Әдебиет
1.
Гордлевский В.А. Бахауддин Накшбанд Бухарский.Избранные
сочиненения. З.М., 1962.
2.
Наджип А.Н. Исследование по истории тюрских языков ХІ
-
ХІ
V
вв. М., 1989
3.
Крымский А.Е.История персии, ее литературы и деришеской теософии.том
І. М., 1963
.
53
ОӘЖ 101.1
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТҮРІК ЖӘНЕ
ҚАЗАҚ
ӨРКЕНИЕТТЕРІНДЕГІ ОРТАҚ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Еменова Г.Б.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы
Түрік дүниетанымы негізінде қалыптасқан түрік тілдес халықтар бүгінгі таңда
ұлттық
ерекшеліктерінің шығу тегі және кейінгі даму үрдістері туралы зерттеулер
жүргізуде. Әрбір ұлттың өзіне ғана тән мәдениеті мен өркениеті болатынын
ескерсек, қазақ өркениетін толығымен зерделеу арқылы түрік өркениетінің де
жалпы мазмұнын тануға болады екен.
Қазақ
руханияты ислам өркениетінің ажырамас бөлшегі. Ислам
құндылықтары
мен философиясын, мәдениеті мен өнерін
насихттауға Мұхамед
Хайдар Дулати да өз шығармашылығы арқылы қуатты
серпін бере алды.
Түрік қағанаты құрылуына негіз болған тайпалардың бірі
–
сақтар мен ғұндар.
Ал, олар
–
бүгінгі қазақ ұлтының арғы бабалары саналады. Олай болса, түрік
өркениеті
қазақ
өркениетімен сабақтасып, жалғасып жатқандығын нақтылайтын
мынадай негізгі жайттарды айтуымызға болады:
1. Түрік жазба ескерткіштерінде қазақ рулары туралы деректер көптеп
кездеседі. Әсіресе, төрт түлікке, оның ішінде жылқыны
–
байлық пен ерліктің,
сұлулықтың
символы ретінде танытатын мағлұматтар мол.
2. Түрік мен қазақ өркениетінің сабақтастығы олардың материалдық және ру
-
хани мәдениетінен де анық байқалады. Түрік мемлекеттерінде ел басқаратын
кісілерге ел
сөзін қосып айту ежелден бар. Сонымен қатар, лауазымды кісілерге
мазарлар, күмбездер тұрғызу өте ертеден басталады. Өлген адамды жерлеу
рәсімінде де көптеген ұқсастықтар бар.
3. Адам өмірі мен өліміне қатысты түсініктер олардың тотемдік сенімдерінен
де көрінеді.
4. Белгілі түріктанушы А.Аманжолов: “Бұл жазу, негізінде, көне түрік руни
-
калық таңбаларымен көне түрік тілінде жасалды деген пікірдеміз”,
–
деп жазып
көрсеткен жазу да екі өркениеттің арасындағы өзара ішкі байланыстың бар
екендігінің тағы бір айғағы.
Қазақ, жалпы түрік елдерінің ежелгі тарихына қатысты бай дерек көздері
Қытай
жылнамаларында сақталған. Міне, сол деректік материалдар соңғы
жылдары ғана қазақ тіліне (басқа түрік тілдеріне) аударылып, қолымызға тиіп отыр.
Сол Қытай деректеріне қарағанда түріктерде темір өңдеу, темірден және
басқа
металдардан бұйымдар жасау өнері өте ерте кезде даму алған. Қайсыбір дерек
көздерінің айтуына қарағанда, үзеңгі
–
осы орта азиялық түріклердің туындысы.
Қазақ
халқының тарихы мен мәдениеті әлемдік өркениет пен мәдениеттің құрамдас
бөлігі ретінде
өзіндік табиғи
-
ландшафттық жағдайларда
–
ерте кезден Батыс пен
Шығыс мәдениеттерін байланыстырып келген Еуразияның орталық
территориясындағы Ұлы Дала аумағында қалыптасты. Алтай, Алатау және Орал
тауларының арасындағы кең даланы мекен еткен Орталық
Азия халықтары мен
ертедегі тайпаларының палеолит, қола дәуірлерінен басталған мәдени дәстүрлері
54
жаһандық жалпыадамзаттық заңдылықтардың динамикасы ағымындағы
әлеуметтік
-
мәдени үдерістерді бастан кешіріп, номадизмге тән көшпелі мал
шаруашылығының
ықпалымен орнықты. Кейінірек толық құралып біткен төлтума
дәстүрлер жапсарлас жатқан халықтар мен елдердің мәдени әсерін бойына сіңіре
отырып, қазіргі мәдениеттанулық теориялық тұрғыдағы зерттеулерді талап
ететіндей күрделі және біртұтас феномен
–
дәстүрлі
этномәдениетті дүниеге әкелді.
Үш
мың жылға жуық тарихы бар көшпелі өркениет барысында қазақ халқы сыннан
өткен
теңдессіз бай рухани және мәдени мұраны артындағы ұрпаққа мирас етіп
қалдырды. Сондықтан, қазақ халқы мәдениетінің терең еуразиялық тамырларын
есте сақтаған жөн.
Түрік өркениетінің текті де
,
терең тамыры мен қазақ өркениетінің сабақтас
арналарын терең таразылаудың бірден
-
бір көзі
–
жазба мұраларды жіті зерттеу.
Еліміз тәуелсіздік алғалы ұлттық руханият пен тарихи жад жаңғырып, әлемдік
өркениет
құндылықтарының арнасына қосылу кезеңі жетіп, қазақ халқының
мәдени мұрасын жандандандыру қолға алынғалы бүгінде қазақ даласының
Абылай, Бұқар жырау, Кенесары, Махамбет, Мағжан, Шәкәрім және басқа
даналарымыздың аты жаңғыруда. Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени
мұраға деген көзқарасына қарай танып
-
бағамдауға болады. Қазақ тарихы
–
түріктердің далалық өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде ортақ мәдени
-
тарихи
құндылықтарға
ие. Өркениет өзегіне айналған өрелі ойлар мен толғамдарды, ортақ
құнды
мәдени сипаттарды әсіресе, ұлттың
генофондының негізін құрайтын
танымал тұлғалар шығармашылығы арқылы терең бағамдауға
болады.
Мемлекетіміздің егеменділігі, ұлттың сана
-
сезімінің өсуі мәдени және рухани
дәстүрлердің өсуіне өркендеуіне жағдайлар туғызып қана қоймай, оларды іске
асыруға мүмкіндіктер туғызып отыр.
Дулати ойлары ұлттық мәдениетімізде
ерекше орын алатын жыраулардың көзқарастарымен де үндесіп жататындығын
байқауға болады. Жыраулар поэзиясы
–
халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер
өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұрамыз. Жыраулар
поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман
-
мұратын,
кешірген ауыртпалықтарын жырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси
-
әлеуметтік
тіршілігін, ойсанасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де
бағалы. Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Жырау
-
ақпа
-
төкпе импровизатор, өлең сөзді қару еткен өнер адамы, халықтың қамын ойлай
білетін парасаты мол ел ағасы, бетің бар жүзің бар демей, тура айтар өткір әділ биі,
сәті келгенде жыр мен қаруды бірдей жұмсап, жауға аттанар жауынгері. Олар ел
тағдырын шешер ірі оқиғалар мен аса мәнді көкейтесті мәселелер жайында
толғаған. Халық өзгелерден гөрі қайғырғанда демеп, қуанышына қанат бітіретін,
ақыл қосатын асыл сөз иесі жырауларды қатты қадірлеген. Жыраулар әлеуметтік
мәні зор ірі, киелі мәселелерді жырлаған. ХV
-
ХVIII ғасырлардағы
ақындар мен
жыраулар елдік, ерлік, замана хақында толғаған. Олар өмірдің өтпелілігін жырлап,
ізгілік пен инабатты дәріптеген. Этика жайында да өшпес елеулі еңбектер
қалдырған. Заманның ойлы перзенті ретінде өмірдің сан алуан мәселелерін сарапқа
салып, гуманистік тұрғыда философиялық, дидактикалық тұжырымдар жасап,
атамекенді қорғап, ел бірлігін сақтау мәселесін көтерген. Ақын
-
жыраулар
мұрасында сол дәуірдегі талай тайпалар басынан өткен тарихи іздер сайрап жатыр.
Әр
дәуірдің ірі, іргелі оқиғалары, көрнекті адамдары тарихи тұрғыда нақты
дәлдікпен көрінбесе де, жыр жолдарында кездесетін адамдармен қарым
-
қатынасы,
55
олардың сыртқы да ішкі бейнесі анық байқалады. Мәселен, Асан Қайғы жырлары
арқылы Жәнібек, Шалкиіз арқылы Темір, Бұқар, Үмбетей, Тәттіқаралар арқылы
Абылай, Байтақ, Жанұзақ арқылы Жәңгірхан поэзия жолына жазылып, тарихтағы
мәшһүрлігі арта түссе, Дулати арқылы Тоғылық Темір ханнан бастап бір шоғыр
хандар, сұлтандар, басқа да түріклік империяда өзіндік орны бар тұлғалардың өмірі,
кісілігі, адамгершілік келбеті танылады.
Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау
элементтерінен бастап қазіргі замандағы толысқан философиялық теориясын
түгелдей қамтитын ұзақ та, жемісті философия тарихы мол орын алады. Оның
негізгі бағыттары ретінде тұрпайы
-
диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы
түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін моральдық
мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш
көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы т.б. мәселелерді
атауға болады.
Ақындар мен жыраулар саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар,
айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер
–
бәрі де өздері өмір сүрген
заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әртүрлі деңгейде,
бірақ жалпы алғанда жоғарылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының
қоғамдық, саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің
құрылымын
жасады. Олар арнайы реализм, білімнің негізгі жақтары, еркін ойлау,
кеңістік және пантейстік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық
-
зомбылыққа карсы күресу, құқығының саяси және философиялық жақтары,
мемлекет, қоғам, жеке адам мәні тағы басқалар еді. Осы аталған көзқарастар
сыңаржақтыққа, консерватизмге, тоқыраушылыққа және білімсіздікке, қазақ
халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы
бағытталды. Бұны да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік
ерекшелігі деп атап айтуға болады.
Қазақ
философиялық ойының тағы да бір ерекшелігі деп оның шынайы
Отансүйгіштігін, халқына деген сүйіспешілігін, оның бақыты, мүддесі және
болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан
-
жақты көрсете білуі керек дер едік. Жырауларға
,
ең алдымен
,
М.Х. Дулати осындай
ел қамын жеген қамқор және көреген сипатымен ұқсас
.
Жыраулар хан ордасында
тұрып, ханға кеңесші, сыншы боп, көбінесе, хан үкіміне қарсы шығып, ел басқару
ісіне араласса, Дулати да
үнемі хан
-
сұлтандарға халқы үшін қалтқысыз қызмет етіп,
жоғары атақтарды иеленді. Өзі де ел басқарды. Жаман болма, бауырым,
жамандарға амал бар. Онда алдыңнан шығады сенен де өткен жамандар
–
дегенді
өмір
кредосы ретінде ұстанған ойшыл адамгершілік, кісілік қасиеттер турасында
философиялық ойлар толғайды. Бұл айтылғандар жыраулар поэзиясында да өз
жалғасын табады [1;93 б.]. Бұлардан басқа Дулати тұжырымдары Бұқар жыраумен
де үндеседі. Дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ екендігін
атап көрсетеді. Мұндай
өзгерістер
тек тұрмыста ғана емес, адамды қоршаған орта табиғатта да жүріп
жатады.
Жоғалмайтын ештеңе жоқ әлемде, ешкімде,
Тек құл ғана қалады орынында көштің де,
Адам
-
фәни, өтеді айналасын қан қылып,
Дүниеде бір ғана, Алла ғана мәңгілік! [2; 487 б.]. Бұл жолдардан жырау мен
ойшылдың өмірге, өзіне қоршаған ортаға деген философиялық көзқарасы айқын
аңғарылады. Көзқарас
–
білімнің толықтырылған, қорытылған күнделікті өмірді
56
байқаудан, өткенді талдаудан, келешекті болжаудан туындайды. Бұқар қарапайым
тілмен емес, белгілі бір табиғат құбылысын нақты көрінісі мен оны дұрыс
қорытындылай
отыра, адам санасына объективтік шындық дүниені бейнелеп
жеткізеді.
Жыраулардың ойшылдармен егіз қозыдай ұқсас келетіні мәлім. Жалпы
алғанда, жыраулық толғау мен философиялық ойлардың төркіні ортақ. Жырау
толғауларына да дүниетанымдық ойларға да ел басына күн туғанда немесе басқа да
әлеуметтік
бейнелердің кең тынысты философиялық үрдісі тән болып келеді.
Ойшыл да, жырау да заман сынап, мезгіл, дәуір болжамын тарихи оқиғаның
мазмұнын, бағасын сөз қылумен бірге халқы қасіретке душар болған тарихи
бетбұрыстар заманында дүниеге келетін кесек оқиғаларды, ел бірлігі мен
ынтымақтастық сынды кең ауқымды ойларды жырлайтын өнер иелері болған.
Халқымыздың ұлттық дәстүрі бойынша, кісіні сыйлау, құрметтеу оның жақсы
мінез құлқын, адамгершілік қасиеттерін үйрену әрбір жастың парызы болып
табылады. Үлкен адамның алдынан қия өтпеу, үлкенді сыйлау, оған сәлем беру,
көңіліне қарау
–
адамгершілік борыш ретінде қалыптасқан дәстүрлер.
Кісілік өмір тәрбиесінің нәтижесінде қалыптасқан жеке адамның іс
-
әрекеті
мен мінез
-
құлқының жақсылық көрінісі.
Халық:
Адам болар баланың
Кісіменен ісі бар,
Адам болмас баланың
Кісіменен несі бар,
–
деп, кісілік дәрежеге жеткен адамның үлгі өнегесін
жоғары бағалап, одан үйренуді уағыздайды. "Ұлық болсаң
–
кішік бол,"
–
деп,
халық адамгершіліктің алғышартының бірі
–
кішіпейілділік
,
яғни үлкен адамның
беделі кішіпейілділікпен, парасаттылықпен, саналықпен, баянды болу керек деп
түйеді. Ойшыл жыраулардың даналығы, қалай дұрыс өмір сүрудің жалпы
ережелері мен қағидаларын нақтылы жағдаяттарға қолдана алуынан көрінеді. Бұл
мақсатта олар әдет
-
ғұрыптар, жөн
-
жоралғылар, дәстүрлі салт
-
саналармен қатар
ырымдар жүйесін де кеңінен пайдаланған. Өз кезегінде ырымдар жүйесі
адамдардың, жас ұрпақтың адами тәрбиесіне, мінез
-
құлқын қалыптастыруға зор
ықпал жасайды. Мысалы: «отқа түкірме», «күлді шашпа», «үй ішінде ысқырма»,
«көк шөпті жұлма, «бұлақтың көзін аш», "малды басқа ұрма", "қасқырдың атын
атама", "үйге кірген жыланды өлтірме", "босағаны керме", сияқты тыйым салу
жоралғылар ырымдар жүйесін құрайды. Оның үстіне қыз балаға "қырық үйден
тыю", үлкеннің алдын кес
-
кестемеу қажеттілігін
ескертеді. Мұның бәрінің
тәрбиелік мәні бар болғандықтан, әдет
-
ғұрыптармен қоса ауызекі ар іліміне
қосалқы
қызмет етеді деп білеміз. «Тарих
-
и Рашиди» еңбегі де тәрбиенің
талбесігіне айналар нақыл сөздерге толы. Жыраулар шығармашылығы мен ойшыл
еңбегінде "не жаман?", "не жақсы?", "не ғаріп?" сияқты риторикалық сұрақтар
маңайына топтасатын адамиланған табиғи болмыс хақындағы дүниетанымнан, яки
керісінше, адами болмыстың табиғиланған сипатынан келіп туындайтыны қаперге
алынады.
Дулати
дүниетанымының маңызды тұтқасы
–
әділдік болып келеді. Шындық
–
қоғамның
тұрақты дамуының басты кепілі және исламның негізгі әлеуметтік
принципі ретінде сипатталады. Ерлік пен елдік, отаншылдық пен сүйіспеншілік,
ынтымақ пен бірлік, жан тазалығы мен адал достық
–
бәрі де Мұхаммед Хайдар
57
Дулати шығармаларынан орын алған, осының өзі
–
болашақ ұрпақтарымыздың
бойына кісілік асыл қасиеттерді жинақтауға зор көмек беретін тәрбиенің бастау
көзі. Жақсылық, әділеттілік, достық, махаббат сияқты әмбебапты кісілік
қасиеттермен
қатар, М.Х. Дулати шығармаларында мұсылмандық, имандылық,
сауаптылық, тәубешілдік, рақымдылық және т.б. құндылықтар жайлы айтылады [3;
58 б.].
Далалық интеллектуализмнің жоғары деңгейіне баланған жыраулар
көзқарастарымен Дулати ойларының үндесуі
–
заңды құбылыс
.
Бұл ерекше бір
құбылыс
Ұлы Дала сахнасындағы көшпелілер театрына айналды. Бабырдың
айтуынша, энциклопедиялық білім иесі атанған Дулати әсіресе, ауыз әдебиетін
көп
оқығаны, оның «Жаһаннаме» поэмасынан да айқын аңғарылады. Өзін ақын ретінде
танытқан бұл поэмасының көркемдігі туралы зерттеулер жазылып, ұлттық
әдебиетке
қосқан үлесі бағамдалды. Демек, қазақ ақын
-
жырауларымен қабысып
жатқан Дулатидің философиялық ойлары, дүниетанымы төл философиямыздың
қалыптасуына
рухани негіз бола алады деп айтуымызға негіз бар.
Достарыңызбен бөлісу: |