Республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет17/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

Әдебиет
 
 
1.
Қожабекұлы
Б. «Бабырнама ортақ туынды».
– 
Алматы: Ататек, 1997.
– 
79б.
2.
Мұхаммед Хайдар Дулати: Моголстан хандары. Әділхан Байбатша.
– 
Алматы: Ары баспасы
. 2009. – 98
б.
3.
Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих
-
и Рашиди, парсы тіліндегі қолжазба 
нұсқасынан тәржімалаған Ислам Жеменей. Жалпы ред. басқарған және
алғысөзін жазған Әбсаттар Дербісәлі
. – 
Алматы: Тұран, 2003. 
– 331
б.
ОӘЖ
94 (574) 
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДІҢ «ТАРИХ
-
И
 
РАШИДИ
» 
ЕҢБЕГІНДЕГІ РУХАНИ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ
-
САЯСИ МӘСЕЛЕЛЕР
 
 
Бақторазов Н.С.
 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 
2-
курс магистранты
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499
-1551) 
қазақтың
есімі әлемге мәшһүр тұңғыш 
тарихшы ғалымы, кемеңгер ойшылы, әдебиет зерттеушісі, этнограф. Баршаңызға 
белгілі М.Х. Дулати Кашмирде билік құрған жылдары парсы тілінде «Тарих
-
и 
Рашиди» атты Орталық Азия халықтарының ХІІІ
-
ХVІ
-
шы ғасырлардағы тарихы, 
этнографиясы мен географиясы, әдебиеті мен мәдениеті жайлы классикалық 
тарихи шығармасын жазды. Еңбектің ішінде халқымыздың тарихына қатысты 
қызықты
мағлұматтар көп. Соның біріне, атап айтсақ

Шыңғысханның
Орта Азия 
мен Қазақстанды жаулап алу оқиғаларын М.Х.Дулатидің «Тарих
-
и Рашиди» 
еңбегіндегі деректер арқылы бажайлап көру мынадай жәйттерді айшықтауға 
мүмкіндік берді. Сонымен, өзіне көрші жатқан жерлерді жаулап болған 
Шыңғысхан енді Орта Азия мен Қазақстанға көз тігеді. Жазба деректерге 
қарағанда, бұл жорыққа Шыңғысхан өте ұқыпты дайындалған.
Ол өз еліне Орта 
Азиядан, Қазақстаннан келген саяхатшылар мен саудагерлерден Хорезм шахының, 
Қарахан
мемлекетінің, қарақытайлардың ішкі саяси жағдайы, олардың бір
-
бірімен 
қарым
-
қатынастары, әскерлерінің құрамы туралы сұрап, мәліметтер алып отырған. 
Шыңғысхан 1217 жылы Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе 
42 


ноянды аттандырады. Жебе ноян бастаған монғолдар діни қысым жасамау ұранын 
басшылыққа алды [1].
Күшліктің
мұсылман дінін жақтаушыларға тізе батырып отырған кезіне сай 
келген бұл ұран жергілікті халықтан қолдау тауып, моңғолдарды
мұсылмандар 
құшақ
жая қарсы алды. Моңғолдар
бұл жағдайды дер кезінде пайдаланып, Жетісу 
жеріне енеді. Қазіргі тарихи әдебиеттердің барлығында дерлік осылай баяндалады. 
Ал, «Тарих
-
и Рашидидегі» деректерді сөйлете отырып, осы оқиғалардың қалай 
өрбігендігін
имандылық тұрғысынан да, тарихи
-
танымдық тұрғысынан да 
тереңірек түсіне алуға мүмкіндік туары анық.
Сонымен: «Шыңғыс хан шығыс елдерін өз қарамағына алған кезде Күшлік ибн 
Тайанг хан найман Бишбалик ((Бесбалық) 
– 
Шынжандағы қазіргі Үрімші және 
Тұрфан қалаларының солтүстік жағында болған. ХІІІ ғ. Бесбалық Қарақожа 
қаласымен
қатар ұйғырлардың астанасы болған) жолымен қашып гурхан 
(қарақытайлардың билеушісі) иелігі уәлаятының шекарасына жетті. Тау
-
тасты 
кезіп, кіріптарлыққа түсті. Төңірегіндегі тайпаластары бөлініп кетті. 
Кейбіреулердің айтуына қарағанда, гурхан әскерлерінің бір тобы оны ұстап алып, 
гурханның алдына алып барған дейді.
Дегенмен, Қашқар мен Хотан басшылары да қарсылық жасап, бүлік шығарды. 
Гурхан Қашқар ханының ұлын тұтқында ұстап отырған еді. Ал

Күшлік оны 
түрмеден босатып, қайтадан Қашқарға жіберді. Ал

әмірлер қулық жасап ол қалаға 
кірмей тұрып, қапысын тауып, оны қақпаның алдында өлтірді. Астық пісіп, егін 
орыла бастағанда Күшлік ол жаққа әскер тұруға жіберетін. Олар жейтінін жеп, 
астықтың қалғанын өртеп жіберетін. Осындай үш
-
төрт рет әскер келіп кеткен соң 
астық та түгесілді. Жұт басталды. Содан олар шарасыздан оның үкіміне 
мойынсұнды. Күшлік әскері сол жерге келді. Қожайындары (кедхуда) бар әрбір 
үйлерге
әскерлер түнейтін. Ымырт үйіріле қорлық, зорлық
-
зомбылық, бұзақылық 
етек алатын. Дінсіз, пұтқа табынушылар ойларына келгендерін істейтін. Ешкімнің 
оған қарсы тұруға шамасы жоқ еді.
Ол жерден Күшлік Хотанға кетті де Хотанды басып алды. Одан кейін бұл 
аймақтың
тұрғындарына Мұхаммед дінінен шығуды бұйырды. Не христиан, не 
пұтқа табынушылықты 
– 
екеуінің бірін қабылдасын, олар нәсари (христиан) немесе 
қытай
киімін кисін деді. Адамдар қытай киімін [яғни буддизмді] таңдады. Құран 
аятында айтылғандай: <Еріктен тыс, лажсыз, тіршіліктеріңді сақтап қалу үшін 
жесеңдер, оған кінә жоқ. Бұған да Алланың кешірімі мен мейірімі мол>. Сонымен, 
Күшлік Азаншының азанын тоқтатып, мұсылман мен мүминнің бір Аллаға 
сенушілігіне бөгет жасап, мешітті жауып, медреселерді құлдыратып тынды.
Күшлік Қашқар мен Хотанды алған соң христиан дінінен пұтқа 
табынушылыққа көшіп, елге де соны міндетті етті. Олар ханифиттердің таза дінін 
кәпірлікке (гебр) айырбастауға мәжбүр етті, һәм
тура жолдың нұрлы сәулесін 
күпірліктің үрейіне ауыстырып, рақымды Аллаға бас иудің орнына қарғыс атқыр 
сайтанға мойынсұндырды.
Сол кезеңде зорлық пен үстемдік жасап, күш көрсете отырып, Мұхаммед діні 
имамдары мен Алланың жолында жүргендерге өз дінінің артықшылығына күштеп 
көздерін жеткізу үшін барлық ғалымдар мен лайықты адамдар сахараға шықсын 
деп, қаладағыларға әмір етті. Үш мыңнан астам имам жиналып, оның алдына келді. 
Ол бұларға қарап: «Бұлардың ішінде дін мен шариғатқа қатысты айтыса алатын кім 
бар? Сөзден қайтпай, жазадан қорқып үнсіз қалмасын», 
– 
деді. Өзі ешкімнің де өзіне 
қарсы
келуіне, дәлелдерін айтуға батылы жетпестігіне нық сенімді еді, алда
-
жалда 
43 


әлдекім сөйлейтін болса, онда оның қаһарлы жүзінен төнген қорқыныштан 
қашқақтап, сақтанып әрі шиеленіс отын өршітіп алмай, керісінше жалғанды 
мақұлдап, шындықты қаралап шығар деген ойда болды. Бірақ сол тайпаның Алла 
қолдаған
шейхі, әрі ақиқат имамы Алаадин Мұхаммед әл
-
Хотани <Қабіріне 
Алланың нұры жаусын, әрі сыйы көп болсын> орнынан тұрып, Күшліктің жанына 
келіп отырды. Ақиқатты айтуға бел буды. Діндер жайлы айтыс басталды. 
Күшліктің даусы қатты шыға бастады. Алайда

имам Кучлукке назар аудармай 
нақты әңгімелер келтіріп отырды. Оның болмысын жоқ деп есептеді. Хақ 
– 
нақақтыққа, ғалым 
– 
надандыққа үстем болды. Бақытты азап шегуші имам 
Кучлукты айтыста жеңілуге мәжбүр етті.
Күшліктің пасықтықтан ыза
-
оты лаулады. Сөзі шорқақтап, тілі күрмелді. 
Сандырақтап, бейпіл
ауыздыққа салынды, лайықсыз сөздерді тілге тиек етті. Осы 
бағытпен ол біраз сөйледі.
Шындықты айту және қатені көрсетуден тайынбай діни керітартпалыққа төзе 
алмай, әрі мына жағдайға көз жұма алмай, имам айтты: «Аузыңа құм құйылсын, әй 
діннің жауы, қарғыс атқан Күшлік». 
Мұндай ірі сөз кәпірдің құлағына жеткенде, күнәһар кәпір оны ұстауға әмір 
етті. Сөйтіп имамды бірнеше тәулік жалаңаш, байлауда, шөлде ұстап тамақ, 
ғұмырлық
азықтан мақұрым етті.
«Егер де сіз тамақ бермесеңіз, мен Алланың дастарқанына қонақ
болып, 
түнеймін, Алла маған тамақ береді, һәм менің шөлімді қандырады». Және осы имам 
Мұхаммед Салих пайғамбар сияқты өз қуанышы сәмудке кіріптар болғандай және 
Жақыптың қан жылап көрген азабындай, не тауқыметіндей, пайғамбар (с.ғ.с.) 
айтқан: «Азап пайғамбарлар үшін, сонан соң әулиелер үшін, одан кейін өрісі 
жоғары болғандар үшін», сол үшін Аййубтың сабыры ләзім.
Істің соңы сол адасқан қауымның айналасына барып тірелген соң, әр
түрлі
жалған уәде беріліп, байбалам салынып, жазалау да орындалады. Сондықтан имам 
Мұхаммедтің іші мен сырты бірдей имандылықтың куәсі болғандықтан, оны өзі 
Хотанда салған медресесіне шегеледі. Осылайша ол имандылық жолында шаһид 
болуға бел буды. Жалған дүние үшін тозаққа баруға шешім алмай, имансыздық 
желкенін желбіретпеуге бекінді. Бақиды фәниге алмастырмады. Әуестік пен бұл 
дүние қызығына ұлы арман үшін берілмеді. Алла тағала айтады: <Бұл дүниеде 
тіршілік 
– 
тек ойыншық, (қыздырмалы) қызық екен. Тақуалар үшін ақырет күні 
артық. Осыны түсінбек керек>. Сөйтіп, хаққа жанын тапсырды. Зынданнан 
– 
жұмаққа, ақыреттің ниғметіне жетті. Төменгі мекеннен көкке, жоғары мекенге жол 
тартты.
Осы оқиғадан соң көп ұзамай Шыңғыс хан мемлекеттерді жаулап алуға бет 
алған кезде Кучлуктың жөнсіз бұзақылығына тойтарыс беру үшін бір топ 
нояндарды жіберді. 
Сол уақытта Күшлік Қашқарда
болатын. Қашқар
адамдарының 
айтуынша нояндар жеткен кезде ол соғысуға сап түзеп үлгермеген еді. Сондықтан 
ол алды
-
артына қарамай қашты. Бірінен соң бірі топ
-
топ болып жеткен монғолдар 
жұрттан Күшліктен басқа ештеңе талап етпеді. Әрі барған жерінің барлығында азан 
шақырып, намаз оқуға, әркім өз әдет
-
ғұрпына қарай өмір сүріп, өз дінін ұстануға 
рұқсат беріп жар салды.
Күшлік хан жеңіліп қашқан соң, қалада тұрып жатқан және мұсылмандар 
үйіне
орналасқан оның адамдары бір сәтте
-
ақ
топыраққа сіңіп кеткен сынаптай жоқ 
болды. Монғол әскері Күшліктің ізіне түсті. Ол әр жерге тоқтап, әскер жақындап 
қалғанда
құтырған иттей болып, тағы да жүріп отырып, сөйтіп Бадахшан маңайына 
44 


да жетті. Сөйтіп ол Сариг
-
Чупанға (Сары
-
Шопан) келгенде сорына орай жолдан 
адасты. Одан әрі бір таулы шатқалға тірелді. Бір топ бадахшандық аңшылар сол 
маңайда тауда аң аулап жүрген. Олар қашқындарды көріп, солар жаққа бет алды. 
Екінші жақтан монғолдар келіп жетті. Шатқал тар болғандықтан өту қиын еді. 
Монғолдар аңшыларға
былай деді: «Анау топ бізден қашқан Күшлік пен оның 
нөкерлері. Егер Күшлікті біздің қолымызға ұстап берсеңдер, онда сіздермен 
жұмысымыз болмайды», 
– 
деді [2].
Әлгі
аңшылар Күшліктің тобын қоршап, тұтқындады, оларды монғолдарға 
тапсырды. Олар оның басын кесіп, өздерімен алып кетті. Бадахшандықтар көп 
олжамен 
– 
гауһар тас, маржанмен үйлеріне
оралды. 
Қорыта келе, Ғұлама Бабамыздың: «Бір нәрсе айдан анық: кімде
-
кім ислам діні 
мен Мұхаммедтің заңына, жолына кедергі, шабуыл жасаса, ешқашан жеңіске 
жетпеген, ал оның дәстүрін сақтап жолын қуған адамның күн сайын берекесі 
артқан»,
– 
деген тұжырымы күллі мұсылман қауымының мәңгілік ұраны болып 
отырғандығы даусыз болса керек.
Ғұламаның
«Тарих
-
и Рашиди» еңбегінен тағы бір дерек келтіре кетсек. 
Мәселен, кітапта Шаһибек хан есімінде берілетін «көшпелі өзбектердің» билеушісі, 
Әбілқайыр
ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан мен Қазақ хандығының 
негізін салушы хандар Жәнібек пен Керейдің ұлдары Қасым хан мен Бұрындық хан 
арасындағы текетірес былай өрілген: «Шаһибек
хан хандар және менің әкемнің 
өмір
кесесін өлім шәрбатымен толтырып оларға ішкізіп, тіпті қағып салдыртуға 
мәжбүр етіп, «біреуге шәрбат ішкізсең, өзің де ішесің» дегендей, оның ғұмыр кесесі 
де шәрбатқа толып басындағы бағы тайып һәм дәулет кесесі де төңкерілген еді. 
Сөйтіп

әлгі кісілерге берген сол [шараптың] сарқытын өзі де ұрттады.
Жанарымның жарқылы, бір сөзім бар тыңдаған.
Шәрбат толы кесеңді көтере сал тұр
-
дағы!
Тоқ етерін айтқанда, ол [Шаһибек хан] хандар мен әкемнен құтылған соң, 
қолын
әр тарапқа жұмсап, жазалағыш жебесін барлық жаққа жаудырумен болды, 
ойына не келсе, соны істеді.
915 (1509 ж. қарашасы 
– 
1510 ж. ақпаны) жылдың қысында қазақтарға шабуыл 
жасады. Сол кезеңде қазақтардың ханы Бұрындық хан еді. Бірақ [шын мәнінде ] 
хандық билік және
үстемдік Қасым
ханда болатын. Шаһибек ханның қолында 
үлкен
күш бола тұра оған
қарсы тұра алмайтын еді. Оның [Шаһибек ханның] әскері 
сол заманда екі жүз мыңнан асатын. Қыс түскенде оның барлық [әскері] жем
-
шөпке 
байланысты әр
жерде қыстап шығатын. Қақаған
қыста
Шаһибек
хан жортуылдағы 
бөріше жорыққа шығып, бірде жортып, бірде қайтып оралып отырды. Ондағы ойы 
дұшпанды уәлаяттың маңайына жақын келтірмеу болатын. Ең соңғы жорыққа, 
жоғарыда айтылған жылда шықты, әскерінің көліктері әбден титықтап қалжыраған 
еді. Өзі Көк Кесене маңында қалып,
тың, күш қуаты бар бір топ әскерді бөліп, алға 
жіберді. Оларға бірнеше кісі кезігіп шабуыл жасап тұтқындап, олжа ретінде алып 
кетті.
Бірде Шаһибек ханның әскерлері аттарын жайып жүріп жақын маңда Қасым 
ханның тұрған хабарын естіп, қатты үрейленді. Қасым ханның әмірлерінің бірі 
Бүиун Пір Хасан Шайбанның шабуыл жасағанын естіп, өз әскерімен сол топқа 
қарсы
қозғалып, Қасым хан келді деген қауесет таратты да, оларға алыстан өз 
әскерінің
қарасын көрсетіп отырды. Шаһибек ханның әскерлері, сірә Қасым ханның 
өзі
келген екен деп ойлап, алған олжаларының бәрін тастап, салт басты күйде 
Шаһибек ханға жетіп, Қасым ханның келгені жайында хабар жеткізді. Шаһибек хан 
45 


болса, сол сәтте басқа хабарды күтпей, дереу аттаныс дабылын қақты. Әскердің
бас
-
аяғын түгендеместен, жиналғаны жиналып, қалғаны қалып, быт
-
шыт болып, 
қыстың
аяғында Самарқанға жетеді. Өзі [Шаһибек хан] Хорасанға бет
алды, сонда 
көктемді өткізді

Берілген эпизодтың рухани нәрі молдығымен ерекшеленіп тұр 
емес пе!
Ал, алғашқы қазақ хандарының арасындағы саяси интригаларды Мұхаммед 
Хайдар Дулатидің
мына сараптамасынан байқауға болады. Онда: «Қасым хан 
тағына отырмай жатып
-
ақ оның үстемдігінің күштілігі соншалықты жоғары 
болғандықтан, Бұрындық ханды ешкім ауызға да алмайтын. Сондықтан да

Қасым 
хан Бұрындық ханның жанында болуды қаламайтын. Өйткені оның жанында 
болатын болса, оны құрмет тұтуға тура келеді. Егер де құрмет көрсетпеген 
жағдайда сынға ілінетін еді. Ал іштей жек көрушілік оған құрмет білдіруге жол 
бермейтін. Сондықтан Қасым хан одан іргесін аулақ ұстайтын. Нәтижесінде 
Бұрындық хан Сарайшыққа қоныс тепті. Қасым хан одан мүмкіндігінше қашық 
жүрейін деп Моғолстан шекарасына кетіп қалды», 
– 
делінген. Ары қарай... «Қасым 
хан Қараталда қыстап, ерте көктемде өзінің туған өлкесіне қайта оралмақ болған 
еді. Сонда бұған Кеттебектен бір кісі Сайрам әкімімен бірге келіп, Сайрамның 
кілтін алдына тартты. Қасым хан оны қабыл алып содан моғолдар Ианги деп атап 
жүрген Тараз жаққа бет алды. Өзінен бұрын ол әмірлерінің бірін жіберді. Кеттебек 
оған Сайрамды тапсырды және өзі оның қызметіне кірді. Әрі Ташкентті алуды 
үгіттеді. Қасым хан қалың қолмен Ташкентке бет алды. Сүйіншік хан Ташкент 
қамалына
тығылды. Қасым хан сонда барды. Ташкент қамалы жанында бір түн 
болып, қайта оралды. Ташкент маңайына шабуыл жасап, тапқанын тонап кетті. 
Сайрам айналасындағы жайлауға малын жайды»,
– 
деп М.Х.Дулати Қасым ханның 
әскери
әлеуетін нақты көрсетеді [3].
Енді, Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының көршілеріне қаншалықты 
қадірлі
болғандығын, Моғолстан ханы Сұлтан Ахмед ханның үшінші ұлы Шығыс 
Түркістанның билеушісі Сұлтан Саид ханмен қарым
-
қатынасы арқылы байқасақ, 
осы тұрғысында «Тарих
-
и Рашидиде» былай деп жазылыпты: Сол жорықтан Саид 
хан олжалы оралды. Ізінше Қасым хан Ташкентке Сүйіншік ханға шабуыл жасады 
деген хабар келді. Саид хан тездетіп Ташкентке бет алды. Ферғана және Ташкент 
уәлаяттары арасындағы Кендірлік асуына жеткендерінде Қасым ханның қайтып 
кеткені туралы хабар жетті. [Саид] хан Ахсиге оралды, әрі Ферғана уәлаятының 
қамалдарын
бекемдеп, қазақтарға қарай
бет алды. Ондағы ойы Ташкентті алуға 
тағы да қазақтарды көтеру болатын. Мен ол сапардан сырқаттануыма байланысты 
қалып
қойдым.
Хан жолға шығып, Моғолстанның мәшһүр жері 
– 
Шуға (Жудке) келіп жетті. 
Қасым
ханның сол уақытта жасы алпыстан асып, жетпіске
таяп қалған кезі. Ал 
ханның қылшылдаған шағы болатын 
– 
жасы отызға жете қойған жоқ еді. Әзірше 
талай қажет деген жерге жаяу жүріп жететін. Қасым хан жасының ұлғаюына 
байланысты ханды қарсы ала алмайтындығына кешірім өтініп, Жошы әулетінен 
тараған кейбіреулерінің жасы елу мен алпысты алқымдап қалған отыз
-
қырық 
сұлтанды, солардың ішінде Жаныш хан, Таныш хан, Мамаш хан, Жан Хайдар 
сұлтан, Қарыш сұлтан және тағы басқаларға тізе бүгіп құрметпен қарсы алсын деп 
бұйырды.
Соның ішінде Жаныш хан мен Тыныш хан жас жағынанан Саид ханнан 
көп үлкен болатын. Олар тізе бүккен кезде хан орнынан тұрды. Қалған 
сұлтандардың бәрі де тізе бүккен уақытта хан өз орнына отырып, сәлемін 
қабылдады. Қасым хан Саид хан алдына келгенде жылы жүздесіп құрметтегені 
46 


сондай, хан өмірінің соңғы
сәтіне шейін оның кішіпейілділігін ұмытқан емес [4]. 
Әрқашан
сырласа қалғанда хан оны еске алып «Алланың нұры жаусын оған»;
Қасым
хан асқан мәрт адам болған деп

отыратын және онымен қалай танысқанын 
баян ететін
-
ді. Өзінің бітіспес жауы Мұхаммед Шайбаниді осынша қорқынышта 
ұстап, көршілеріне қадірі артқан Қасым ханның жер көлемі аз, бытыраңқылық 
сипаты басым, ортақ мемлекеттік билік әлі қалыптаса қоймаған ұлыстардың басын 
біріктіріп, өзінен кейінгі ұрпаққа сол кездегі (1510
-1521 
ж.ж.) жер көлемі ең үлкен
(шамамен қазіргі Қазақстан аумағы) бірлігі мықты мемлекетті қалдырып кетуі 
бөлек баяндаумен берілсе керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет