар
Қазан төңкерісінен кейін халық жадынан мүлде шайылып кетіп,
28
дәстүрлік жалғастық үзілген болатынды. Сопылық танымның қазақ даласындағы
ең соңғы соғылған қоңырау үніндей Албан Асан Барменбекұлының өлеңдерімен
аяқталады. Бұған айғақты дәлел Албан Асанның «Ақыр заман» жинағында
арнайы сопылық жөнінде тоқталатын өлең жолдары.
Жетісу өңірінде дін жолына түсіп, сопылықты ұстанғандар болған. Бірақ ол
жолды таза ұстанбай, отаршыл
-
әкімсымақтардың нәпсіге берілген әсерінен
бұзылған қожа, молда, сопыларға ызалана тіл қатқанда:
Кейбіреудің тағы бар,
Апиын, наша сормасы.
Арақ ішіп, аят оқып,
Келісті ғой формасы.
Шариғаттан сөз сөйлеп,
Тірі адамның жорғасы,
[11, 54
б
] –
деп олардың мінез
-
құлқының бұзылу
төркінін заман өзгеріп, отаршылдық құлдыққа түсуден іздейді. Арақ пен
есірткінің қайдан келген мекенін де меңзейді.
Ясауи хикметтеріндегі сопылық таным мен сопылық классикалық
поэзияның өлең өрнегі мен сарын қосу белгісі Албан Асан поэзиясында
нақтылық белгі беретіні бар.
Ясауи өлең өрнегінде он бір буында өлең жолымен
Ақыр заман ғалымы залым болды,
а
Ізгі тілегін үзбеген ғалым болды,
а
Алланы айтқан дәруіштің жолы болы,
а
Ғажап
сұмдық заман болды, достар,
–
б
деген өлең жолдары «а а а б» ұйқасымен беріліп «Ғажап сұмдық заман
болды, достар» деген қайталаулар Албан Асан өлеңдерінде көрініс береді.
Асанның «Әжеп сұмдық заман болды» деген өлеңі де бастан
-
аяқ Ясауи
хикметінше жазылған сарыны мен өлең түрі де мен мұндалап тұр. Өлең жиырма
алты шумақтан, сегіз буынды, төрт жолды, ұйқасы кілең «а а а б» түріндегі желі
ұйқаспен
келеді де, шумақтың соңындағы өлең жолы «Әжеп сұмдық заман
болды» деп қайталанып отырады. Мысалы:
Тұлпарлардан есек озды,
а
Ақылманнан есер озды,
а
Шын сөздіден өсек озды,
а
Әжеп
сұмдық заман болды...
б
Қаріп
Асан менің атым,
а
Қалайыққа
айтқан даты,
а
Тыңда менің жазған хатым,
а
Әжеп
сұмдық заман болды,
[12, 75-77
б
] –
б
-
деп сопылық
сарындағы поэзияда молырақ кездесетін өлең өлшемімен жазылған дәстүрлік
жалғастықпен берілген әрі Дулат пен Абайдан кейін осы өлең өрнегін өзінше
кестелеген ақын талабын көреміз. Осы өлең кестесі М.Қашқаридің «Диуни ат
-
түрік» сөздігінде берілген «Алып Ер Тоңа өлді ме?» деген жоқтау өлеңде
ұшырасса, осы өлең өлшемі Ясауиде қара өлеңде қолданылатын он бір буынды
төрт жолды өлең шумақтарымен кестеленеді
:
29
Құл
Қожа Ахмет, сөйлей бер Алланы айтып,
а
Дос жарандар жүрегі тұрсын балқып,
а
Шәһарыма аңсаған келдім жетіп,
а
Түркістанда мазар боп қалдым, міне!
б
Ясауи хикметтерін Қарақалпақтағы қазақтар арасында да кеңінен таралып,
жатқа айту салты енгенін ХІХ
ғасыр соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында
Тақтакөпірде ғұмыр кешкен Әйімбет ишан Қаймақбайұлының (1855
-1937):
Хикметтерді жаттап ап,
Тарқат көңіл бұлтыны.
Ерте тыңда кеш болар,
Жассың, гүлсің бұл күні,
[13, 20
б
] –
деген өзіндік мақамы бар өлең өрнегі
де айғақтап тұр. Қамысты деген жерге Әйімбет салдырған мешітте Ясауи
хикметтері оқытылып, кең көлемде насихатталып отырған. Нөкіс
университетінің оқытушысы Меңдібай Әбілұлы Әйімбет ишан туралы жазылған
еңбегінде: «Сыр тушысы Меңдібай Әбілұлы Әйімбет ишан туралы жазылған
еңбегінде: «Сыр өңірінде... Нұртуған, Қарасақал Ерімбет Қожа Ахмет Ясауиге
еліктеп сопылық әдебиетті өркендетсе, Дәуқара, «Күйік қала» өңірінде діни
ғұлама, ағартушы ақын Әйімбет ишан Қаймақбайұлы сол ақындардың сүбелі ісін
жалғастырушы болды»,
[14, 5
б
] –
деп сопылық танымдағы поэзияның таралу
өрісін
айқындай түседі. Яғни Ясауи негізін қалаған сопылық поэзияның дәстүрін
қазақ
даласында одан ары жалғастыра дамытушылар болғандығын айғақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |