Республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет18/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

Әдебиет
 
1.
Қазақстан
тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін, бес томдық,
1 том. 
– 
Алматы: 
Атамұра. 2010.
– 
441б

2.
«Тарих
-
и Жаһангушайдан» үзінді, М.Х. Дулати. «Тарих
-
и Рашиди», парсы 
тіліндегі қолжазба нұсқасынан тәржімалаған Ислам Жеменей. Жалпы ред. 
басқарған және алғысөзін жазған Әбсаттар Дербісәлі. 
– 
Алматы: Тұран, 2003. 
– 
320б.
3.
Кляшторный
С.Г.

Султанов
Т.И. «Казахстан летопись трех тысячелетий».
– 
Алма
-
Ата: Рауан.
1992. – 
274 с.
4.
Мирза Мухаммад Хайдар Дулати в персидских источниках. Перевод с 
английского языка. М.Макишевой, А.Муртаза. 
– 
Алматы. 2010.
– 106
с. 
ОӘЖ 
93/94(063) 
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДІҢ
 
«ТАРИХ
-
И РАШИДИ» КІТАБЫ 
СОПЫЛЫҚ
 
ІЛІМ ӨКІЛДЕРІНІҢ
 
ҚОҒАМ ӨМІРІНЕ ЫҚПАЛЫ ЖАЙЫНДА
 
Баярисов Р.У.
 
 
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы
М.Х.Дулати өзінің «Тарих
-
и Рашиди» атты еңбегінде
моғолдардың тарихы 
Шыңғыс ханнан басталатынын айта келіп, бұл еңбек моғолдардың ислам дінін 
қабылдағаннан
кейінгі тарихын баяндайтындығы туралы жазады [1. 40 б.]. Егер біз 
тек Моғолстан мемлекетіндегі моғолдардың ғана емес, жалпы Шыңғыс хан 
ұрпақтары
билік еткен ұлыстар мен мемлекеттердегі көшпелілердің ислам дінін 
қабылдау
тарихына шолу
жасайтын болсақ, онда бұл үрдістің күрделі де қарама
-
қайшылыққа
толы шиеленіскен жағдайда өткендігін байқаймыз. Шыңғыс хан 
ұрпақтарының
тұсында ислам дінін көшпелілер алғаш рет Алтын Орда ханы 
Беркенің (1257
-
1266) тұсында қабылдаған болатын. Бірақ Берке хан қайтыс болған 
соң, көшпелілер ислам дінінен шығып, өздерінің бұрынғы діни наным
-
сенімдеріне 
қайта
оралды [2.107б.]. Берке ханнан көп уақыт кейін Алтын Ордадағы көшпелі 
өзбек
тайпаларына ислам дінін Өзбек хан (1312
-
1340) қайтадан қабылдатқызады 
[2.134б.]. Ал

Моғолстан мемлекетіндегі көшпелі моғолдар болса, ислам дінін 
47 


Тоғылық Темір ханның (1347
-
1363) тұсында қабылдайды. Әрине, ислам дінін 
қабылдауға
өздерінің биліктерін нығайтуға ұмтылған хандар мен билеуші 
топтардың мүдделі болғаны
белгігі. Олар ислам дінін халықты бағынышты ұстау 
үшін
және өздерінің жүргізген саясатын негіздеуге қажетті идеология ретінде өз 
мақсаттарына пайдаланды. Бірақ ислам дінін қабылдауда оны халық арасында 
тікелей уағыздаған адамдардың сана сезіміне өздерінің
ісімен де, сөзімен де орасан 
зор әсер еткен сопылық ілімнің көрнекті өкілдерінің ролін естен шығаруға 
болмайды. Мәселен, Қарахандар мемлекеті тұсында ислам дінінің түркі 
халықтарының санасында терең бойлап орын алуында Қожа Ахмет Ясауидің 
сопылық ілімі үлкен ықпалын тигізді.
Сопылық ілім ислам діні пайда болған алғашқы ғасырларда
-
ақ мұсылман 
қоғамындағы
кедейлер мен орташа ауқаттылардың билеуші топтар және ресми дін 
басылары жүргізіп отырған әділетсіз саясатқа, әлеуметтік теңсіздік пен 
қанаушылыққа
қарсы наразылығын білдіретін оппозициялық діни
-
идеялық ағым 
ретінде қалыптасқан болатын. Сондықтан да

сопылық ілім Араб халифатында 
билеуші топтар мен ресми дін ілімі тарапынан қатаң қудалауға ұшырап отырды. 
Сопылық ілім қарапайым халықтың мұң
-
мұқтажы мен мақсат
-
мүдделерін 
білдіргендіктен Бұхара
халықтың арасында тез тарап, олардың қолдауына ие 
болды. Уақыт өте келе ресми дін ілімі мен сопылық ілім арасында өзара келісім 
орын алып, билеуші топтар сопылық ілімнің адамдарды бұл дүниенің азабына 
шыдау, көнбісті болу, бұл дүниенің қызығынан, байлықтан бас тартуға шақыру 
сияқты талаптарын Бұхара
халықты бағынышта ұстау мақсатында пайдаланады. 
Сопылық ілім қағидаларының суниттік ресми дін ілімі талаптарына айналуына, 
олардың белгілі бір дәрежеде өзара сабақтасып, бірігуіне әйгілі орта ғасырлық 
мұсылман теологы, философы, сопылық ілімнің көрнекті өкілі Әбу Хамид әл
-
Ғазали
(1058-
1111) үлкен еңбек сіңірді. Ол 
«
өзінің
басты еңбегі 
«
Дін туралы 
ғылымның
жаңғыруында
» 
діни
-
философиялық, этика қағидаларын саралап, онда 
суннит дәстүршілдігі догмаларын сопылық түсініктермен үйлестірді, мәселен, 
шариғатта көрсетілген ғұрыптарды сопылық дәстүрлермен толықтырды
» [3.53 
б.].
Сопылық ілімнің идеялық
-
теориялық негіздері оның көрнекті өкілдерінің 
рухани
-
интеллектуалдық ізденістерінің нәтижесінде біртіндеп қалыптасты. 
«
Сопылар үшін өмірдің басты мәні Құдайға жақындау, оны тану, олардың 
кейбіреулерінің жаратушымен бірге өмір сүру мүмкіндігіне жету сияқты 
көзқарастар жүйесі 
– 
тариқасы, осы мақсатқа жеткізетін жол болды
» [3.124 
б.].
Уақыт өте келе сопылық ілім мұсылман қоғамында, соның ішінде М.Х Дулати 
өзінің
кітабында тарихын баяндайтын XIV
-
XVI ғасырлар аралығындағы Орталық 
Азияның ислам діні тараған аймақтарында маңызды рухани
-
діни факторға 
айналады. Бұл фактордың қоғам өмірінің түрлі салаларына ықпалы күшті болды. 
Аталған дәуірде сопылық ағымның көрнекті өкілдері 
– 
сопылық бауырластықтың 
жетекшілері тіпті мемлекетті басқару, мемлекет аралық қатынастарды реттеу 
сияқты маңызды саяси мәселелерді шешуге араласу дәрежесіне дейін көтеріледі. 
Бұл жайында біз М.Х Дулатидің «Тарих
-
и Рашиди»
кітабынан көптеген құнды 
деректер табамыз. 
М.Х. Дулатидің жеке басы сопылық ағым өкілдерінің бірі 
– 
Маулана 
Мұхаммед Қазидің өз тағдырына тікелей араласып, өлім аузынан құтқарғанын 
48 


басынан кешіп, оның тәлім
-
тәрбиесін, рухани азық болар ақыл
-
кеңесін қабыл алған 
жөн. Маулана Мұхаммед Қазидің толық аты жөні Маулана Мұхаммед бин 
Бұрханаддин Самарқанди, нақшбандийа сопылық бауырластығының XV 
ғасырдағы
әйгілі жетекшісі Қожа Аххрардың шәкірті және оның өмірбаяны
жайлы 
жазылған 
«
Силсилат ал
-
арифин ва тазкират ас

сиддикин
» 
кітабының авторы. 
Маулана Мұхаммед Қази М.Х. Дулатидің жеке басының тағдырында да, оның 
отбасының тағдырында да елеулі орын алған кісі. Хижраның 914 (1508
-
1509) жылы 
Шахибек хан Хорасанда М.Х. Дулатидің әкесі Мұхаммед Хұсейінді өлтіртіп, енді 
М.Х. Дулатидің өміріне де қауіп төнген кезде, Маулана Мұхаммед Қази оның 
Бұхарадан қашуына кеңес беріп, өлім аузынан құтылуына себепкер болады [1. 50 
б.].
Белгілі дәрежеде М.Х. Дулати өз заманындағы сопылық ілімнің ықпалында 
болып, оның адамгершілік, гуманистік мазмұнға ие идеяларын исламдық 
дүниетанымның өкілі ретінде саналы түрде қабылдаған деп айтуға негіз бар. Оған 
дәлел, біріншіден, М.Х. Дулатидің 
«
Тарих
-
и Рашиди
» 
кітабын 
«
жол бастаушым әрі 
ақ тілекшім болсын», 

[1. 40 б.]. деген ниетпен сопылық ағымның көрнекті өкілі, 
белгілі ғалым әрі тарихшы Шарафаддин Әли Йәздидің 
«
Зафар наме
» 
кітабынан 
алынған 
«
Алғы сөзден
» 
бастауы [1. 39 б.]. Екіншіден, кітабының бірінші тарауында 
исламдық дін сенімінің мәнін ұғындыру үшін М.Х. Дулати сопылық ағымның 
жунаид тармағының ірі теоретигі Әбу
-
л
-
Хасан Әли ибн Усман ибн Абу Әли әл
-
Жуллаби әл
-
Хужвири әл
-
Ғазнауидың 
«
Кашф әл
-
мағжуб
» 
кітабынан мистикалық 
пантеизм сарынында жазылған философиялық толғамдардан үзінділер келтіреді 
және тарихта 
«
Герат қарты
» 
деген атпен белгілі сопылық шейх Әбу Исмаил 
Абдолла ибн Әбу Мансұр Мұхаммед әл
-
Ансари әл
-
Харавидің жазғандарына 
сілтеме жасайды [1. 3
3-
43 б.].
М.Х. Дулати сопылық ілімнің ықпалында болғанымен, бірақ сопылық ілімге 
толық беріліп, оның жолына түскен жоқ. Бұл пікірді оның өз кітабында Гераттағы 
әйгілі
сопы ғұламалары жайлы баян етпек болып, 
«
егер де сол кісілердің қатарында 
бола алмасақ, онда мадақтаушылар, үгіттеушілер соңында болайық
»,– 
деп жазғаны 
растайды.
Соңғы кезде жарық көріп жүрген кейбір зерттеулерде М.Х. Дулатидің
діни көзқарастары немесе М.Х. Дулатиға сопылық ілімнің ықпалы жайында 
жазылып жүр. Мұндай зерттеулердің маңыздылығын теріске шығармай отырып, 
сонымен қатар бұл мәселені анағұрлым кеңірек ауқымда қарастырған жөн сияқты 
деген өз ойымызды білдіргіміз келеді. Егер біз ислам дінінің және оның ішінде 
сопылық ілімнің тек М.Х. Дулатиға ғана емес, жалпы сол дәуірдегі қоғам өміріне 
ықпалын қарастырсақ, онда тарих философиясына қатысты концептуалды 
сипаттағы тұжырымдар жасау мүмкіндігіне ие боламыз. Мұндай зерттеу сонымен 
қатар
ғылымдағы нақты деректі тарихи зерттеу әдісіне сай М.Х. Дулатидің
дүниетанымын, философиялық ой
-
толғамдарын сол уақыт, сол дәуір контекстінде 
қарастыруға
мүмкіндік береді.
Сонымен, М.Х. Дулати өз кітабында баяндайтын XIV
-
XVI ғасырларда 
сопылық ағымның қоғам өміріне ықпалы қандай болды? Егер біз тарихи деректерге 
жүгінетін болсақ, суниттік бағыттағы сопылық ағымның 12 аналық 
бауырластықтарға бөлінетінін білеміз. Олардың бірқатары жайлы М.Х. Дулати өз 
кітабында жазып, олардың өкілдері туралы құнды тарихи деректер келтіреді. 
Жалпы, М.Х. Дулати жазған дәуірде сопылық ағымның жетекшілері, атақты 
49 


шейхтар мен ишандар қоғамда
үлкен беделге ие болып, сол кездегі билеушілер 
олармен санасып, маңызды мәселелер бойынша ақыл
-
кеңес сұрап отырған.
Сол 
дәуірдегі сопылық бауырластықтардың арасындағы ең ықпалдысы 
– 
нақшбандийа 
бауырластығы болатын. Нақшбандийа бауырластығының негізін
қалаған ходжагон 
мистикалық ілімін қайта жаңғыртып, толықтырған Баха ад
-
дин Нақшбанди 
Бұхараи (1318
-
1389) болды. 
«
Нақшбандийа өзін жақтаушыларды сопылыққа 
немесе тақуалыққа шақырған жоқ, керісінше оларды егіншілікке, қолөнерші, 
саудагер болуға, мемлекеттік қызмет атқаруға міндеттеді. Ұйым ресми исламмен 
(ресми дін ілімімен 
– 
Б.Р.) бейбіт жағдайда өмір сүрді
» [3.107-
108 б.б.]. XV 
ғасырдағы
әйгілі ақындар Әбдірахман Жәми (1414
-
1492) және Әлішер Науаи (1441
-
1501) да осы нақшбандийа бауырластығының жолын қуушылар болған. 
Темір әулетінен шыққан Сұлтан Әбу Саид мырза 
(1452-
1469) Самарқандта 
1452 жылы Қожа Убайдоллах Ахрар жетекшілік еткен нақшбандийа 
бауырластығының қолдауы арқасында билікті жаулап алады [4.163 б]. Қожа 
Убайдоллах Ахрардың XV ғасырдың екінші жартысындағы бірқатар билеушілерге 
ықпалы күшті болды, оларды өзінің жолын қуушылары 
– 
мүридтері етіп алады. 
Атап айтқанда, Самарқанд билеушісі Сұлтан Ахмет мырза, Ферғана билеушісі 
Омар Шейх мырза және Моғолстан билеушісі Жүніс хан Қожа Убайдоллах Ахрарға 
өздерінің
еріктерін тапсырып, оны өздеріне рухани тәлімгер 
– 
пір етіп қабылдаған. 
Жүніс
ханның Моғолстандағы билік басына Мауараннахр мен Хорасанды 
қатар
билеген Сұлтан Әбу Саид мырзаның қолдауына сүйеніп келгені 
«
Тарихи
-
и 
Рашиди
» 
кітабынан мәлім [1.111
-
113 б.б.]. Оның қолдау көрсеткеніне ырзашылық 
сезімін білдіргісі келген Жүніс хан Сұлтан Әбу Саид мырзаның ұлдары Сұлтан 
Ахмет мырза мен Омар Шейх мырзаға өзінің қыздары Михр Нигар ханым мен 
Құтлық
Нигар ханымды тұрмысқа береді [1.122б.]. Бірақ екеуінің ағайынды 
екендігіне қарамастан Сұлтан Ахмет мырза мен Омар Шейх мырза арасында ылғи 
жер
үшін талас, қақтығыс орын алып тұратын. Ағайынды екі бауырдың арасындағы 
қақтығыста
Омар Шейх мырза әрдайым қайын атасы Жүніс ханның қолдауына 
сүйенетін. 
Міне, осындай қақтығыстардың бірі болатын кезде, М.Х. Дулатидің
куәлік 
етуі бойынша: 
«
хан Марғинанда
болған кезде тара киелі, Алланың сүйіктісі хазірет 
Қожа
Насыреддин Ұбайдолла сол жерге Жүніс хан мен Омар Шейх мырзаны бір 
жағынан және Сұлтан Ахмет мырзаны екінші жағынан татуластыру мақсатымен 
келді
» 
[1.123 б.]. Осы жерде Жүніс хан алғаш рет Қожа Убайдоллах Ахрармен 
жолығып, екеуі өзара әңгімелесіп, мәмілеге келеді. Арадағы болған әңгімеден 
жақсы әсер алып, қанағаттанған Қожа Ахрар көрші мұсылман патшаларына: 
«
Біз 
Сұлтан Жүніс ханды көрдік, мұндай мұсылман патшасы
бар халықты құл ету лайық 
емес», 
– 
деген
мазмұнда хат жолдайды [1.177 б.]

Бұған дейін мұсылман елдерінде 
моғолдарды басқа да 
«
кәпірлер
» 
сияқты құл ретінде сататын. «Содан бері барлық 
ислам қалаларында моғолды құл есебінде сату доғарылды», 
– 
[1.177 б.]

Міне, осы 
келтірілген деректің өзі Қожа Убайдоллах Ахрардың өз дәуіріндегі қоғамның саяси 
әлеуметтік
өміріне ықпалы қаншалықты зор болғандығын көрсетеді. 
Тағы бірде Сұлтан Ахмет мырза мен Омар Шейх мырза арасында Ташкент 
қаласы
мен Шахрухийа қамалы үшін талас басталады. Сұлтан Ахмет мырзаның 
қалың
қолмен Ташкентке аттанғанын есіткен Омар Шейх мырза тағы да қайын 
атасы Жүніс ханды өзіне қолдау көрсетуін өтініп, Ташкентке шақырады және 
Ташкентке қарасты Сайрамды ханға сыйға береді. Жүніс хан өзінің үлкен ұлы 
50 


Сұлтан Махмұт ханды отыз мың әскерімен Сұлтан Ахмет мырзаға қарсы жібереді. 
Ал Ферғана жақтан Омар Шейх мырза он бес мың әскерімен жетіп келеді. Бұл үш 
әскер
бір
-
біріне жақындап, үлкен шайқасқа қамданған еді. Бұл хабар Самарқандқа 
жеткен кезде, Қожа Ұбайдоллах Ахрар ишан өзінің бара жатқандығын хабарлап, 
артынша өзі де жетеді. 
«
Хазірет ишанның бейбіт келісімге келуге шақырған 
ұсынысына ешкім қарсы шықпайды. Себебі

Аллаға имандылықпен берілгенде өз
-
өзін
ұмытып, бар болмыстың шынайы жаратушысы Хақ субхана тағала деп білетін. 
Қысқасы
бұл үш патша әрқайсысы өз мақсат
-
мұратына орай әскерін жасақтап 
келген еді, бірақ олардың бәрін жұбатып, үш патшаны бір кілемге отырғызып, 
міндет қойды. Олар оны қабылдады: келісіп Ташкент үшін тартысқан екі 
ағайынның таласын тоқтатып, Ташкентті ханға берді
» 
[1.137 б.].
Хижраның 892 (1486
-
1487) жылы Сұлтан Жүніс хан қайтыс болып, оның 
орнына ұлы Сұлтан
Махмұд хан таққа отырған соң Сұлтан Ахмет мырза қайтадан 
Ташкент үшін таласты бастайды. Мұны есіткен хазірет ишан Сұлтан Ахмет 
мырзаға: 
«
Бұлай істеу болмас

Сұлтан Махмұд ханмен татуласқан жөн. Олар 
сендерге ешбір қауіп төндірмейді. Ал сендер неге оларды алаңдатасындар
», – 
деп 
адам жібереді [1.139 б.]. Бірақ соған қарамастан Сұлтан Ахмет мырза жүз елу мың 
атты әскер жинап, Ташкентке келеді. Бірақ ол моғол әскерінен жеңіліп, 
Самарқандқа қашады және онда хазірет ишанның аяғына жығылып, кешірім 
сұрайды. 
«
Хазірет ишан хан мен Сұлтан Ахмет мырза арасында бейбітшілік 
орнасын деп бұйырды. Бейбітшілік баянды болсын деп Қаракөз бегімнің (Сұлтан 
Ахмет мырзаның қызы 
– 
Б.Р.)
ұзату жұмысын қолға алып, әр түрлі ырым
-
салттарды 
орындап, оны Сұлтан Махмұд ханға алып келді
» 
[1.140 б.].
Сонымен, жоғарыда
«
Тарих
-
и Рашиди
» 
кітабынан келтірілген мәтіндерді 
талдау нәтижесі нақшбандийа сопылық бауырластығы және оның жетекшісі Қожа 
Насыраддин Убайдоллах туралы 
«
Ислам
» 
энциклопедиясында берілген мына 
пікірдің ақиқаттығын толық растайды: 
«
Өзінің
әлеуметтік жағынан қалалық болып 
табылатын, сауда және кәсіпкерлік ұйымдармен тығыз байланысты бауырластық 
көшпелі түркі тайпаларына да ықпал ете бастайды. Осы кезеңде Убайдоллах Ахрар 
қожаның
(1404-
1490) тұсында нақшбандийаның саяси және экономикалық ықпалы 
өзінің
ең жоғарғы шарықтау шегіне жетті. Саудагер және жер иеленуші топтарға 
арқа сүйеген Убайдоллах Темір әулетінің өзара ала ауыздықтарына белсенді де 
шебер араласып, 40 жыл бойы бүкіл аймақтың іс жүзіндегі билеушісі болды. Оның 
«
Өзіңнің
әлемдік рухани парызыңды атқару үшін саяси билікті пайдалана білу 
қажет
», – 
деген ұраны нақшбандийаның бұдан кейінгі бүкіл әлеуметтік
-
саяси 
белсенділігін белгілеп берді
» 
[5. 333 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет