Республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет7/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

 
116 
Спанов М.Ж.
 
Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеяларының гуманистік мәні
...............
 
121 
Тоқтабай А.У.
 
Қожа
Ахмет Ясауи сәулет ғимаратының тарихнамасы
.............................
 
126 
Рысдәулет М.
 
Жамал Қарши
...............................................................................................
 
143 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



“Біз өз халқымыздың 
ә
лемдік өркениетке хал - қадірінше үлес қосқанын 
орынды мақтан етуге құқылымыз. 
Ә
л-Фараби, Қорқыт ата, Жүсіп 
Баласағұни, Қожа Ахмет Ясауи, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали 
Жалайыри секілді Шығыстың даналары осы даланың перзенттері”
 
Н.
Ә
. Назарбаев.
ӘОЖ
1 (091) (574) 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ М.Х.ДУЛАТИ
 
МҰРАСЫНЫҢ ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҒЫ
 
Сарыбеков М.Н.
 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика 
ғылымдарының
докторы,
профессор
«Қазақстан
-2050» 
стратегиялық бағдарламасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев 
алғаш рет «Мәңгілік Ел» идеясын жариялап: «Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз 
елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан
-
2050» Стратегиясы 
осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының
көрінісі»,

деген болатын. Халықтың болашаққа сенімін арттырып, ұлттық 
рухын бекіте, асқақта түсетін бұл идеяның бастаулары мен құндылықтарын 
Нұрсұлтан Әбішұлы 2014 жылдың 17 қаңтар күні жариялаған өзінің «Қазақстан 
жолы 
– 
2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына 
Жолдауында одан әрі тереңдетті. «Мәңгілік Ел» идеясының кеше
-
бүгін ойдан 
шығарыла салмағанын, сонау бағзы заманындағы ата
-
бабаларымыздың арман
-
тілегінен 

Ұлы Түркі қағанаты дәуірінен бастау алғанын баяндай келіп, оның 
қазіргі
уақытта болашаққа бағытталған бағдар екендігіне тоқталды. «Ол арман 
– 
әлем
елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын 
алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман 
– 
тұрмысы бақуатты, түтіні түзу 
ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды 
ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық», 

деді.
Қай
халық болмасын өз тарихымен, дәстүр
-
салтымен, тілімен, ділімен 
жасампаз. Тарихтың талай соқпағында «мың өліп, мың тірілген», бірақ 
тұтастығы мен кең байтақ даласын жоғалтпаған терең тамырлы халқымыздың 
сан ғасырлар бойғы арманы мен бүгінгі ұрпақтың ақиқатына айналған қасиетті 
тәуелсіздігімізді, елдігімізді сақтап, дамыған елдердің қатарына қосылу 
– 
Мәңгілік Ел болудың басты нысаны. Келешек ұрпақтың жарқын болашағы 
жолында әрқайсысымыз бұл ортақ идеяны жүзеге асыруда өз үлесімізді 
қосуымыз
қажет.
Елбасы айтқандай, Тәуелсіздікті баянды, тұғырлы ету бізге көп міндет пен 
зор жауапкершілікті жүктейді. Ол үшін, ең алдымен, ел ішіндегі алауыздыққа 
жол бермейтін біртұтас идея, алға жетелейтін бағыт
-
бағдар, мақсат
-
мұрат болу 
керек. Алдына асқақ мақсаттар қоятын, тілі мен дініне берік, жастары алғыр, 



рухы биік, жақсылыққа жаны құштар, ертеңіне сеніммен қарайтын халық қана 
тарихта «Мәңгілік Ел» болып қалатыны анық.
«Мәңгілік Ел» идеясы 
– 
халықтың мүддесіне, қоғамдағы тыныштық пен 
ынтымақтастыққа қызмет ететін, бейбітшілік пен келісімді, ұлтaрaлық татулық 
пен төзімділікті сақтaп, сындарлы сәттерден сүріндірмейтін ұлы мұрат.
Зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, елді ілгері сүйрейтін идея 
мемлекеттік сипат алып, қоғам мүшелерінің көңілінен шығуы үшін негізгі екі 
талап орындалуы тиіс екен.
Оның біріншісі 
– 
сол мемлекетте өмір сүріп отырған халықтың 
болмысымен, мақсат
-
мүддесімен толық сәйкес келуі;
Екіншісі 
– 
мемлекет тарихымен сабақтасып, ұзақ мерзімдер бойы сол 
қоғамда
қалыпты, жетекші идеологиялық мәні болуы қажеттігі.
Ұлы
қағанат құрған түріктер заманында осы екі қағиданы берік ұстанған 
екен.
Түркі қағандығы мен қазақ хандарының, Абай мен Алаш қайраткерлерінің 
ізгі арманы болған ұлттық идеологияны, бүгінгі ұрпақ жалғастырушысы 
ретінде, ғасырдан ғасырға ұласқан «Мәңгілік Ел» идеясын ту етіп көтеру 
қажеттілігін
сезінді.
Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» идеясы ұлтты ұйыстырып, биік мақсаттарға 
жұмылдырса,
«100 нақты қадамды» көздеген Ұлт жоспары бүгінде 
Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіту жолындағы нақты істерге айналып отыр. Күні 
кеше ғана бүкіл халықаралық қоғамдастықтың назарына іліккен Елбасының 
«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі 
– 
біздің бейбітшілік сүйгіш жарқын ойлы ел 
екеніміздің айқын дәлелі болды. Оны бүкіл әлемнің саяси
-
интеллектуалдық 
элитасы мойындады да.
Талай қиындықты еңсерген Қазақ елінің бүгінгі басты мақсаты 
– 
бірлігі 
жарасқан, экономикасы мығым, әлеуеті жоғары, бәсекелестікке қабілетті, 
алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына ену болып отыр. Елбасы 
Нұрсұлтан 
Әбішұлы 
тәуелсіздік 
алған 
күннен 
бастап 
ұлттық 
құндылықтарымызды
қадірлеп, асылымызды ардақтауға үндеп келеді. Бүкіл 
әлем
қызыға қарайтын елдегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, 
ұлтаралық татулық 
– 
халқымыздың сабырлылығы мен Елбасымыздың сындарлы 
саясаткерлігінің жемісі екендігі сөзсіз.
Мемлекеттің тірегі 
– 
халықтар достығы мен ел бірлігі, қоғам тұтастығы 
екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Осы үш тұғыр неғұрлым бекем, мықты 
болса, Мәңгілік елдің 
– 
шаңырағы да биік, келешегі де кемел, болашағы да 
жарқын.
Ұлы
Дала елінің парасат пен күреске толы тарихы мен қайталанбас 
құндылықтарын
ұрпаққа ұлағаттап, үлгі болатындай игілікті істер атқару 
– 
бүгінге 
– 
зор міндет, келешекке 
– 
аманат.
«Мәңгілік
Ел» болуда бабаларымыздың ғасырларды көктеп өтіп, бізге 
жеткен құнды мұраларын жас ұрпаққа таныту, осы мұралар арқылы жастарды 
қазақстандық
патриотизмге, елге деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу 
– 
бүгінгі 
күннің басты ұстанымы болуы тиіс. 



Қазақ
елі тарихнамасының негізін қалаушы, ғұлама ғалым, ақын, қолбасшы, 
мемлекет қайраткері Мұхамед Хайдар Дулатидің мәңгілік жасайтын бай мұрасы 
– 
ұлт тарихының ғана емес, сол тарихи кезеңдегі ата
-
баба мәдениетінің, әдебиеті 
мен өнерінің, дүниетанымының, ақындық дәстүрінің қайнар көзі. Сонымен 
қатар, бұл құнды мұралар 
– 
біздің мемлекетімізбен қарым
-
қатынаста болған 
алыс
-
жақын көршілеріміздің тарихымен тамырлас және бәріміздің өткеніміз 
жайлы жадымызды жаңғыртатын, аса бағалы деректер беретін дүниелер болып 
саналады.
2015 жылы бүкіл еліміз болып атап өткен Қазақ хандығының 550 жылдық 
мерейлі тойы М.Х.Дулатидің тарихи
-
әдеби мұрасының ғылыми
-
теориялық 
құндылықтарын, маңызын танытуға жоғары деңгейде үлесін қосты. Қазақ елінің 
орта ғасырлардағы тарихынан мол, нақты, деректі мағлұматтар беретін ғылыми 
еңбек 
– 
«Тарих
-
и Рашиди» 
– 
осы атаулы мерекенің мәртебесін асқақтатты. 
«Тарих
-
и Рашиди» 
– 
Орталық Азия халықтарының ХІІІ
-
ХVІ ғасырлардағы 
тарихы мен географиясы, этнографиясы, әдебиеті мен мәдениеті туралы жан
-
жақты баяндайтын бірден
-
бір классикалық тарихи мұра. Аталған еңбекте 
Ауғанстан, Тибет, Үнді елдерінде болған саяси, мәдени және әлеуметтік 
оқиғалар мен моғол хандарының тарихы молынан қамтылған. Осы аймақтарды 
мекендеген ру
-
тайпалардың тарихы, қоғамдық
-
әлеуметтік өмірі, әдебиеті, 
мәдениеті, әдет
-
ғұрпы мен салт
-
санасы туралы жазылған. Бұл бабамыздың бай 
мұрасының әлемдік өркениетте алатын орнын көрсетеді.
М.Х. Дулати еңбектері елінің ертеңіне алаңдайтын көзі ашық, көңілі ояу кез
-
келген адамды елең еткізбей қоймайды. Орта ғасырдағы ұлы ойшылдың 
шығармашылығы тарихшылар мен философтардың ерекше қызығушылығын 
арттырып отыр. Ғалым арнайы педагогикалық еңбек жазбаса да, Дулати 
шығармашылығының көп тұстары 
– 
ұлттық рухани дәстүрді дамытуда үлкен рөл 
атқаратын, сол дәуірдегі білім беру мен тәрбие негізі жайлы ғылыми көзқарасты 
тудыруға мүмкіндік береді. Ғалымның шығармаларында кездесетін білім мен 
тәрбие туралы толғамды ойларына қарап, патриоттық, азаматтық, рухани, 
адамгершілік және эстетикалық тәрбие мәселесі жағынан оның жан
-
жақтылығын аңғарамыз. 
М.Х. Дулатиді мемлекетшілдік тұлға ретінде танытатын тағы бір тұсы 
– 
оның әділеттілік, құқық және билеуші мемлекеттік қызмет туралы айтқан 
тұжырымдары дер едік. Мәселен, ғалымның пікірі бойынша «құқық 
– 
бұл 
әділеттілікпен
тікелей байланысты берілген әрбір адамның несібесі». 
Қоғамдық
дамудың биігіне жеткен ХХІ ғасырдың көгінде тұрып, орта 
ғасырлық
ғұламаның ой
-
өрнегінің, азаматтық толғауының қайтадан түлеп, 
қазіргі
ұлт мұқтажын өтеуге қызмет жасауы, шынында, ерекше құбылыс. Осы 
орайда Қазақстан
Республикасы Президентінің дәстүрлі Жолдауындағы 
«Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, 
әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет», 

деген салмақты пікірі біздің заманымыздағы ұрпақтар
үндестігінің жарқын 
көрінісі болып табылады.
Ұлы
ойшыл, саясаткер, ғалым М.Х.Дулати елдікті, бірігіп тұтасуды, мықты 
мемлекет болуды көп ойлап армандаған. Сөйтіп тиімді, күшті басқарудың 



өнерін, ғылымын іздестірген. Яғни ортақ мүддені негіз етіп, ортақ
міндет пен 
мақсатты мойындауда, оны жүзеге асыруда табандылық танытқан. Ұлы тұлға 
«адамға бас бостандығынан, өз еркіндігінен артық ешнәрсе жоқ» 
– 
деп өз 
рубаяттарында ой түйеді.
Қазақ
топырағынан шыққан Дулатидің құнды еңбектерімен, қайталанбас 
ғажап
өмір жолымен таныса отырып, ұлттың ұлт болып қалыптасуында, 
дамуында оның идеялары ХХІ ғасырға аяқ басқан тарихи кезеңде өзекті болып 
отыр. 
Бабамыздың еңбектерінен танылатын ең басты идеяның бірі 
– 
тұрақты 
қоғам
мәселесі. Оның алғышарты ретінде дінге негізделген ұлттық келісім, 
қоғамдық
қатынастардың әділ басшылардың мемлекет басқаруда жан
-
жақты 
болуын, халықтың әлеуметтік және мәдени
-
психологиялық тұтастық аясында 
қалыптасқан
рухани идеяларын атап көрсеткен. Дін, қоғам, ұлттық сана, салт
-
дәстүрді нығайтудың негізінде әлемге құшақ ашу, оған деген сүйіспеншілік, 
жарасымдық, татулық, қамқорлық жасау әрекеттерін арттыруды көздейді.
Қазақстан
Республикасы бүгінгі таңда қалыптасқан мемлекет болып, 
саясатын жүргізуде өз алдына жоғары мақсаттар қойып отыр. Соның бірі
– 
Қазақстан
халқының болашақта әл
-
ауқатының жоғары деңгейде болуы, 
құқықтық
-
демократиялық, зайырлы мемлекет болып қалыптасуы. Осы мақсатқа 
жету жолында елімізде Қазақстан Республикасының заң шығарушы, атқарушы, 
сот органдары бірлесіп жұмыс істеуде.
Елбасы
2002 жылдың ақпан айында өткізген кездесуінде: «Мен келешек 
ұрпаққа
мұра ретінде адамдардың тыныш тұратын, дәлірек айтқанда 
демократиялық, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам қалдырғым келеді», 

деп айтқан болатын. М.Х.Дулатидің тарихи, құқықтық танымы, бұл жөнінде 
қалдырған
ұлағатты ой
-
толғамдары арада бес ғасырдың үстінде уақыт өтсе де, 
қазіргі
кез үшін маңызы мен құндылығын жоғалтқан жоқ. Құқықтық әділеттілік 
салтанат құрса деген ұлы бабамыздың арманы орындалып жатқанын тәуелсіз 
мемлекетіміздің дамыған, өркениетті өмірінен көз жеткізіп отырмыз.
М.Х.Дулати ойшыл, жан
-
жақты білімдар, ғұлама, қаламы қарымды 
тарихшы, мемуарист, ақын, мемлекет қайраткері, қолбасшы 
– 
өзі жазғандай, 
игермеген өнер саласы жоқтың қасы болған ол 
– 
бір сөзбен айтқанда, 
энциклопедист тұлға. Оның осы қасиеттері «Тарих
-
и Рашиди» еңбегінен айқын 
көрінеді. Ғалымдар «Тарих
-
и Рашидиді» қайта
-
қайта зерделеп оқу барысында 
бұл еңбекте 40
-
қа жуық ғылым саласы қамтылатынын саралап көрсетті. Бұл 
дерек «Тарих
-
и Рашидидің» шын мәнінде энциклопедиялық еңбек екенін, шетел 
ғалымдары
мен шығыстанушыларының қызығушылығына үлкен негіз барлығын 
айқын аңғартады. 
Шығыстық үлгіде жазылған «Жаһан наме» дастанындағы философиялық
-
педагогикалық тағылымды толғамдар, шығарманың көркемдігі, сюжет құру 
шеберлігі мен тіл шұрайлылығы М.Х.Дулатидің үлкен эпик ақын болғандығын 
танытады. Сонымен қатар, бұл туындыдан аңғарылатын адамдар арасындағы 
күрделі қарым
-
қатынас, сүйіспеншілік туралы идеялық толғамды ойлар қазіргі 
кезде және болашақта да мәнін жоймайтын ізгілік
құндылықтары деп білеміз. 



Қорыта
айтқанда, Қазақ елінің тарихы Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, 
бірігу мен азаттық үшін күреске толы тарих жолы болып қала береді. Кешегі 
қатпарлы
тарих пен бүгінгі тәуелсіз ел болған жарқын уақыт аралығында тарихи 
сабақтастық, жібек жіптей үзілмес жол жатқаны бәрімізге белгілі. Төл тарихын 
білмеген халық қазіргі уақыттың бағасын, қадірін де терең ұғынбайды. Туған 
тарихымызды тану 
– 
уақыт талабы. Ұлт тәуелсіздігінің алтын діңгегі 
– 
ұлттық 
тарихымызда жатыр. Ұлттық тарихымыз 
– 
халқымыздың мәңгілік бойтұмары. 
Қазақстан
халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас 
Ұлт» атауымен болып өткен кезекті ХХІV сессиясында қабылданған «Мәңгілік 
Ел 
– 
патриоттық актісінде» көрсетілген Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын 
нығайту, сақтау және ұрпақтан
-
ұрпаққа аманат ету 
– 
біздің міндетіміз. 
ӘОЖ
94 (574).951 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет